Туған жерім - Жаркент қаласы


Slide 1

Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті

СӨЖ: «Туған жерім - Жаркент қаласы»

Тексерген : Жүзтаева Бибіажар Нұрғалиқызы

Орындаған : Зулавдунова Феруза 108 топ (ПфиЯ)

Алматы 2019

Slide 2

жоспар

Жаркент өңірінің тарихы

Тарихи нысандар

жаркент өңірінен шыққан тарихи тұлғалар

3. 1 Кеңес одағының батыры атағын алғандар

3. 2Социалистік еңбек ері атанғандар

3. 3Ауданның белгілі азаматтары

4. Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Панфилов ауданы

Панфилов ауданы - Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік . 1923 - 42 жылы Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И. В. Панфилов есімімен аталды.

Панфилов ауданының Белжайлау алқабында даңқты шайқастардың бірі орбұлақ шайқасы өткен.

Орталығы - Жаркент қаласы

Slide 4

Жаркент - қала, Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы (1928 жылдан) .

Ш. Уәлиханов 1856 жылы“Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі” атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе, “Үсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады. Шынында да айналасында құм мен тас, тым болмаса бір шөп болсашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, қанша іздесек те таба алмадық”, - деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған.

Slide 5

Жаркент қаласы тарихы жайында сөз қозға­сақ, қайтадан байырғы Сақ заманына ораламыз. Себебі тарих ғылымына үлес қосқан атақ­ты ға­лым­дар - В. В. Бартольдтың, Н. Я. Би­чуриннің, П. П. Румянцевтің және отандық тарихшы К. Ақышевтың тағы басқа зерттеушілердің ғы­лы­ми дәлелдері бойынша «. . . қазіргі Жетісуды, оның құрамындағы Жаркент өңірін б. з. д. VІІ-ІІІ ғасырларда сақ тайпалары мекен еткен» деген тұжы­рымдамалары бар. Және бір дерек араб географы - М. Әл-Макдисидің ежелгі Испиджаб (қазіргі Шым­кент) аймағы туралы жазып қалдырған еңбегінде: «. . . Испиджаб аймағы Мауреннахрдың (бұл жерде Оң­түстік Қазақстан) орта тұсында орналасқан. Оның Құр­лұқ, Жұмышлағу, Бараб, Тараз, Балу т. б. көптеген қа­лалары бар дей келе (барлығы 51 қала), сөз соңын Жаркент қаласының атымен аяқтайды. Бас қаласы - Испиджаб» деп көрсетілген. Мұның жалғасы іспетті қызықты ақпарат - академик В. В. Бартольдтың «Жетісу тарихының очерктері» атты ғылыми еңбегіне қосымша көмекші құрал ретінде жасалған «Орта ғасырлар картасына» көз жүгіртсек, сол дәуірдің өзінде қазіргі Жаркенттің орнында қала болғандығы белгіленген екен.

Slide 6

Жаркент мешіті

«Жаркент мешіті» - ХІХ ғасырға жататын сәулет өнері ескерткіші. Кешен құрылысы екі кезеңмен жүргізілді, 1-ші кезең 1887 жылдан 1890 жылдарды қамтиды. Бірінші кезеңде мешіт ғимараты және басты кіру порталы салынды. Екінші кезеңде 1891 жылдан 1892 жылдар аралығында медресе ғимараты, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар тұрғызылды. Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инжинер - Хон Пиктің басшылығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы мешіт ғимараты болып табылады. Мешіт сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынған. Құрылыс кезінде бірде-бір шегелер, бірді-бір тұтқалар (скобы) қолданылмады. Бағандар тастарға отырғызылған, ерекше телім тастармен тегістелген және шеңбер түріне келтірілген. Кешеннің тағы бір негізгі бір бөлшегі болып, мешіт-мұнарасы салынған басты кіру-порталы болып табылады. Оның жазулары трафаретсіз (сурет, жазу үшін арналған тесіктері бар пластина) қылқаламмен жазылған.

Slide 7

Әулие ағаш

Жұрттың тәу ететін орны -Әулиеағаш та Жаркент жерінде. Ағаштың жасы 7 ғасырдан асады, діңінің жуандығы жеті адам құшақтаса әрең толатындай көлемді. Түбінен 7 түп бала ағаш өсіп шыққан. Әулиеағаш жағымсыз энергиядан арылтады, бұл жерге көптеген адамдар келіп мінәжат жасайды, ағаштың түбінен тамырына жақын жерден шыққан су түрлі ауруларға шипасы бар .

Slide 8

қалада Желтоқсан көтерілісінің қос қаһарманы Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асановаға 2008 жылы ескерткіш орнатылған

Slide 9

Кеңес одағының батыры атағын алған жерлестеріміз:

Тышқанбаев Қожахмет (1918-1944)

Көбіков Хамит (1916-1973)

Лутфуллин Сульхи (1923-2002)

Пащенко Анисим Павлович (1913-1945)

Каратаев Илья Васильевич (1923-1943)

Хмылев Павел Васильевич (1923-1943)

Поросенко Павел Васильевич (1923-1943)

Иванов Николай Семенович (1924-1972)

Slide 10

Социалистік еңбек ері атанған жерлестеріміз

Головацкий Николай Никитич (19121996) 2 мәрте

Сапиев Шаймұханбет (1926-1996)

Абданова Айтбала (1902-1991)

Қасымбеков Әбілмәжін (1929-2000)

Ниязова Мәриям Асқарқызы (1931-1988)

Сайназаров Беркімбай (1888-1950)

Бақтаев Әлімжан (1934-2001)

Зайнаудинова Адалят

Айтжанова Күләш

Slide 11

Ауданның белгілі азаматтары

Әбілхан Қаствеев-суретші

Дәнеш Рақышев-әнші

Зия Самади-жазушы

Қуаныш Сұлтанов-мемлекет және қоғам қайраткері

Оразақын Асқар-ақын

Бексұлтан Нұржекеев-жазушы

Хелил Хамраев-ақын

Жүсіпбек Қорғасбек-жазушы

Айтақын Бұлғақов-Айтыс ақыны

Ахмет Шамиев-артист

Нұрбақыт Теңізбаев-спортшы

Slide 12

Қолданылған әдебиеттер :

www. wikipedia. org

«Сулы, нулы Жетісу» Дүйсен Жүнісов

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия Ә. Нысанбаев

Қазақстанның тарихи-танымдық географиясы 41-42 бет Әбілхан Әбіласан

Қазақ хандығы (орбұлақ шайқасы) Жұмаханов Тілеухан, Жұматаев Бақыт

Қали ИБРАЙЫМЖАНОВ, тарих ғылымдарының магистрі (Жаркент ежелгі қалалардың бірі) egemen. kz


Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан құрбаны - Қайрат Рұсқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті
Қайраттың отбасы
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі - байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны
Тұңғыш ғарышкер кім
Қазақстанның қалаларын жаз
Астана - Қазақстанның бас қаласы
Интернетке шолу
Менің туған өлкем – сүйікті Ташкентім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz