Салт және сабақты етістіктер: анықтама, тесттер және мәтіндік тапсырмалар


Slide 1

Салт, сабақты етістік

Slide 2

Тест

1. Етістік нені білдіреді ?

А. заттың атын білдіреді

Б. заттың сапасын білдіреді

В. заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді

2. Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ?

А. 1

Б. 4

В. 2

3. Дара етістіктерді табыңдар

А. оқып отыр

Б. жүгірді

В. айтар-айтпас

4. Туынды етістікті көрсет

А. пікірлесті

Б. сөйлесті

В. айтты

5. Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай неше бөлінеді ?

А. 5

Б. 2

В. 3

6. Болымсыз етістік жұрнақтарын тап

А. -са, -се

Б. - ма, -ме

В. -ын, -ін

7. Болымды етістікті көрсет

А. жазар

Б. жазбайды

В. жазбаған

8. Етістіктің сұрақтарын тап

А. кімге ? неге ?

Б. не істеді ? қайтеді ?

В. қашан ? қалай ?

9. Көмекші етістікті көрсет

А. оқыды

Б. екен

В. жазды

10. Күрделі етістікті тап

А. әңгімелесті

Б. айтысты

В. жығылып қалды

Slide 3 Slide 4

Мысалы : Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін.

(«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі)

Өзгеге, көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

(«Өзгеге көңілім тоярсың» өлеңі)

Ұрлықпен мал табам деп

Егессе ауыл шабам деп,

Сүйтіп құдай атады.

(«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі)

Ғылым оқып ой таппай,

Құр үйінде жатады.

(«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Slide 5

жоқ-барды

Термек (нені ?) ертегіні

Жазбаймын (нені ?) өлеңді

Қоярсың (нені ?) өлеңді

Жоярсың (нені ?) дертті

Шабам (нені ?) ауыл(ды) )

Таппай (нені ?) ой(ды)

Slide 6 Slide 7

Тоярсың (неге?) өзгеге

Табам (немен?) ұрлықпен

Жатады (қайда?) үйінде

Slide 8 Slide 9

Етістіктерді ажыратыңдар :

Қайт, сөндір, келді, жазылды, демалды, көрісті, өсірді, кетірді, айтысты, пікірлесті, әңгімелесті, жарысты, тара, шеш, сана.

Slide 10

Салт етістіктер

қайт

келді

жазылды

демалды

көрісті

айтысты

пікірлесті

әңгімелесті

жарысты

Сабақты етістіктер

сөндір

өсірді

кетірді

тара

шеш

сана

Slide 11

Мәтінмен жұмыс :

1. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын баяндау.

2. Салт, сабақты етістіктерді табу.

Slide 12

Бақыт

Мен бақытты көрсем деуші едім. Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: - Е, азаматтар, бақытты болыңдар! - дейтін еді. Менің бақытты көргім келді. Күн батушы еді, шал қаракөлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетіп бара жатқан сыры белгісіз, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен көңліме елең салатын қараңғылықта біртүрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда белгісіз шыққан қайыршының қара-күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен-өзім «бақыт» дейтін едім. Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім.

(Саттар Ерубаев)

Slide 13

Шығармашылық жұмыс :

М. Мақатаевтың “Бақыт” өлеңін жатқа оқу

«Менің бақытты сәттерім . . . » ойтолғау

Slide 14

Бақыт

Бақыт деген сенің бала күндерің Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің. Бақытын да басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің. Бақыт жайлы менің мынау білгенім Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң. Бақытты сол-тәрік етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімде кім

. .

Slide 15

Венн ДИАГРАММАСЫ

Сабақты етістік Салт етістік

Тура

объектіні

қажет

етеді

Заттың қимылын білдіреді

Етістіктің түрі

қимыл

әрекетте

тура

объектіні

қажет

етпейтін

етістік

Slide 16

Үйге :

Салт, сабақты етістіктерді ақын-жазушылардың шығармаларынан тауып, жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
Құзырлылыққа негізделген логикалық сипаттағы тесттер: мақсаттары, құрылымы және үлгі тапсырмалар
WordPad мәтіндік редакторы: сабақ жоспары, оқу мақсаттары және тапсырмалар
Физика (механика): деңгейлік тапсырмалар, тесттер және шығармашылық жаттығулар
Қазақ тіліндегі етістіктер: түрлері, жасалу жолы және сөз тіркесіндегі байланыстары
Генетика тарауы бойынша қорытынды сабақ: жоспар, тапсырмалар және тесттер
Модальді етістіктер: анықтамасы, жіктелуі және қолдану ережелері
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің химия пәні: тесттер, жұмбақтар және дәстүрлік тапсырмалар - Нұртай Ерназар
Мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редактор: ұғымдар, жіктелуі және өңдеу технологиялары
Мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар: түсініктер, классификация және өңдеу технологиясы
WordPad бағдарламасымен практикалық сабақ: қауіпсіздік ережелері және мәтіндік тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz