Махаббат кірпіші



«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл-Фараби

Отбасы -тәрбиенің ұясы
Ата-аналармен өткізілген тренинг

Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік қасиеттерді дамыту;
Құндылық: Сүйіспеншілік

Кіріспе
Ата- ананың басты қуанышы-бала. Ата-ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде жетілдіру.
Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін-ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

«Балаңызға деген сүйіспеншілік» ойыны.
Баланың жан дүниесі - бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қасиеттері мен құндылықтары болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда қағаздан жасалған жүрекше бар. Сол жүрекшенің ішіне жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.
Қорытынды: Ата-ананың махаббаты, мейірімі, қамқорлығы, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт. Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйрете біліңіздер.

«Отбасылық махаббат үйі»» дидактикалық ойыны
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, сабырлық, көмектесу, шыншылдық, адалдық сияқты үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар, бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй тұрағызамыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары
1. «Парасатты» кірпіші
Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2. «Достық» кірпіші
«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасы ұясы
3. «Махаббат» кірпіші
Мимика арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізіңіз.
4. «Тапқырлық» кірпіші
Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

Сұрақ: Ойын сізге несімен ұнады?
Қорытынды: Отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала -бақыт. Сондықтан ата-ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығына жолын ашады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Сондықтан құрметті ата-аналар балаларымыздан сүйіспеншілігімізді аямайық.

Бала мен алма ағашы
ертегіден үзінді
Сұрақ:
1. Ертегі мазмұны сізге қандай ой салды?
2. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы не айтар едіңіз?

“Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді”
Егер:
Баланы үнемі сынай берсе,
неге үйренеді бала?
ол жек көруді үйренеді .
Баланы мұқата берсе,
неге үйренеді бала?
Баланы мақтаса,
неге үйренеді бала?
Баланы қолдаса,
неге үйренеді бала?
Баланы жазғыра берсе,
неге үйренеді бала?
ол тұйық болуды үйренеді .
ол игілікті болып үйренеді.
ол өзін бағалауды үйренеді.
ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді .

“Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді”
Егер:
Бала шыдамдылықта өссе,
неге үйренеді бала?
басқаларды түсінуге тырысып үйренеді .
Бала адалдықта өссе,
неге үйренеді бала?
Бала қауіпсіздікте өссе,
неге үйренеді бала?
Бала қастастықта өссе,
неге үйренеді бала?
Бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе,
неге үйренеді бала?
әділетті болуға үйренеді .
адамдарға сенуді үйренеді .
басқыншыл болып үйренеді .
ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді .

Құметті ата-ана!!!
Бала - біздің өміріміздің ең үлкен құндылығы.
Оны түсінуге, оны тани білуге, оны сыйлай білуге тырысыңыз. Оның күнделікті мінез-құлық сызығында тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін ұстаныңыз.
Балаларымыздан жүрек жылуы, сүйіспеншік, мейірімділік, қамқорлығымызды және бала мейірін өсіретін жылы сөзімізді айта жүрейік!!!

Балаға «Айналайын» деп айтудың
77 мүмкіндігі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz