Топ өнері


Slide 1

Химиялық

«ЖАРЫС»

кеші

08. 02. 2014ж

(Д. И. Менделеев пен М. Мақатаевтың туған күндеріне арналады )

Slide 2

Құрманова Ханслу Жексенбетовна

Химия-биология пәнінің мұғалімі.

Мұнайлы ауданы.

№2орта мектебі.

Slide 3

Кештің мақсаты:

1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын

меңгерту.

2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.

3. Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Slide 4

Кештің жоспары:

Д. И. Менделеев пен М. Мақатаевтің

өмірбаяны туралы.

1. Төсбелгі бойынша қарсылас топтың атын табу.

2. Сәлемдесу, таныстыру.

3. Химиялық тілде құттықтау.

4. Формула жаза білесің бе? (Үндемес ойыны)

5. Жанкүйерлермен ойын.

6. Сұрақтарға жауап беру.

8. Жұбыңды тап.

9. Топтың өнері.

Қатысушылар 8, 9, 10 сынып оқушылары 6 адамнан үш топ құрды. Олар 8-сынып «Күміс», 9-сынып «Алтын», 11-сынып «Гауһар» тобы болып сайысқа түсті.

Slide 5

Төс белгі бойынша қарсылас топтың атын табу.

Атымызды жасырдық

Төс белгіге, қарсылас.

Айламызды асырдық

Бір-біріңмен ақылдас.

Әр топ өз тобының атын сөзжұмбақ немесе ребус түрінде жасырды. Қарсылас топ тапсырманы орындағанша Д. И. Менделеев пен Мұқағали Мақатаев туралы айтылады.

Slide 6

Кештің жүру барысы:

Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар арасында химиядан «ЖАРЫС» кешін өткізгелі отырмыз.

Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалып бірі жаралған.

Өмірдің бірақ керегін,

Осылар тауып берер ме?

Табар ма ешкім дерегін,

Телмірмей, сірә, тереңге.

Slide 7

Жүргізуші:

Болсын дейміз жарысымыз жемісті,

Озып шықсын кім білімді, кім күшті.

Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек

Берер дейміз әділдікпен жеңісті.

(Әділ қазылар алқасы таныстырылды)

Slide 8

Әр топ сәлемдесіп өздерін таныстырып өтеді.

«Сәлем сөздің анасы»

Дейтін қазақ данасы.

Сәлемдесіп, танысып,

Кеш бастайық жарысып.

Slide 9

Химиялық тілде құттықтау

Жақсылық әр кез тілейік,

Химияны оқып білейік.

Осы тілде құттықтап

Аман-есен жүрейік.

Алтындай ардақты, күмістей салмақты, қарсыластар! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер. Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз. Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз.

Slide 10

4. Үндемес ойыны. «Формула жаза білесің бе?»

Білмейтінін білем деп олжа қуар

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар

Химияны болжаммен ұға алмайсың

Формуланың оң жағы, сол жағы бар.

Интерактивті тақтадан оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес заттардың формулаларын жазу тапсырмасы берілді.

Slide 11

8-сыныпқа

1. Дұрыс формуланы сәйкестендір

Сутегі - Ba

Оттегі - H

Барий - Al

Сынап - O

Темір - Ag

Мыс - Cr

Магний - Al

Күміс - Cu

Slide 12

1. Дұрыс жауаптары:

Сутегі - H

Оттегі - O

Барий - Ba

Сынап - Hg

Темір - Fe

Мыс - Cu

Магний - Mg

Күміс - Ag

Slide 13

2. Формулаларын жаз

Тұз қышқылы -

Күкірт қышқылы -

Кальций хлориді -

Натрий гидроксиді -

Калий оксиді -

Мыс (ІІ ) сульфаты -

Темір (ІІІ) гидроксиді -

Slide 14

2. Жауаптары:

Тұз қышқылы - HCl

Күкірт қышқылы - H2SO4

Кальций хлориді - CaCl2

Натрий гидроксиді - NaOH

Калий оксиді - K2O

Мыс (ІІ ) сульфаты - CuSO4

Темір (ІІІ) гидроксиді - Fe (OH) 3

Slide 15

9-сыныпқа Формулаларын жаз

1. Күкірт (ІV ) оксиді -

2. Кальций оксиді -

3. Магний гидроксиді -

4. Азот қышқылы -

5. Кальций силикаты -

6. Натрий дигидро фосфаты -

7. Магний гидрокарбонаты -

Slide 16

8. Аммиак -

9. Фосфин -

10. Метан -

11. Силан -

12. Силикагель -

13. Аммоний сульфаты -

14. Күкіртсутек -

15. Патша арағы -

Slide 17

9-сыныпқа Жауаптары:

1. Күкірт (ІV ) оксиді - SO2

2. Кальций оксиді - CaO

3. Магний гидроксиді - Mg(OH) 2

4. Азот қышқылы - HNO3

5. Кальций силикаты - CaSiO3

6. Натрий дигидро ортофосфаты - NaH2PO4

7. Магний гидрокарбонаты - Ma(HCO3) 2

Slide 18

8. Аммиак - NH3

9. Фосфин - PH3

10. Метан - CH4

11. Силан - SiH4

12. Силикагель - SiO2

13. Аммоний сульфаты - (NH4) 2SO4

14. Күкіртсутек - H2S

15. Патша арағы - HCl +3HNO3

Slide 19

11- сыныпқа Формулаларын жаз.

1. Ацетилен -

2. Бензол -

3. Этанол -

4. Глицерин -

5. Құмырсқа альдегиді -

6. Сірке қышқылы -

7. Глюкоза -

Slide 20

8. Сахароза -

9. Анилин -

10. Глицин -

11. Аммоний фосфаты -

12. Фосфор қышқылы -

13. Натрий гидроксиді -

14. Алюминий оксиді -

15. Метан -

Slide 21

11- сыныпқа Жауаптары:

1. Ацетилен - C2H2

2. Бензол - C6H6

3. Этанол - C2H5OH

4. Глицерин - CH2OH-CHOH- CH2OH

5. Құмырсқа альдегиді - H-C =O

H

6. Сірке қышқылы - CH3COOH

7. Глюкоза - C6H12O6

Slide 22

8. Сахароза - C12H22O11

9. Анилин - C6H5-NH2

10. Глицин - H-CH- COOH

NH2

11. Аммоний фосфаты - ( NH4) 3PO4

12. Фосфор қышқылы - H3PO4

13. Натрий гидроксиді - NaOH

14. Алюминий оксиді - Al2O3

15. Метан - CH4

Slide 23

5. Оқушылар формулаларды жазғанша жанкүйерлер өнері тамашаланды.

6. «Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар» дегендей ендігі кезекті сұрақтарға берейік.

Slide 24

8-сынып «Күміс» тобына:

1. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. Ол не?

2. Химия нені зерттейді?

3. Д. И. Менделеев қай жылы, қайда туылды?

4. Химияның міндеті қандай?.

5. Оксид деген не? Мысал айт.

6. Бірінші бөлігі «Алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігі сан есім, шипалы газ деп те есептеледі.

7. «Бөлінбейтін» кішкентай бөлшек.

8. «Арпа бидай ас екен . . . . . » мақалды жалғастыр.

9. Кең әлемді кернейді,

Көзің бірақ көрмейді.

10. Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді «А» деген элемент. Бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес. Ойлаңызшы бұл қай элемент?

Slide 25

9-сынып «Алтын» тобына

1. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент.

2. Диссоция деген не?

3. Реакцияның белгілері қандай?

4. Тұздар деген не?

5. Қышқылдар дегеніміз не?

6. Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі, ал өзі химиялық элемент. Бұл қай элемент?


Ұқсас жұмыстар
Сәулет ескерткіштері
Қазақстандағы опера өнері
Оқушыларды топқа бөлу
Көркем өрнек түрлері
Бейнелеу өнерінің жанрлары. 5-сынып
Топ ұжымын бағалау
Сәндік қолданбалы өнер
Нүктелеп натюрморт салу
Бейнелеу өнері
Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz