Географиялық жағдайы



РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

§ 44. ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары.
ТМД - Еуразия кеңістігіндегі өзара көмек және ынтымақтастық одағы. 2. Экономикалық байланыстары. 3. Әлеуметтік - мәдени байланыстары. 4. ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар.
Үй тапсырмасын сұрау. «Кім тапқыр?» ойыны (картамен жұмыс) ТМД елдерінің мемлекеттік туын, атын, ел басшысын тез тауып беру, айту.

§ 46. Ресейдің экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекеттік қалыптасу тарихы.
12 наурыз 2013 жыл

Жерінің ауданы - 17, 1 мың км². Халқы - 142 млн адам (2008ж. ) Астанасы - Мәскеу. Мемлекеттік құрылымы - Федерациялы Республика. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы орган - Мемлекеттік Дума. Үкімет басшысы - Премьер - министр. Мемлекеттік тіл - орыс тілі. Ұлттық валютасы - рубль.

Географиялық жағдайы
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста - Украинамен, батыста - Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.
Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:
Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
Қиыр Шығыс Ресейі.
Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды
Notes: Вставьте карту своей страны.

Ресей аумағының ¼ Еуропада
14

Ресей аумағының 4/3 Азияда
34

Географиялық сипаттамасы
Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58, 3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.
Notes: Вставьте картинку, на которой отображается одна из географических особенностей вашей страны.

тарихы
Ресей - сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV-XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды. XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.
Notes: Добавьте на временную шкалу ключевые даты из истории своей страны.

әкімшілік- аумақтық құрылымы
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер[:
21 республика
9 өлке
46 облыс
2 федерадиялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург)
1 дербес облыс
4 дербес округ Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т. б. тағайындалған.
Notes: Вставьте портрет руководителя своей страны.

Ресей Федерациясының экономикалық зоналары мен аудандары
Notes: Вставьте картинку, иллюстрирующую обычай или традицию.

Табиғат жағдайы
Табиғат жағдайлары
Байкөл, ғарыштық түсірім.
Васюган өзені.
Балтық теңізі.
Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.
Васюган өзені в Томск облсы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz