Динамика негіздері: 9-сыныпқа арналған жүйелеу сабағы


Slide 1

“Динамика негіздері” тарауын қайталау сабағы

Сыныбы: 9 “ә”

Мұғалімі: Стамғазиева Ақсамал Жұмажанқызы

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың денелердің бір-бірімен әсерлесуін зерттейтін динамика тарауы бойынша білімдерін жүйелеу, қорытындылау.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Slide 3

Сабақтың типі: жүйелеу сабағы

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: сын тұрғынан ойлау технологиясы

Көрнекіліктер: слайд, оқулықтар, плакат, топшамалар, стикерлердегі тапсырмалар

Slide 4

Тарауға шолу (лездемелерге шолу)

Инерциялық санақ жүйесі- денеге басқа даналар әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі.

Динамика - денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.

Күш- денелердің әсерлесу мөлшері.

Ауырлық күші-F=ma

Серпімділік күші- дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.

Үйкеліс күші- денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.

Тіректің реакция күші- тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.

Slide 5

Теңәрекетті күш- денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.

Инерттілік- дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті

Дененің массасы- оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.

Ньютонның ІІ заңы- а=F/m

Ньютонның ІІІ заңы- F=-F

Галилейдің салыстырмалық принципі- барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді. Басқаша айтқанда, барлық инерциялық санақ жүйелері бірдей құқылы.

Бүкіләлемдік тартылыс заңы- екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.

6, 67*10-11 Н*м2/кг2- гравитациялық тұрақты.

Slide 6

Қапшықтағы есептер

90Н күш денеге 1, 2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу береді? (Жауабы: m= F1/a1=90/1. 2=75кг F2=m*a2= 75*3=225H)

Массасы 60т, ал моторларының тарту күші 90кН болатын реактивті ұшақ ұшар кезінде қандай үдеумен қозғалады? (Жауабы: a=F/m=9/6=1. 5м/с2)

Массасы 4т жүгі жоқ автомобиль 0, 3м/с2 үдеумен қозғала бастады. Егер тарту күші сондай болғанда орнынан 0, 2 м/с2 үдеумен қозғалатын автомобильдің жүгі қандай? (жауабы: F=m1*a1=4000*0. 3=1200 Н m2=F/a2=1200/0. 2=6000кг m=m2-m1=6000-4000=2000кг=2т)

Slide 7

Әрқайсысының массасы 80 т екі вагон бір-бірінен 1 м қашықтықта тұрғанда қандай күшпен тартылады? (жауабы: F=82*6. 67*10-11/12=426. 88*10-3=0. 43H)

Әрқайсысының массасы 1000 кг. Тартылу күші 6, 67*10-9 Н болатын екі дененің арақашықтығы қандай? (жауабы: r2= g*m1*m2/F=6. 67*10-11106/6. 67*10-9=104 м2 r=100м)

Ғарышкер Айға қонды. Оны Ай да, Жер де тартады Ғарышкердің Айға тартылу күшіне, Жерге тартылу күшіне қарағанда неше есе артық?Айдың радиусы 1730 км-ге тең.

Slide 8

Стикердегі сұрақтар

І топ- Ньютон заңдары

ІІ топ- Күш

ІІІ топ- Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Slide 9

Кестені толтыру

Күш, Н

Масса, кг

Удеу, м/с2

?

0, 15

0, 3

0, 045

0, 45

?

0, 5

0, 45

?

Күш, Н

Масса, кг

Удеу, м/с2

?

0, 25

0, 3

0, 045

0, 5

?

0, 8

0, 45

?

Күш, Н

Масса, кг

Удеу, м/с2

?

0, 05

0, 3

0, 045

0, 4

?

0, 9

0, 45

?

Slide 10

Ыстық орындық

Slide 11

Бағалау

қ/с

Оқушы аты

Тарауға шолу

Қапшықтағы есептер

Стикердегі сұрақтар

Ыстық орындық

Барлық ұпай

1

2

3

4

5

6

Slide 12

Үйге тапсырма

есептер жинағы- 8, 29-8, 30

тараудың түйінді мәселелерін жаттау

Slide 13

Қорытынды

Оқушылар «Динамика негіздері» тарауы бойынша алған білімдерін сабақта көрсете алды. Білімдерін тиянақтап, динамика тарауына есеп шығара алады.


Ұқсас жұмыстар
8-сыныпқа арналған квадрат теңдеулерді жүйелеу сабағы
Қазақстанның экологиялық проблемалары: 9-сыныпқа арналған биология сабағы
9-сыныпқа арналған танымдық сайыс сабағы: Қызықты қазақ тілі әлемі
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі және атом құрылысы: 8-сыныпқа арналған білімді жүйелеу сабағы
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Кинематика және динамика негіздері: қорытындылау сабағының жоспары
Күш, масса және Ньютонның екінші заңы: 9-сыныпқа арналған ашық сабақ
Сан есім: 2-сыныпқа арналған қайталау сабағы
9-сыныпқа арналған ашық сабақ: Металдардың химиялық қасиеттері
Орталық Қазақстан экономикалық ауданы: 9-сыныпқа арналған экономикалық-географиялық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz