Төтенше жағдайлардың түрлері, алдын алу және жою шаралары


Slide 1

Төтенше жағдайлардың салдарын жою

Орындаған: Арыпбеков Ж

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары

Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Slide 4

Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:

Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Slide 5 Slide 6

Дауыл

Өрт

Жер сілкінісі

Су тасқыны

Ғимараттың бүлінуі

Slide 7

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары

ТЖ-ның алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

ТЖ - ның алдын алу шараларына:

ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

Slide 8

Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына - ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.

Slide 9

Төтенше жағдайларды жою

жұмыстары

Slide 10

Қорытынды

Осындай қауіп - қатерді болдырмау мақсатында елімізде төтенше жағдайлардың алдын - алу мәселесі басты мақсатқа қою керек.

Асу. а

Slide 11

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардың алдын алу және шығындарды азайту шаралары
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың құқықтық режимі және алдын алу мен жою шаралары: Қаңтар 2022 мысалы
Төтенше жағдайларды алдын алу және жер сілкінісіне дайындық шаралары
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: түрлері және алдын алу шаралары
Бруцеллез: эпидемиология, диагностика, алдын алу және жою шаралары
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Химиялық, радиациялық және биологиялық төтенше жағдайлар: қауіптілік, жіктелуі және алдын алу шаралары
Пастереллездің этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу мен жою шаралары
Зоофилді шыбындардың биологиясы мен ветеринариялық-санитариялық алдын алу және жою шаралары
Құс етінің санитариялық-ветеринариялық бағалауы мен жұқпалы ауруларды алдын алу және жою шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz