Балалар ойыны: достық, жауапкершілік және даулы жағдайларды шешу


Slide 1

Ойнай білу де-өнер

Slide 2

Шаттық шеңбер

Slide 3

Айгөлек әні

Slide 4

Көлдей шалқып жас өмір

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміскүлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?

Айгөлек-ау, айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айгөлек деп ән шырқап

Ел бөбегі кел бөбек.

Асыл сөздің ұстазы-

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз

Slide 5

1. Аяқталмаған ойын

Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Ахметовтер де бар.

Ақан мен Асан екеуі бір шанаға отырып алып, таудан төмен зымырайды. Беттері қызара бөртіп, сырғанап ойнаудан жалығар емес.

Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырлып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді.

Алысқа барып бір-ақ тоқтады.

-Ақан, сен барып шананы алып кел, -деді інісіне Асан.

-Мен бармаймын. Шанаға ие болмаған өзің, сен бар, -деді Ақан.

-Жоқ. Сен барасың. Сен менен кішісің, -деді Асан.

-Бармаймын. Үлкенмін деп жұмсай бересің, шананы да үнемі мен сүйреймін.

-Бармасаң, сырғанақ тепкізбеймін.

Сөзі өтпеген Асан ашуланып төменге түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай бет алды.

Ақан не істерін білмей, тау басында аңырап тұрып қалды.

Тіл табыса алмаған Ахметовтердің ойыны осылай аяқталмай қалды.

Сендердің ойларыңша ойынды қалай аяқтауға болады?

Slide 6

2. Кім ақылды?

Ерден мен Еркебұлан бірігіп жап-жақсы ойнап жүр еді. Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп, түйісіп қалды.

Ерден бас жоқ, көз жоқ:

-Мен саған жол бермеймін!-деп қасқайып, безеріп тұрып алды.

Ал Еркебұлан:

-Мен соған бола ерегіскім де, ойынды бұзғым да келмейді. Сен өте бер, -деді де оған жол берді.

Ерден мен Еркебұланның әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

Slide 7

3. Ойнамаймын.

Бір топ бала асық ойнап жүр еді. Аслан қайта-қайта жеңіле берді. Қолындағы бар асығын ұтқызып алды. Ызаға булыққан ол жылап жіберді де:

-Мен сендермен енді ойнамаймын. Сендер қарау ойнайсыңдар!-деп бұрылып кетіп қалды.

Сендердің Асланның әрекетіне деген көзқарастарың қандай?

Slide 8

СЕРГІТУ СӘТІ

Slide 9

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан гүл жасайық.

Жаса-жаса алтын күн,

Жаса-жаса жарқын күн.

Slide 10

ДӘЙЕКСӨЗ

“Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам”

Сенека.

Slide 11

ОЙЫН

Енді біз жақсы қылықтарымызды айтып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіреміз.

Slide 12

Оқушылар бүгінгі сабақтан не ұқтыңдар, қандай ой түйдіңдер?

Достық дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Slide 13

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ


Ұқсас жұмыстар
Басқарушылық қақтығыстар: себептері, түрлері және даулы жағдайларды шешу стратегиялары
Буллинг және қақтығыстарды шешу: анықтама, түрлері, рөлдері, құқықтық жауапкершілік және қақтығысты реттеу әдістері
Достық пен адалдық: сынып сағаты үшін сабақ жоспары
Дос және достық: 4-сыныпқа арналған сынып сағаты жоспары
Достық: мәні мен түрлері, оқушыларға арналған сабақ жоспары
Достық: түсінігі, түрлері және сенімнің рөлі
Достық: анықтамасы, қасиеттері және тәрбиелік аспектілері
Оқушылар арасындағы достық: түсінігі, моральдық жағдаяттар және сыныптық тәрбие жаттығулары
Достық пен махаббат: сенім, адалдық және ұлттық-рухани құндылықтар
Шынайы достық: әлеуметтік, моральдық және діндік аспектілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz