Адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу: инабаттылық пен әдепке бағытталған сабақ жоспары


Slide 1

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Шаттық шеңбері

Slide 2

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!

(Абай)

Slide 3

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса.

Елінің соры болады.

(Қазыбек би)

Slide 4

Ибалы ұл,

инабатты қыз - өмір көркі

Slide 5

Мақсаты: 1. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,

өмір заңдылықтарын білуге үйрету;

2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып,

оқушының рухани білімін байыту, логикалық

ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрді жеткізе

білуге жетелеу;

3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі

ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа,

инабаттылыққа баулу.

Slide 6

Адамның асыл

қасиеттері

әдептілік

адамгершілік

қайырымдылық

қамқорлық

ізеттілік

инабаттылық

шыншылдық

Slide 7

Имандылық қасиеттер

мейірімділік

әділдік

ізеттілік

қамқорлық

қарапайымдылық

кішіпейілділік

Slide 8

Ойланайық, пікірлесейік

Slide 9

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? 2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? 3. Қызға қандай қылық жараспайды? 4. Қыздарға арнап мақал айт. 5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды?

Ұлдарға сұрақ:

Slide 10

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? 2. Ұлдарға арнап мақал айт. 3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? 4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің? 5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

Қыздарға сұрақ:

Slide 11

І топ

Велосипедпен жарысып келе жатқан Елдос жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Елдос қарияның жолын кесіп өтеді. Елдостың қылығы дұрыс па? Әлде бұрыс па? Сен қайтер едің?

Елдостың қылығы

Slide 12

1 сұрақ: Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос орын жоқ. Не істер едің? 2 сұрақ: Көшеде келе жатып қарт әже құлап қалды. Сен не істер едің? 3 сұрақ: Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз. Қандай әрекет жасар едіңіз?

ІІ топ

Slide 13

1 сұрақ: Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт адам келіп тұрды. Қайтер едіңіз? 2 сұрақ: Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп, басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не айтар едің? 3 сұрақ: Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не айту керек?

ІІІ топ

Slide 14

"Жалғастыр" ойыны

Не істеуге болмайды?

Не істеу керек?

Не істер едім?

Slide 15

Инабатты қыз

Иманды ұл

ибалы

кішіпейіл

ізетті

сыпайы

тәртіпті

адамгершілігі мол

қайырымды

әдепті

Slide 16

Жүректен жүрекке

Аң жортар аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі.

Slide 17

Назарларыңызға

рахмет


Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды адамгершілік пен әдепке тәрбиелеу: сабақ жоспары мен мектеп тәртібі
Адамгершілік - асыл қасиет: әдептілік пен мінез-құлықты тәрбиелеу
Еңбекке тәрбиелеу: адамгершілік пен әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру
Мақал-мәтелдер негізінде оқушылардың адамгершілік пен тапқырлыққа тәрбиелеу сабағы
Жаным толған жақсылық: жақсылық пен кешірімге тәрбиелеу сабақ жоспары
Шешендік сөздер арқылы адамгершілік пен сөйлеу өнерін тәрбиелеу
Өзін-өзі тану сабақ жоспары: Жүрек жылуы - мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу (бастауыш сынып)
Марат Қабанбаевтың Бауыр әңгімесі бойынша адамгершілік пен бауырмалдықты тәрбиелеуге арналған сабақ жоспары
Д. Исабековтің Ата үміті әңгімесін адамгершілік пен ізгілік тұрғысынан талдауға арналған сабақ жоспары
Адамгершілік пен елжандылық тәрбиесінде еңбек пен ата-ана үлгінің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz