Медиабілім беруді дамытудың негізгі бағыттары




Презентация қосу
Медиабілім беруді
дамытудың негізгі
бағыттары
Медиабілім дегеніміз не?
Еуропа Одағының құжаттарында «медиабілім» (media education)
алынған ақпарат негізінде өздерінің ой-пікірлерін айтуға қабілетті,
ақпарат құралдарына сыни және өзіндік көзқарасы бар отандық
азаматтарды тәрбиелеу мақсатында медиақұзыреттілікті дамытуға
бағытталған оқу ретінде айқындалады. Бұл оларға қажетті ақпаратты
пайдалануға, оны талдауға, сондай-ақ ақпаратқа қатысты экономикалық,
саяси, әлеуметтік немесе мәдени мүдделерді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Медиабілім адамдарды хабарламаларды жасауға, коммуникацияға
мейлінше тиімді ақпарат құралын таңдауға оқытады. Медиабілім
адамдарға өздерінің ойларын және ақпаратты еркін білдіру құқығын
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл олардың жеке дамуына ғана әсер етіп
қоймай, сондай-ақ, олардың әлеуметтік тұрғыда белсенді атсалысуын
және интербелсенділігін күшейтеді. Бұл тұрғыдан алғанда медиабілім
демократиялық азаматтыққа және саяси түсіністікке дайындайды. Демек,
адам өмірінің барлық ағымында оқыту тұжырымдамасының бір бөлігі
ретінде медибілімді дамытқан тиімді болып табылады.
Медиабілімнің негізгі бағыттары:
а) қазіргі ақпараттық жағдайда жаңа ұрпақты
өмірге дайындау;
ә) әр түрлі ақпаратты қабылдауға, оны
адамның түсіне білуіне;
б) зардабының жүйкеге әсерін түсіне білуіне;
в) техника құралдарының көмегімен қарым-

қатынас жасау қабілетін игеруге үйрету
Медиабілімнің маңыздылығы мен
басымдығын айқындайтын себептері:
1. Медианы тұтынудың жоғары деңгейі және қазіргі қоғамда
бұқаралық ақпарат құралдарының шектен тыс көптігі.
2. Медианың идеологиялық маңыздылығы, өнеркәсіптің саласы
ретінде олардың аудиторияның санасына ықпалы.
3. Медиаақпарат санының жылдам өсуі, оны басқару және тарату
тетіктерінің күшеюі.
4. Негізгі демократиялық процестерге медианың ену интенсивтілігі.
5. Барлық салада визуалды коммуникация мен ақпарат
маңыздылығының артуы.
6. Болашақ талаптарға сәйкес бағдарланған оқушыларды,
студенттерді оқытудың қажеттілігі.
7. Ақпаратты жекешелендіруде ұлттық және халықаралық
процестердің ұлғаюы.
Медиабілім оқушылардың оқу-танымдық
әрекеттерінің мотивациясының артуына ықпал
етеді:
– мектепте медиабілім берудің белгілі салаларын тереңдетіп
оқыту үшін факультативтер ұйымдастыру («Медиа мәдениет
негіздері», «Компьютерлік графика, дизайн» т,б);
– оқыту мақсатында түрлі медиа-ресустарды пайдалану, жаңа
ақпараттық мәдениетті құру және дамыту;
– информатика кабинеттерін компьютерлендіру,
бағдарламалық қамтамасыз ету, интернетке қосу үрдістері
жүзеге асырылуы тиіс;
– мектеп баспасын – видео, веб-парақ, мектеп сайтын құру;
– мектептен тыс уақыттарда жаңа педагогикалық
технологияларды- қашықтан оқытуды, тестілеуді пайдалану.
Медиатека дегеніміз не?
Медиатека дегеніміз – мектептегі білім беру
үрдісіне қатысушылардың түрлі ақпарат
иелерінің ақпараттық ресурстарына
қолжетімді болу үшін құрылған ақпарат
орталығы.
Медиатеканы құрудың мақсаты – білім беру
үрдісінде қатысушылардың ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Медиатеканы ұйымдастырудың қағидалары
– қолайлы ақпараттық орта қалыптастыру.
Медиатеканың құрамдас бөліктері
төмендегілер:
– кітапхана-мәтіндер сақтау орны;
– фонотека-механикалық, сөйлеу,
магнитофондық және электрондық-
оптикалық дыбыс жазбалары;
– фильмотека-бейнетаспалар;
– ойын (игротека)-ойын залдары, ойындар,
автоматтар.
Медиабілім беру үрдісіне
қатысушылардың атқаратын
қызметтерінің түрлері:
Пән мұғалімдері
Оқушылар
Мектеп әкімшілігі
Техникалық мамандар
Ата-аналар
Пән мұғалімдері:
– педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер туралы
ақпараттар алады, оқытуға арналған интернет-
ресурстар;
– білім беру жобаларына, сайыстарға, викториналарға
қатысуда мектептің жұмысын ұйымдастырады;
– виртуалдік МББ аясында оқыту әдістемесі бойынша
ақпарат алмасады-веб парақтар, сайттар құрады
және басқа аймақтардан қолжетімді жаңаша білім
беру ресурстарын алады, педагогикалық интернет-
бірлестіктің жұмысына қатысады.
Оқушылар:
– оқу міндеттерін шешу мақсатында ақпараттарды
іздеп табады;
– олимпиадаларға, викториналарға , сайыстарға,
жобаларға қатысады;
– қашықтықтан тестілеуге қатысады;
– қолда бар білім беру ресурстарын оқу әрекетінде
пайдаланады (тренажерлер, репетиторлар,
энциклопедиялар, анықтамалық т.б);
– құрбы-құрдастарымен хат алысады.
Мектеп әкімшілігі:
– мектеп қызметкерлерінің бірлескен қызметін
ұйымдастырады, ортақ жоспар құрады және оны
жүзеге асырады;
– әртүрлі ұйымдардың жетекшілерімен және басқа
қызметкерлерімен байланыс орнатады;
– жұмыс нәтижелерін мектеп сайтында
жариялауды ұйымдастырады;
– мектепке арналған құрал-жабдықтарға, оқу-
құралдарына, білім беру материалдарына тапсырыс
береді.
Техникалық мамандар:
– мектептің локалді желісінің қызметі мен интернет-
қызметті қамтамасыз ету;
– ақпараттың сенімді сақталуын, сондай-ақ мектептің
жергілікті желісінің антивируспен қорғалуын
қамтамасыз ету;
– барлық жұмыс орындарынан интернетке шығу
мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Ата-аналар:
– өз балаларының білім алу барысы мен мінез-
құлқын білуі тиіс;
– балалардың оқу жобаларымен танысу;
– нормативтік, медициналық және педагогикалық
ақпараттармен танысу;
– сынып жетекшісімен электрондық пошта арқылы
байланыс жасау.
Медиатеканың материалдық –техникалық
базасы төмендегідей болады:
– кітапхана – кітапханашының тұрақты жұмыс орны, ол компьютерлік каталогі
бар компьютермен және көшірме техникалармен жабдықталуы тиіс;
– видеотека – оқу бейне таспаларының қорын қалыптастырады және
бейнеақпараттармен дара және топтық жұмыс орындарын ұйымдастырады,
бейнемагнитофондармен , бейнекамералармен, теледидармен қамтамасыз
етіледі және оларды пән кабинеттеріне қосады;
– фонотека – магнитафон жазбаларының, СД дискілер, тыңдау
аппаратуралары қорын құрады, дара және топ бойынша (наушникпен)
тыңдау жұмыстарын ұйымдастырады;
– диатека – диафильмдер мен диапозитивтер (слайдтар) көрсетіледі, топтық
және дара көрсетілімдерге арналған орындармен жабдықталады;
– компьютерлік жұмыс аймағы – оқушылардың немесе мұғалімдердің
компьютермен дербес жұмыс істеу орны.

Ұқсас жұмыстар
Объективті ақпарат
Медиа білім берудегі медиамәдениеттің рөлімен таныстыру
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы
Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау
Психологиялық - педагогикалық қолдау
Инновация ұғымы
Бағдарлама туралы
Денсаулық 2020 бағдарламасы
Президенттің Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы және оның маңызы
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту
Пәндер