Наурыз мейрамының тарихы


Slide 1

№35 М. Мәметова атындағы жалпы орта мектебі

Усенова Гульбану Саматовна

қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Slide 2

Ғылыми жұмыстың тақырыбы.

Наурыз мейрамы.

Slide 3

Ойы күн мен түн

Мақсатымен -мәні:

Тепе-теңдік, Ұлыс тойы Күн мен түн, қыс пен жаз тепе-теңдікте келген сәттен бастап тойланады. Осыған сәйкес наурыз тойы жаратылысты қоршаушы күштердің, алдымен табиғат пен қоғамның, екіншіден ел мен елдің, үшіншіден қоғамдағы әлеуметтік топтардың тепе-теңдігін сақталуын талап етеді.

Slide 4

Мемлекеттік мейрам

Наурыз мейрамы Қазақстанда - сол көктемнің жаңаша өмір және тұқымның сабақтасының символымен тарихи байланысты мейрамы.

Наурыз мейрамы-ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың 22 күні түннің теңесуі кезінде келеді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз Халықаралық Наурыз күні болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқаш түбегінде, Қара теңіз аралында, Кавказ және Таяу шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын мәлімдеген.

Slide 5

Наурыз мейрамы қазақтың басты тойлайтын мейрамы. Наурыз мейрамын тек 22-не емес бүкіл наурыз айы тойлайды. Наурыз айында дүниеге келген ұл балдарды Наурызбек, қыздарды Наурызгүл деп азан шақырып ат қояды.

Slide 6

Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің.

Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықтан аттап үйге енгенде, »Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. » Береке басынан басталады» демекші, » Жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады. Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын жауын-шашын көп болсын» деп Қызыр түні ыдыс атаулыны ырысқа бидай, тары, сұлы, арпа, жүгері т. б аққа -сүт, айран, шұбат, уыз және кәусар бұлақ суына толтырады

Slide 7

Наурыз мейрамының басты тағамы.

Наурыз көже-келер жылы молшылықтың жарғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегенде жеті түрлі дәм қосады. (бидай, тары, құрт, сүт, су, күріш, ет) сияқты азықтық заттар қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап тағам түрін көбейте беруге болады. Құрт пен қатықтың қай-қайсысы да сүттің орнын толтырады. Наурыз көжені халық арасында (тілеу көже( деп те атай береді.

Slide 8

Наурыз мейрамы әрдайым қуанышқа толы мейрам. Жастар әткеншек алтыбақанның басына жиналады. Барлығы ән айтады, билейді, ұлттық ойындар ойнайды. Наурызда жігіттер арасында күрестер, көкпар шабады және жігіттер мен қыздар қызқуу ойналады. Наурызда ақындар бәстеседі.

Наурыз - бірліктің мейрамы.

Slide 9

Наурыз - елдің ескі мейрамы

Наурыз мейрамы-ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазір күнтізбе бойынша наурыздың 22 -сі күн мен түннің теңесуі кезінде келеді. Көне парсы тілінде Нова-жаңа+рәзаңһ-күн, жаңа күн мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған Но-жаңа, роуз-күн, мағынасы жаңа күн, яғни жаңа жылды күн өсуін белгілеуді білдіреді.

Slide 10

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі

2010 жылдан бастап. Жалпы Наурыз Парсы, Кавказ және Түрік халықтарының

арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елінде және Әзірбайжанда мемлекеттік

Мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда-22 наурызда, Өзбекстан мен Туркияда

21 наурыз күні аталып өтіледі.

Slide 11

Наурыз мейрамының тарихы

Наурыз -көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «су патрих», бармалықтар «гүл мейрамы», тәжіктер» гүл гардон», «бәйшешек», »гүлнаурыз», Хорезмдіктер» наусарджи», Татарлар» нардуган», Буряттар»сагаан сара», Сағдылықтар «наусарыз», Армяндар»новосардиә, Чуваштар» норис ояхе» деп түрліше атаған.

Slide 12

Наурызды біздің күндерде. UNESCO 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.


Ұқсас жұмыстар
Көрісу күні
Наурыз мейрамы
Наурыз- жыл басы туралы
Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем.
Қой атасын ата
Азамат соғысының алғышарттары
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
Ата - ана жайлы
Ананың ізін қыз басар
Түркістан автономиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz