Қазақ отбасының тірегі кім


Slide 1 Slide 2

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Н. Назарбаев

Slide 3

Жиырма тоғызыншы қазан

Тәрбие тал бесіктен басталады

Slide 4

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ отбасының тәрбиесі туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.

Дамытушылық: грамматикадан алған білімдері жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: отбасын құрметтеуге, ата-анаға көмек көрсетуге баулу.

Slide 5

«Идея себеті» ойыны

Отбасы мүшелері

Жезде

Шөбере

Немере

Жеңге

Ағайын

Нағашы

Жиен

Ата - ана

Slide 6

«Қатені тап» ойыны

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше - отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды. Әже - отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана - отбасының беріктігін сақтаушы. Ана - отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтамайды. Ана - отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Отбасының ең үлкен байлығы - бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл - балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан орыс балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.

Slide 7

Жаңа сөздермен танысу, аудару

Тірек - Сыйлау - Беріктік - Ағайын - Орнату -

Сақтау - Баулу -

Slide 8

Жаңа сөздерді қайталап, есте сақтау

Тірек - опора Сыйлау - уважать Беріктік - сплоченность Ағайын - родня, сородичи Орнату - установить

Сақтау - хранить, оберегать Баулу - воспитывать

Slide 9

«Шеңбер» ойыны

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Әке - отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана - отбасының беріктігін сақтаушы. Ана - отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана - отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Отбасының ең үлкен байлығы - бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл - балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан қазақ отбасы балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.

Slide 10

Топтық жұмыс

1 топқа тақырып бойынша кластер немесе сызба жасау

2 топқа тақырып бойынша коллаж жасау

Slide 11

«Алтын сандық» ойыны

Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға шықты?

ҚР қашан тәуелсіздік алады?

Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторларын ата.

Жерінің аумағы жағынан Қазақстан бүкіл дүние жүзінде нешінші орында тұр?

Үш байлықты ата

Шоқанның әжесі?

Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

Қазақ ертегілерінің түрлерін ата

«Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?

Қазақтың билерін ата

Үш дананы атаңдар

Slide 12

Үй тапсырмасы

Деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс: ІІІ деңгей. 1. Қазақ отбасы жайлы айтып беріңдер. 2. Мәтіндегі екі жай сөйлемнен себеп - салдар сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз. Оған синтаксистік талдау жаса. ІІ деңгей 1. Мәтінге жоспар құр. 2. Мәтін қанша сөйлемнен тұрады, жай сөйлем қанша, оның қандай түрі екен, құрмалас сөйлем қанша, ол сөйлемдер салалас па, сабақтас па, әлде аралас құрмалас па ажыратады. І деңгей «Айрандай ұйыған»(дружный) фразеологизмі бойынша өз отбасың туралы шағын шығарма жаз. 8 сөйлемнен, 7 жай сөйлем. Хабарлы сөйлемдер. Құрмалас сөйлем 1. Ол сабақтас құрмалас сөйлем.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Бақытты отбасы
Тәрбие сағатының толық нұсқасын даярлау
Отбасы құрылымы
Ана тәрбиесі
Отбасы
Міржақып Дулатұлы "Шешенің балаларын сүюі"
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Бала мектепке барарда
Отбасы тәрбиесінің негіздері
Отбасы және жастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz