Отбасындағы балалар құқығы
Презентация қосу
Қош келдіңіздер!
Ашық сабақтар
Сабақтың тақырыбы:
Отбасындағы ерлі-
зайыптылардың, ата-
аналардың, балалардың
құқықтары мен
міндеттері Ашық сабақтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылар білімін тиянақтау,
өмірмен, ата-анамен байланыс орнату.
Дамытушылық: оқушылардың өзіндік
ой-өрісін, іскерлік дағдысын, қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: заңды құрметтеуге,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Сабақтың нәтижесі:
1. Отбасы мүшелерінің құқықтары
туралы мәліметтер алу.
2. Отбасы мүшелерінің міндеттері
туралы мәліметтер алу.
3. Алған мәліметтерін шынайы
өмірмен байланыстыра білу.
Ашық сабақтар
Түйінді идея:
1. Отбасы мүшелерінің құқықтарын
анықтайды.
2. Отбасы мүшелерінің міндеттерін
анықтайды.
3. Неке шартына түсініктеме береді.
4. «Неке және отбасы туралы» ҚР
заңының кейбір баптарын
талқылайды.
Ашық сабақтар
Психологиялық тренинг
«Отбасы тәрбиесі...»
Ашық сабақтар
Неке және отбасы туралы
1998 ж. 17 желтоқсандағы № 321-I
Қазақстан Республикасының Заңы
7 бөлім, 213 бап
Ашық сабақтар
28-бап. Ерлi зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң
туындауы
Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi азаматтық
хал актiлерiн жазу органдарында некеге тұру мемлекеттiк
тiркелген күннен бастап туындайды.
29-бап. Ерлi-зайыптылардың отбасындағы теңдiгi
1. Ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең
мiндеттер атқарады.
2. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсiп түрiн,
тұрғылықты жердi таңдауда ерiктi.
3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру
мәселелерi мен отбасы өмiрiнiң басқа да мәселелерiн ерлi-
зайыптылар бiрлесiп шешедi.
4. Ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара
сыйластық және өзара көмек негiзiнде құруға, отбасының игiлiгi
мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына,
өсiп-жетiлуiне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық
жасауға мiндеттi. Ашық сабақтар
30-бап. Ерлi-зайыптылардың тек таңдау құқығы
1. Некеге тұру кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi
бойынша ортақ тек ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн
таңдап алады не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң
некеге тұрғанға дейiнгi тегiн сақтап қалады, не өз тегiне
екiншi жұбайдың тегiн қосады.
Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некеге тұрғанға
дейiнгi тегi қосарлас болса, тектердi қосуға жол
берiлмейдi.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншi
жұбайдың тегiн өзгертуiне әкеп соқпайды.
3. Неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар ортақ тектi
сақтауға немесе өздерiнiң некеге тұрғанға дейiнгi тегiн
қалпына келтiруге құқылы.
Ашық сабақтар
31-бап. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi ұғымы
1. Егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың
бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды
режимi болып табылады.
2. Ерлi-зайыптылардың шаруа (фермерлiк) қожалығы
мүшелерiнiң бiрлескен меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену,
пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 224 және 225-баптарымен
белгiленедi.
32-бап. Ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi
1. Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлiк олардың
бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған
кезеңде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi
жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке кiрiсi
болмаған жұбайға да тиесiлi.
Ашық сабақтар
52-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және
тәрбиелену құқығы
1. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
2. Әрбiр баланың мүмкiн болғанынша отбасында өмiр сүруге
және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы,
олардың қамқорлығына құқығы, өзiнiң мүдделерiне қайшы
келетiн жағдайларды қоспағанда, олармен бiрге тұруға құқығы
бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуiне, оның мүдделерiн
қамтамасыз етуiне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, оның адамдық
қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан
айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың
басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену
құқығын осы Заңның 13-тарауында белгiленген тәртiппен
қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етедi.
Ашық сабақтар
67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
1. Егер ата-аналар (олардың бiреуi):
1) ата-ана мiндеттерiн орындаудан, оның iшiнде алимент
төлеуден қасақана жалтаратын болса;
2) өз баласын перзентханадан (бөлiмшесiнен) не өзге де
балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден
алудан дәлелдi себептерсiз бас тартса;
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
4) балаларға қатыгездiк көрсетсе, оның iшiнде олардың денесiне
немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың
жыныстық пәктiгiне қастандық жасаса;
5) заңдарда белгiленген тәртiппен маскүнемдiкпен,
нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған
болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкiн.
2. Өз балаларының не жұбайының өмiрiне немесе денсаулығына
қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың
бiреуi) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкiн.
Ашық сабақтар
•1 топ:
Отбасындағы ерлі-зайыптылардың
құқығы. Мүліктік құқықтары.
•2 топ:
Неке шарты. Қорғаншылық және
қамқоршылық белгілеу.
•3 топ:
Отбасындағы балалар құқығы. Ата-
ана құқықтарынан айыру. Ашық сабақтар
1. Отбасында ерлі-зайыптылардың қандай
құқықтары мен міндеттері болады?
2. Ерлі-зайыптылар арасындағы жеке
қатынастар қандай ұстанымдарға сай
жүзеге асады?
3. Ерлі -зайыптылардың ататегін біріктіріп
жазуға заң рұқсат ете ме?
4. Неке шартын жасау не үшін қажет?
5. Жұбайлар арасындағы ортақ мүліктік
құқықтар қай кезден пайда болады?
6. Жұбайлардың қандай мүлкі жекеменшік
деп танылады?
Ашық сабақтар
Азамат Айтжалина азамат Бақтыгереевпен заңды
некесін тіркеу барысында, өзінің күйеуінің ататегін
алатынын жариялайды. Оның өтініші
қанағаттандырылған. Аз уақыт өткен соң өзінің некеге
тұрғанға дейінгі ататегін қалдыруды, бұл шешімге
келуіне 14 және 16 жастардағы балаларының
қарсылығы негіз болғанын көрсеткен.
30-бап. Ерлi-зайыптылардың тек таңдау құқығы
1. Некеге тұру кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi
бойынша ортақ тек ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн
таңдап алады не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы
өзiнiң некеге тұрғанға дейiнгi тегiн сақтап қалады, не
өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосады.
Ашық сабақтар
Г.Арсланова А.Ізбасовпен некесін бұзу және ортақ
мүлікті бөлу жөніндегі талаппен сотқа шағымданды.
Сот отырысында жауапкер бөлінуге жататын
заттардың қатарында жұмсақ жиһаз, алтын жүзік,
білезік, т.б. Арсланованың ата-анасы тойға сыйлаған
мүліктердің көрсетілмегенін айтады. Сот аталған
заттардың той күні екеуіне тарту етілгенін анықтаған.
34-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi
1. Мыналар ерлi-зайыптылардың әрқайсысының
меншiгi болып табылады:
13) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын
қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлi-
зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып
алынса да, жеке пайдалану заттары (киiм-кешек,
аяқкиiм және басқалар). Ашық сабақтар
Қажиеваның қызы Ғания 3 жыл бойы балалар
үйінде тәрбиеленген. Үш жылдан соң Қажиева қызын
өзне қайтарып алған, бір жылдан соң көршісі
жергілікті әкімшілікке Қажиеваны ата-аналық
құқығынан айыру туралы арыз берген. Арызда оның
бала тәрбиесімен айналыспайтыны, ішімдікке
әуестігі, қызының киімі, тамағы, т.б. қажеттіліктері
жоқтығы, кейде далада түнеп жүретіні көрсетілген.
Аталған жағдайлар ата-ана құқығынан айыруға
негіз бола ала ма? Ата-ана құқығынан айыруды қай
орган қарайды? Ата-ана құқығынан айыру талабын
кімдер қоя алады?
67-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру.
Ашық сабақтар
Ашық сабақтар
Үйге тапсырма:
§30. Отбасындағы
алименттік
қатынастар
Ашық сабақтар
назар аударғандарыңызға көп-көп рахмет !
Ашық сабақтар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz