Тренингтік топтың қағидалары


Slide 1

ҰСТАЗДАР ҚЫЗМЕТІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Педагог-психолог

Ж. Мирзаканова

Қарашоқы орта мектебі

2013-2014 оқу жылы

Slide 2

Психологиялық тренинг бағдарламасы

р/с

Жұмыс кезеңдері

Мазмұны

1

«Ұстаздар қызметіне психологиялық сүйемелдеу»

Тренинг тақырыбымен таныстыру

2

Тренинг ережесі, мақсаты, қағидалары

Таныстыру

3

1-жаттығу. «Таныстыру»

Жаттығу

4

2-жаттығу. «Тыныштық сәті»

Тыныштық сәті

5

3-жаттығу. Психологиялық-педагогикалық анамнезін жинақтау: «Суреттен не байқадыңыз?» .

әңгіме, психодиагностикалық жаттығулар

6

«Өмір жолымен жеңіл өту»

Психологиялық карталармен жұмыс

7

4-жаттығу. «Дос-достыққа», «Орын-орын ауыстырамыз».

сергіту ойыны, психологиялық жаттығулар мен рөлдік ойындар

8

5-жаттығу. «Біздің бақ».

Арт-терапия, топтық композиция

9

6-жаттығу. Менің жан дүниемнің «Төл құжаты»

Өзін-өзі диагностикалау

10

Кері байланыс «Психологиялық қолдау»

Тренингтен алған әсерлерімен ой бөлісу сәті

Slide 3

Тренингтік топ ережесі

Қарым-қатынастың сенімділік стилі

Ой-пікірлерді кейіптеу

Қарым-қатынастағы шынайылық

Топта болып жатқан барлық оқиғалардың құпиялылығы

Тұлғаның күшті жақтарын анықтау

Адамның тікелей бағалануына жол бермеу

Болып жатқан оқиғаға белсенді қатысу

Сөйлеп тұрған адамды сыйлау

Slide 4

Тренинг сабақтың мақсаты

-өзін-өзі ашу үдерістерін тереңдетуіне, өз-өздерін толыққанды көрсетулеріне бөгет болатын психологиялық кедергілерді жеңу және өзін-өзі талдай білу шеберліктерін дамытуына септігін тигізу;

-белсенді ойындық ықпалдастықтың көмегімен коммуникативтік дағдыларды жетілдіру;

-тиімділігі мен қарапайымдылығы жағынан өмірді мәндірек, үйлесімдірек, айқынырақ, қуаныштырақ жасай алатын таңғажайып бағыт бағдар беру.

Slide 5

Тренингтік топтың қағидалары

Ықпалдастықты диалогтандыру қағидасы

Тұрақты кері байланыс қағидасы

Өзін-өзі диагностикалау қағидасы

Дамуды оңтайландыру қағидасы

Ерікті қатысу қағидасы

Шому қағидасы

Оқшаулануқағидасы

Бос кеңістік қағидасы

Slide 6

Ақыл-кеңес қар сияқты: неғұрлым жұмсағырақ түскен сайын, соғұрлым ұзағырақ жатады және тереңірек енеді.

Колеридж Сэмюэль Тейлор

Slide 7

1-жаттығу. «Таныстыру»

Slide 8

3-4 рет терең тыныстай, жайлап көздеріңізді жұмыңыз. Күн сәулесі Сіздің басыңыздан өтіп кеуде тұсыңызды шолды деп елестетіңіз. Кеудеңіздің орта тұсында гүл шоғы бар деп ойлаңыз. Нұр сәулелерінің көмегімен гүл шоғы жапырақтарын жая бастайды. Сіздің жүрегіңіздегі әр ойыңыз, сезіміңіз, эмоцияңыз және талап-тілегіңізбен ұласа, таза, жаңа ғажайып гүл гүлденуде.

Бойыңыздағы нұр біртіндеп бүкіл денеңізді жайлап бара жатқанын елестетіңіз. Ол қуаттырақ және айқынырақ болып барады. Ойша нұрды төмен қарай қолыңызға жіберіңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленуде. Нұр төмендеп аяғыңызға қарай жылжуда. Аяқтарыңыз да нұрға шомылуда. Аяқтарыңыз Сізді жақсы қадамдар жасап, ізгілікті істер жасайтын орындарға апарады. Олар нұр мен сүйіспеншілік құралдарына айналуда.

Содан соң нұр Сіздің аузыңыз бен тіліңізге көтерілді. Тіліңіз тек қана жылы сөздер мен шындықты айтатын болады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз. Құлақтарыңыз тек қана жақсы сөздер мен керемет дыбыстарды еститін болады. Нұр көздеріңізге жетеді. Олар жақсыға ғана қарап, бәр нәрсенің тек жақсылығын көретін болады. Басыңыз нұрға бөленуде, онда тек мейірімді, жарқын ойлар.

Нұр бұрынғыдан да жіті, айқынырақ болып, кеңейтілген шеңберлер арқылы тарай, Сіздің денеңіздің сыртына шыға бастайды. Нұрды өзіңіздің ата-аналарыңызға, жақындарыңызға, ұстаздарыңызға, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша дау-дамайлық күйде жүрген адамдарыңызға да жіберіңіз. Нұр олардың жүректеріне де өз сәулесін шашсын. Бұл нұр бүкіл әлемге жайылсын: барлық адамдарға, жан-жанураларға, өсімдіктерге, барлық тіршілік иелеріне, бәріне-бәріне. . . Нұрды Ғаламның бүкіл бұрыш-бұрыштарына жіберіңіз. Ойша: «Мен Нұрдамын. . . Нұр менің жан-дүниемде. . . Менің өзім Нұрмын» деңіз. Сіз кішкене Нұр, Сүйіспеншілік және Тыныштықта бола тұрыңыз. . .

Енді осы Нұрды қайтадан өзіңіздің жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрға бөленген бүкіл Ғалам Сіздің жүрегіңізде. Оны осы бір керемет, ғажайып күйінде сақтаңыз. 3-4 рет тыныстай, жайлап көзіңізді ашыңыз. Рахмет!

1-жаттығу. «Тыныштық сәті»

Slide 9

«Суретке қарағанда ең бірінші қандай бейнені байқадыңыз?

Slide 10

Адамың басы - сіздің есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы. Бұл өмірде өзіңізге қажетті мәліметтердің барлығын есте сақтай аласыз. Жақсы мен жаман адамдарды тез ажыратып, сізге деген көзқарасының қандай екендігін бірден анықтау қабілетіңіз бар.

Үй - үй шаруасын, тыныштықты, жылы қарым-қатынасты, махаббат пен мейірімділікті, ас дайындауды жақсы көретін сезімтал жансыз. Үйіңізге қонақ шақырып, дастарханды түрліше етіп безендіргенді жақсы көресіз. Достарыңызбен жиналғанда әңгіме-дүкен құруда алдыңызға жан салмайсыз.

Суретші - сіз шығармашылықтың адамысыз, ойыңызға келген қиялдарыңыздың барлығын жандандыра аласыз. Сіздің ең басты құралыңыз - ұшқыр қиялыңыз. Оның әрдайым дамуына жағдай жасап отырыңыз.

Тас - бірқалыпты өмір сүруді жақсы көретін, жаныңызға жақын адамдарға барынша адал жансыз. Өмірдің ағысымен асықпай жылжудасыз. Кейде елеулі өзгерістер де болып тұрады. Өміріңізді жаңа жылдық от шашумен салыстыруға болады. Тыныштық, артынша жойқын жарылыс.

Ағаштар - сіз әрдайым өсу үстіндесіз. Ақылыңыз, күш-қайратыңыз, шығармашылық белсенділігіңіз күннен-күнге толысуда. Бір орында тұрмай, дамылсыз жылжу үстіндесіз. Бұл қасиетіңізге қызғанышпен қарайтын адамдар жетерлік.

Slide 11

3-жаттығу. «Орын-орын ауыстырамыз»

Slide 12

4-жаттығу. «Бізді ңбақ»

Slide 13

4-жаттығу. Менің жан дүниемнің «Төл құжаты»

Өзіме ұнамайтын қасиеттерім

Басқалар байқамайтын қасиеттерім

Қалыптастырғым келетін қасиеттер

Slide 14

5-жаттығу. «Шындықты айтсақ. . . . . . »


Ұқсас жұмыстар
Оқушы ойы
ТРЕНИНГ ТОБЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тренинг принциптері
Әлеуметтік - психологиялық тренинг әдістері
Дарынды балаларды психологиялық қолдау және дамыту
Тренинг ждүргізуші
Ата - аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру
Экстремалды жағдайларда психологиялық- педагогикалық көмек көрсету
Жеке сақтандыру туралы
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz