Мінезі - тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш
Презентация қосу
Шаттық шеңбері:
«Сені көргеніме
қуаныштымын,
себебі...»
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын
көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
Мінез – адам
көрсеткіші
Тышқан жылы туылғандар
Олар үсті-басын таза ұстап, сақ
жүреді. Думан-той, ырду-
дырдудан бойын аулақ салуға
тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл
нәрсеге өкпелегіш.
Сиыр жылы туылғандар
Ұстамды келеді. Туғантуыстарының,
өзінің қай-ғысына қатты күйзеліп,
кім-ге болсын көмегін аямай- ды.
Кейде бұл қылығы өзіне зиянын
тигізеді.
Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез-келген нәр-седен
үрейленеді, сыр сақтауға олақ.
Маңызды істе өз бетінше шешім
қабылдай алмайды. Қашанда
көңіл-күйіне қарай әрекет ететін
жан.
Барыс жылы туылғандар
Қызба мінезді, ашулан-шақ,
басқаға билік жүр-гізгенді
ұнатады, ешнәр-сеге көңілі
толмайды, бір істі қолға алса,
бөгет болған адамдарды
ұнатпайды, оларды беттен алып,
рен-жітіп тастайды.
Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге
тыры-сатын, байсалды, құпияны сақтай
білетін, көбінесе үнсіз жүруді ұнататын
адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару
келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша
шешуге ұмтылады.
Жылан жылы туылғандар
Сырт көзге ұяң, маңызды істерден
қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты
жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді.
Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі.
Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы
мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап
алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.
Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты.
Жұмыстан ешқашан да жалықпай,
таңертеңнен кешке дейін бір тыным
тап-пайды. Әйтеуір, күні бойы ты-
пырлап, мазасыз күй кешеді.
Қой жылы туылғандар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған
бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде
өзіне де, жанында жүргендерге де қа-
уіпті. Өзін жарға жығатын мінезі –
шешімді тым асығыс
қабылдайтындығы.
Мешін жылы туылғандар
Олар - өзіне-өзі ғашық
жандар. Сәнқой, ырду-
дырдуы көп көңілді бас
қосуларды ұнатады. Өзін
өзгелерден артық санайды.
Тауық жылы туылғандар
«Үйкүшік». Үй-үйелменіне
қамқор болып, кез-келген
адаммен тез тіл табысады,
отбасында адал. Ақыл-ойы
бір басына жетерлік.
Ит жылы туылғандар
Мінезі сөзшең, талас-тартыс,
дау-дамайға лезде араласып
кетеді. Оны өзі де білмей қалады.
Алайда еш-кімге зияны жоқ.
Доңыз жылы туылғандар
Оңаша, табиғат аясында, бау-
бақшада еңбек еткенді, көңілді
кештерге қатысқанды ұнатады.
Көп нәрсеге басын қатырмайды,
ол жөнінде көп ойланбайды.
Отбасында бала-шағасы көп
болады.
Желтоқсан айында туылғандар Олар – сезімтал және кө-
ңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған адамдар ашуланғанда
өзін-өзі ұстап тұра ал-майды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып,
айқай-шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағым-
сыз жайларға жиі себепкер болады. Бірқалыпты өмірден тез
жалығады, қызуқанды, дос-жолдастарының көп болғанын
қалайды.
Қаңтар айында туылғандар шыдамды да жігерлі. Тағдырдың
қандай тауқыметін тартса да туған- туыстарына салмақ
түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық
танытады.
Ақпан айында туылған-дар тік мінезді, ұстам- сыздық
танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне бай-ланысты өзгеріп
отырады. Жан-дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды
біл-меу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны
өтеген соң қынжылмай ұмы-тып кету. Бұл айда туылғандар
кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді
менсінбейді, үнемі ақкөңілді- лік, мейірімділік таныта қой-
майды.
Наурыз айында туыл-ғандар Олар - өте сезімтал және
әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мойығыш, бұл қызметтегі өсуі-
не басты кедергі. Егерде мойығыш, уайымшылдығын қо-
йып, бірбеткейлік, табандылық танытатын болса, ал-
майтын асуы аз.
Сәуірде туылғандар Көкек (сәуір) айында жарық дүние
есігін ашқандар-дың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына
жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез
қабыл-дайды, өзіне-өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін,
жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс
жағдайы оларды қатты толғандырады. Бірқалыпты өмір
сүргенді қалайды.
Мамырда дүниеге келгендер кекшіл, өзіне жамандық
жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды.
Маусым айында туыл-ғандар уайымшыл, жаны тез жараланғыш,
өз істеріне байыппен, сергектікпен қарайтындар. Дарындылық
пен алғырлық, мейірімділік мінез- құлқына, бойына тән қа-
сиеттер. Жақындары мінез-құлқын көп тани бермеуі, оларды
тұйық санауы мүмкін. Олар туыстарының олай ойлауына жол
бергенімен, сырт адамдармен ашық-жарқын қарым-қатынаста
болады, шешіліп сөйлеседі. Дау-дамайды ұнатпайды, одан бойын
аулақ ұстайды.
Шілде айында туылғандар - өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз
болып келеді. Тәкаппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді. Алайда
дос, жолдас, құрбыларының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс.
Тамыз айында туылғандар – бірбеткей, қуатты, әсершіл.
Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал. Бұл айда дүние есігін ашқан
ерлер – сезімтал, ай-наласындағылардан мақтау күтетін, өзін
сынағандарды жек көретін, көбінесе алғашқы отбасысы ұзаққа
бармайтын жандар.
Қыркүйек айында туылғандар – қызуқанды, әсершіл, мақсат
қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін-өзі жақсы
көретін, есепке өте жүйрік жандар. Үнемі алдына белгілі бір мақсат
қойып, соған жетудің жолын іздестіріп жүреді.
Қазан айында туылғандар – қарапайым. Бұл олардың басты
ерекшелігі. Қазанда туылған ерлер өтірікке жақын, оның сөзінің
қайсы шын, қайсы жалған, сезу қиын. Ақылды да достықты жоғары
бағалайтын, қаржымен байыпты жұмыс істейтін, шешімді көп
ойланып қабылдайтын, оның алдында ақылды адамдармен сөйлесіп
алатын, алай-да көбінесе өз көзқарасын дұрыс санайтын адамдар.
Қазанда туылған әйелдер – принципшіл. Сатқындық пен екіжүзділікті
кешірмейтін, есте сақтау қабілеті жоғары, өмір бойы шаңырағының
шайқалмауы үшін күресетін жандар. Үй шаруасына пысық. Өзін
сынағандарды жек көреді.
Қараша айында туылғандар есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін
ұнамсыз істерге де баратын, қасындағыларға сараң болғанымен,
соңғы ақшасына қыдыруға әзір адамдар. Содан қаржы тапшылығын
жиі көреді, бірақта одан қорытынды шығармайды.
Сергіту сәті
Мінезімнің Мінезімнің
жақсы міндері
жақтары
«Жақсы мінез бітпес
байлығың, жаман
мінез-өмірлік азабың»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz