Сөздердің байланысу түрлерін табу


Slide 1

Үй тапсырмасы

Сөздердің байланысу түрлерін табу

1-топ

Құдіретін «құдайымның» көресің бе?

Не жеміс өсер өзен дөңесінде. . .

Арыстан демалуға суға кірсе,

Балықтар шымшып ойнар терісінде. .

2-топ

Адамның біліміне ақыл серік,

Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.

Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,

Әр істің ақырын ойла көңіл бөліп.

3-топ

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Slide 2

Білім Үй тапсырмасы

Түсіну Венн диаграммасы

Қолдану Ойлайық та, жазайық

Талдау Оқулықпен жұмыс

Жинақтау Талдау - табыс кілті

Пайымдау Ұлы сөзде ұлағат бар

2 б

4 б

6 б

8 б

10 б

12 б

Бағалау

Slide 3

Сәуір айының сегізі

Сөздердің байланысу түрлерін қайталау

Сабақтың мақсаты: сөздердің байланысу түрлері мен жасалуы, ерекшеліктері жайлы білімдерін кеңейту. Топтық жұмыс арқылы өзара үйретуге дағдыландыру. Даналық сөздерді оқу арқылы өз ойын жеткізуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сөздердің байланысу түрлеріне тапсырмалар орындайды, талдау жұмыстары арқылы сыни ойлауға дағдыланады. Топтық жұмыс арқылы өзара ой бөліседі.

Slide 4

Ереже 1. Қиысу - баяндауыштың бастауышпен байланысы. Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Олар бірінші космонавттар. Сіз оқытушысыз. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл - Шолақсай, Табысымыз мол, ертеңіміз айқын (газеттен) . 2. Меңгеру - сөздердің өзара септік жалғауларының (ілік пен атаудан басқа) біреуі арқылы байланысқан түрі. Мысалы: Алтын етікті де аяққа киеді. Жақсы ісімен жақсы. 3. Матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: ағаштың бұтағы. 4. Қабысу- деп сөз бен сөздің өзара ешбір жалғаусыз тұрған орны арқылы байланысуын айтамыз. Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат. 5. Жанасу - сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуының бір түрі. Мұның қабысудан айырмашылығы - тіркескен сөзінен алшақтап араға сөз салып та тұра алады. Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу, ертең бару, ертең киноға бару.

Slide 5

Венн диаграммасы

Қабысу Жанасу

Slide 6

Ойлайық та, жазайық

Төмендегі сөздерді негізге алып, сөз тіркесін жаз, байланысу түрін тап

1-топ абырой, бедел, қадыр, айыр

2-топ ақ, қамыс, түтік, химия

3-топ мектеп, абырой, ұстаз, ғажайып

Slide 7

Оқулықпен жұмыс

256-жаттығу

Қабыса байланысқан тіркестерді жаз

1-топ Жолға шыққанша төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының бір орқаш биігіне көтерілді.

2-топ Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, ілгері жүріп кетті.

3-топ Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмеді.

Slide 8

Талдау -табыс кілті

Сөз тіркестеріне талдау жаса, кестеге орналастыр.

1-топ темір күрек, кітаптың мұқабасы, тазалыққа үйір, үлкендер айтады, бүгін келді, мен көрдім

2-топ биік тау, аттың жүйрігі, ісімен жақсы, біреу алып кетті, жоғары өрледі, ол барған

3-топ таудай талап, мамырдың сегізі, ерге сын, Құнанбай ұқтырды, жорта айтты, алтын сақина

Қиыса байланыс

қан сөздер

Матаса байланыс

қан сөздер

Меңгеріле байланыс

қан сөздер

Қабыса байланыс

қан сөздер

Жанаса байланыс

қан сөздер

Slide 9

Ұлы сөзде ұлағат бар

Даналық сөздердің мағынасын аш, сөз тіркестерін тап

1-топ Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге. Абай

Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды. А. Чехов

2-топ Ақыл бітсе дәулетке

Дәулет бітпес келбетке. Абай

Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.

3-топ Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек. Абай

Өзін-өзі билеген ел бақытты.

Slide 10

Үй тапсырмасы

264-жаттығу

Кесте сұрақтарына жауап беріп, толтыру

Бағалау

Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек


Ұқсас жұмыстар
Меңгеруді тап
Қабысу
Етістіктің тіркесін тап
Сөздердің байланысу түрлерімен синтаксистік қатынастарды пысықтау
Қазақ тілінде жай сөйлем түрлерін ата
Сөздердің байланысу түрлерін ата
Байланысу түрлерін анықта
СӨЗ ТІРКЕСІ
Сөздердің байланысу тәсілдері
Қазақтың септік жалғауы сөз тәуелдік жалғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz