Қазақ тілі туралы


Slide 1

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, -

деп өз өлеңінде С. Торайғыров жырлаған еді

Slide 2

Қалай ойлайсыздар, бұл өлеңде не туралы айтылған?

Әрине, тіл туралы. Қазақ тілі туралы.

Slide 3

Жоба тақырыбы: Қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып оқыту

№ 6 орта мектеп

Баптақ селосы

11 сынып оқушысы

Ляшкевич Кристина

Slide 4

Жобамның мақсаты:

мемлекеттік тілді насихаттау;

тіл үйренудегі шығармашылық қабілеттерімді қалыптастыру;

сөйлеу мәдениет деңгейін арттыру;

мақал-мәтелдердің мағынасын түсіну.

Slide 5

Зерттеу жұмысының міндеттері - Оқушылардың, менің доста-рымның сөйлеу тілінде пайдалануын белсендіруге және жеке өмірлік тәжірибесін кеңейтуге ықпал ететін тіл шығармашылығының біре-гей формасы, тіл туралы мақал-мәтелдердің мәнін ашу.

Зерттеудің болжамы - Қазақ тілінің cөйлеу мәдениетін, нақтылығын, байлығын анықтайтындығы жөніндегі болжам алынды.

Зерттеу пәні - Қазақ тілі.

Slide 6

Зерттеу әдістері - Талдау, бақылау, іс-тәжірибеде қолдану.

Жұмыстың нәтиже мен қорытындылар - жастарға тәлім-тәрбие

беретін, ұнамды үлгі қалыптастыратын қазақ

тілі туралы насихаттау; тіл туралы мақал -

мәтелдерді мектеп сабақтарында кеңінен

енгізу керек деген қорытындыға келдім.

Іс-тәжірибеде пайдалану аясы -

Қазақ тілін тек қазақ тілі мен

әдебиеті сабақтарында ғана емес, сонымен қатар басқа да оқу пәндерін оқыту іс-тәжірибесінде әсіресе, жастардың

сөйлеу тілінде пайдалану керек.

Slide 7

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Тіл - қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Slide 8

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т. б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған

Slide 9

Дүние жүзі тілдері мынандай төрт типке бөлінеді:

Даралаушы (аморфты) тип.

Яғни сөздерге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанбай, түбір күйінде қолданылатын тілдер. Бұларды кейде түбір тілдер деп те атай береді. Даралаушы типке қытай, въетнам, бирма, тай, тибет, малайя-полинезей тілдері жатады.

2. Қопарылмалы (флективті) тип.

Бұған орыс, неміс, араб, грек тілдер енеді.

3. Полисинтетикалық немесе инкорпоративті тип. Бұған палеоазиат (чукот, коряк, ительмен, эскимос, алеут, кет, нивх, юкагир) тілдері мен американдық үндістердің тілдері жатады.

Slide 10

4. Жалғамалы (агглютинативті) тип.

Бұлардың қатарына түркі тілдері, монгол тілдері жатады. Бұл тілдерге тән негізгі қасиеттер: 1) грамматикалық мағыналар түбірге қосымшалардың (аффикстердің) жалғануы арқылы беріледі; 2) қосымшалардың әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді; 3) ол қосымшалар бірінің үстіне бірі жалғана береді; 4) қанша қосымша қосылғанмен сөз түбірінің дыбыстық құрамы өзгермейді (сол күйінде қалады) . Мысалы:

Қанағат +тан+дыр+ыл+ма+ған+дық+ тар + ыңыз + дан

Slide 11

Қазақ және орыс тілдеріндегі айырмашылықтар

Қазақ әліпбиінде 42 әріп Орыс әліпбиінде 33 әріп

Slide 12

Дауысты дыбыстар

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді, орыс тілінде де солай.

Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, (у) .

Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, ү, и, (у) .

“У” дыбысы - бірде жуан (табу - найти), кейде жіңішке (теру - собирать) дауысты дыбыс болып келеді, кейде дауыссыз дыбыс рөлін де атқарады (раушан - роза)

Slide 13

Қазақ тілінде ерекше деп саналатын дыбыстар:

Дауысты дыбыстар - ә, ө, ұ, ү, і.

Дауыссыз дыбыстар - ң, һ, ғ, қ.

Slide 14

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыздар -

п, ф, к, қ, т, с, м, щ, х, ц, ч.

Ұяң дауыссыздар -

б, в, г, ғ, з, ж, һ.

Үнді дауыссыздар -

р, л, й, у, м, н, ң.

Орыс тіліндегі ұяң және қатаң дауыссыздар:

б-п, в-ф, г-к, д-т, ж-ш, з-с

сыңарлары бар

Slide 15

Сөз құрамы жағынын екі тілде де өзгешеліктер бар.

Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тіл болғандықтан сөздің түбірі белгілі бір мағынаны білдіреді: оқы - учись, оқу - учень-е, оқу - шы - ученик, оқу - шы - лар - ученики, оқу - шы - лар - мен - с учениками

Орыс тілінде приставка түбір сөздің алдына келіп, жаңа сөздер құрамына жасайды: дел деген түбірден: от - дел, от - дел - ить, пере - дел, раз - дел деген сөздер жасалынып тұр.

Slide 16

Зат есім Имя существительное

Кім? Кто?

тек адамдарға байланысты қойылады (қазақ тілінде)

жанды заттардың бәріне де қойылады (орыс тілінде)

Не? Что?

жан-жануарлар, өсімдік, өзен-су, қала, т. б. қойылады (қазақ тілінде)

өсімдік, өзен-су, қала, т. б. қойылады (орыс тілінде)

Slide 17

Қазақ тілінде род категориясы жоқ. Орыс тілінде 3 түрлі род категориясы бар: мужской род, средний род, женский род.


Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиетін оқыта отырып, оқушыларды шығармашылық өнерге баулу
Үш тұғырлы тіл
Пән оқытушысы
ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ
Тілге құрмет – елге құрмет
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Еуразия тілдері
Тіл туралы
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу жайы
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz