Ұстазға арналған өлең: Машакова Акіле, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі


Slide 1

Ұстазым менің-

ұстазым!

Ұстазым менің-

Ұстазым!

Машакова Акілес

Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжі

Slide 2

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында!»

Н. Ә. Назарбаев

Slide 3

«

«Ұстаз - ұлық»

Досым сенің шошыдым бұл қалпыңнан

Нар көруші ем жүк ауырын артынған

Көз шелденіп көңілің қалай желденген

Көкірегіңе толған неғып салқын қан?

«Шалдардан ақ қалдым дейсің бәлеге»

Жарап келген солар ғой бар кәдеге

Ағалардың ащы тері болмаса

Саған қайдан қонбақ мұндай дәреже

Зәру іспен келіп еді мұғалім

Сес көрсеттің сездім сенен ығарын

Ұстазымыз емес пе еді ол кешегі

Ашқан бізге білімнің нәр бұлағын

Бәйтерек боп жапырағы саялы

Жаймап пе еді ол алақанын аялы

Ойлап тұрсын осы кісі болатын

Ауылымыздың ең қадірлі адамы

Ұстаз - ұлық, Ұлық оның жолы да

Өмір шамын ұстатқан ол қолыңа.

Сол жарықпен алшан басып жүрсін сен

Шырматылмай шырғалаңның торына

Үлкен болсаң үлкенмін деп кекейме

Демеушің сол үлкендікке жетуде

Қарыздарсың оған қашан қайда да

Көктен түскен кереметтей лепірме

Алдыңда ол отырмасын телміріп

Сен тұрғанда көрмесін еш кемшілік

Шәкіртіне еркін кіріп есіктен

Шығар болсын шырайлана өң кіріп

Тұрағы оның жүрегінің төрінде

Біле білсең абыройың бұл сенің де

Ол ешкімге жаутаң қағып тұрмасын

Айтсын сөзін айта тұғын жерінде

Тең тұт досым ана ұстаз екеуін

Сонда бәлкім парызынды өтерің

Өзің ұғын өзгеге де ұғындыр

Кішіліктің өзі ұлылық екенін.

Slide 4

“Ұстазым”

Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын Есімде, әліппені жаттатқызып Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның

қайырмасы

Ұстазым, менің ұстазым Өзіңмен өткен қыс-жазым Қалдырған ізің мәңгілік Жадымда тұрар жаңғырып Ұстазым, менің ұстазым

Зердемді сен ашпасаң не етер едім Өмірден сыбағасыз өтер едім Ғажайып дүниенің сырын жайын Қияға қызықтырып жетеледің

қайырмасы

Өзіңнен өмірге азық ала бердім Ұшырып мені алысқа қала бердің Бойымда отың кетті ұшқын атқан Келеді жана бергім, жана бергім

қайырмасы

Ұстазым, менің ұстазым Өзіңмен өткен қыс-жазым Қалдырған ізің мәңгілік Жадымда тұрар жаңғырып Ұстазым, менің ұстазым

Ұстазым менің ұстазым

(хор)

Slide 5

Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын Есімде, әліппені жаттатқызып Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның

қайырмасы

Ұстазым, менің ұстазым Өзіңмен өткен қыс-жазым Қалдырған ізің мәңгілік Жадымда тұрар жаңғырып Ұстазым, менің ұстазым

Зердемді сен ашпасаң не етер едім Өмірден сыбағасыз өтер едім Ғажайып дүниенің сырын жайын Қияға қызықтырып жетеледің

қайырмасы

Өзіңнен өмірге азық ала бердім Ұшырып мені алысқа қала бердің Бойымда отың кетті ұшқын атқан Келеді жана бергім, жана бергім

қайырмасы

Slide 6

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып.

Slide 7

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

Адамның адамшылдығы . . . жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады. Жүсіп Баласағұни

Slide 8

Тренинг

Slide 9

Рақмет сізге!

Slide 10

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі: Қалыптастырушы бағалау және оның әдістері
АҚТӨБЕ Жоғары гуманитарлық колледжі кітапханасында КАБИС автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу және оның тиімділігі
Бейнеу гимназиясының 2022-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Қазақстан-Малайзия қатынастары: саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық аспектілері
Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Мақтарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжінің Тракторлар және автомобильдер пәні бойынша интербелсенді оқыту технологиясын жобалау
Қазақстан мен Украина арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар (1991-2006)
2011-2012 оқу жылына арналған Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 20-топқа арналған тәрбие жоспары
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуы
X Бейнеу 2012 жыл: Информатика пәні бойынша олимпиада-байқаудың сұрақтары мен кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz