Самарқан қаласынан



Ақсақ Темір(Тамерлан)
1336ж 9сәуір-1405ж1сәуір

Ақсақ Темір 1336 жылы 9сәуір қазіргі Өзбекстан жері Маураннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқанның оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген. Түрік елдері Ақсақ Темір парсы елдері Тамерлан. Самарқан қаласынан Константинопольға Уфа мен Делиге дейін бағындырған.

Өмірбаяны
Темірлан 1336 жылы қазірге Өзбекстан Шахризабзба 9сәуірде дүниеге келді.
Барлас руынан.
Әкесінің аты Тарағай Барлас руының әміршісі болған.
Анасының аты Текене Шыңғыс хан ұрпағы.
Барлас руы Шыңғысхан әскерімен ХІІІғасырда бірге келген Самарқан жерінде қалып қойған
Барлас руы туралы моңғол шежіресінде; Барлас руымен Шыңғыс хан шыққан Қият руы туыстас болған.

Түр сипаты
М. М. Герасимовтың 1941жылы Темір мәйітін зерттеу қорытындысы бойынша оның бойы бойы шамамен 172 см құрағанын және физикалық жетілген өте мықты тұлға болғанын көрсеті. Оның шашы өз қатарларына қарағанда әлдеқайда ақшыл болған. Герасимов қалпына келтірген бет-пішіні терісінің түсі ақ түсті болды.

Тарих сахнасына шығуы

XIVғасырда Шағатай ұлысы екіге бөлінді;
1. Моғолстан
2. Мауреннахр арабша; өзенге жақын орналасқан деген мағына береді. Аумағы Әмудариямен Сырдария аралығы. Яғни қазіргі Өзбекстан жері.

1360 жылы Моғолстан Ханы Тоғылық Темір Мауреннахрға көп әскерімен жорыққа шығады.
Әмір Темір Кеш қаласның әміршісі атанады. Мауреннахр тағына Тоғылық Темірдің баласы Ілияс Қожаны қояды.
1365жылы Тоғылық Темір қайтыс болады. Ілияс Қожа Моғолстанға қайтып оралып таққа отырады сол жылы Қамар әд-Диннің қолынан қаза тауады.
1370жылы Әмір Темір Мауреннахрда таққа отырады. Хан ұрпағы болмаған соң Әмір атанды.


Сыртқы саясаты
1371 жылы Моғолстанға жорық жасалады. Оның әскері жергілікті халықты тонап бейбіт тұрғындарды қырады.
1372жылы тағыда жорыққа шығып сәтсіз аяқталады. Әскерлері жолдағы халықты тонап қайтады
1377 жылы жорығында Қамар әд-Динді жеңіп Моғолстанды вассалдық күйге түсіреді.
1380 жылы Иран елдеріне жорығы.
1383 жылы Иранның Мазандар мен Қандағарға дейінгі аймақ өз еріктерімен берілді.

1384 жылы Вели әмірдің мемлекетін жойып Гурганды 1385 жылы Дамганнан Сұлтанға дейінгі Солтүстік Иранды да бағындырады.
1386 жылы Тебриз қаласы күзде Темір әскері армян даласына дейін келіп, Гарн, Карс бекіністерін жаулап алады. Одан ары Тифлиске жорыққа шығады. Грузиндер көп қарсылық көрсетпеді.
1386 жылы 21қарашада Тифлис қаласын алып басшысы Баграт V тұтқындалды.
1387 жылы Оңтүстік Иранға басып кіріп ИсфаҺан қаласы соғыссыз берілді.

.
Исфаһан қаласы иран мемлекетінің жүрегі саналды. Мағынасы; Нес және ижаһан әлемнің жартысы. Тамерлан иранның басқа қалаларын бағындыруға кеткенде Исфаһан қаласында бүлік шығады. Дәл осы жерде Темірланның ең қанды оқиғасы өтеді.
Ибн Арабшах; 70мың әскеріне бір-бір бастан әкелуді бұйырады. 28 қабатты пирамида тұрғызады. Осыдан кейін ешбір халық қарсы келмейтін болды. -деп жазады.


Алтын Ордаға жорығы
Өз жерінде билігін нығайтып алған Темір Алтын Орда мен Ақ Орданың ішкі саясатына араласып, бірнеше басқыншылық жорықтар жасады . Ол өзінің мақсатын іске асыру үшін Манғыстау билеушісі Түй-Қожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдаланды. Өйткені Ақ Орда билеушісі Орыс хан Алтын Ордаға қарсы жорықтан бас тартқаны үшін Түй-Қожа оғланды өлтірген болатын. Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Сыр өңіріндегі Отырар, Сауран, Түркістан және Сығанақ қалаларын бағындыруды тапсырады. Бұл тапсырма орындалған жағдайда Әмір Темірге Алтын Ордаға апаратын жол ашылар еді. Тоқтамыстың Сыр өңірін бағындыру үшін жүргізген алғашқы екі жорығын Орыстың ұлдары қайтарған еді. Әмір Темірдің қолдауымен жүргізілген Тоқтамыстың іс әрекеттері, Орыс ханның Сарайды тастап, Ақ Ордаға қайтуына мәжбүр етті.

Әмір Темір Тоқтамысқа әскер мен қару-жарақ беріп, жаңа жорыққа дайындап жатқан уақытта, Орыс ханнан Тоқтамысты қайтаруды талап еткен хат келеді. Темір әскерімен Сырдариядан өтіп, Отырарға келгенде, Орыс хан әскерін Сығанаққа шоғырландырады. Екі жақ үш ай бойы ешқандай әскери қақтығысқа бармайды. Ақыр аяғында Орыс хан өзінің орнына Қара Кесек оғланды қалдырып, кейін қайтады. Бұл жағдайды естіген Темір Орыс ханның ұлы Темір Мәліктің он мыңдық әскерін талқандайды. 1376 жылы Орыс хан қайтыс болады. Әкесінің орнына билікке келген Тоқтақия да үш айдан кейін қаза табады. Әмір Темір Тоқтамысты Сауран қаласының билеушісі етіп тағайындайды.


Тоқтамыс хан 1380-1395
1376 жылы таққа отырған соң елді біріктіре бастайды.
1379-1380 жылдары Алтын Орданың көптеген әмірлері Тоқтамыс жағына өтіп, оның билігін мойындайды. Алтын Орданың ханы болғаннан кейін, Тоқтамыс Сарай, Қажы Тархан Астрахань, Қырым мен Мамай Ордасын өзіне бағындырады.
1382 жылы Тоқтамыс хан Руссияға жорыққа шығып Мәскеу, Мажайск, Владимир т. б орыс қалаларын өртке орайды. Осы жорықтан соң Руссия тағы 100 жылға Алтын Ордаға тәуелділікке түседі.


Тоқтамыс Алтын орданың негізін нығайтқан соң Темірге қарсы шыға бастайды. Сонымен бір мезгілде ол Әмір Темірдің иеліктеріне шабуыл жасай бастайды.
1391 жылы 21 ақпанда Темірлан соғысты бастайды.
1391жылы 18 маусымда Темір самара өзенінің солтүстігіндегі Кондурчиді басып алып татарларды Еділге дейін ығыстырады. Тоқтамыс әскері талқандалады.
1395 жылы Солтүстік Кавказда Терек өзені бойында Тоқтамыс пен Темір әскері арасында шайқас болып, Тоқтамыс жеңіліс табады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір орыс княздығы жеріне кіреді. Бірақ Мәскеу кінәздігіне тимей қайтып кетеді. Мауераннахрға қайтар жолда Темір Алтын Орданың Еділ бойы мен Қырымда орналасқан қалаларына, Астраханға өрт қояды.


Үндістанға жорығы
1398 жылы Алтын орданы бағындырған соң Дели сұлтандығына жорыққа аттанады 92мың әскермен. Себеп Дели мемлекеті пұтқа табынатын еді.
Әскерін бөліктерге бөледі. 30мың атты әскер оң қанатты құрады.
Ол Соломон таулары арқылы сосын Инд өзені арқылы өтіп Мультан қаласын басып алады.
Сол қанатты құраған 30мың әскер Кабулдан шығып Инд өзені арқылы Лахаор иелігіне беттеді.
Темірдің өзі қалған 32мың әскермен Самарқаннан шығып 1398жылы наурызда Термезге барып көпір арқылы Әмудариядан өтті. Содан кейін Хулумға, Азникке қарай жылжып Гиндукуш тауы арқылы Каферистанға жеке жорық үшін Индереабқа бағыт алды.

1398жылдың 20қыркүйегінде Темір Кабулдан шығып Инд өзені арқылы оңтүстікке жылжыды. Сонда оң қанатпен бірікпек болды.
Биа өзенінің сол жағалауына өтіп Дипалпур, Фатиабад, Самини қалаларын жаулап алды.
Сол жылдың 28қыркүйегінде Делиге жетеді.
Дели сұлтаны 10мың атты әскер, 40мың жаяу әскер және көптеген пілдермен қарсы шығады. Бірақ шегініп Делиге қайтадыда Қаланы тастап кетеді. Қала халқы соғыссыз беріледі. 100мың адамның басын алып пирамида жасалды.


1399жылы Әмір Темір Самарқанға оралған соң батысқа қарай үлкен соғысқа дайындала бастайды. Мираншахтың көтеріліс жасау әрекеті және Грузия мен Бағдадтағы толқулар туралы хабар жетеді. Сондықтан соңғы ең ұзақ жорығын бастайды.
1400жылы Темір Әзірбайжанға келіп Мираншах пен осы өлкенің халқы Темірге ешбір қарсылықсыз беріледі.
Қыста Қарабахта қалады. Грузияда тағы толқулар басталды деген хабар жетеді.


Темір әскерін жіберіп Тифлис пен Грузияның басқа да қалаларын басып алады.
1401 жылы Темір Бағдат қаласын басып алып қиратады. 90мың адамның басы алынып пирамидалар құрайды
Сол кезде Иылдырым Баязид Осман сұлтаны Әзірбайжан еліктеріне шабуыл жасайды.
Темір Сивас қаласына келіп 18күн қоршап қаланы ақыры басып алады. Мұсылмандар ғана аман қалып армян әскерін түгелдей ор қаздырып шұңқырға лақтырып көміп тастайды.

Иылдырым баязид1389-1402
1385жылы Түрік османы Софияны алды.
1389жылы Косово даласындағы сербтерді жеңді.
1392жылы Болгарияны қаратты.
1394жылы Константинополь алу үшін соғыс басталды.

Темірдің баязидпен соғысы
Темір Баязид бірінші соғыс жарияламас үшін одақтасы Египетке соғыс жариялады.
Осылайша Баязид соғысуға мәжбүр болды.
Алепо маңында Темір Сирияның әскерін талқандап қаланы басып алады.
Содан кейін Темір Дамаск қаласына жылжып жолда Фарудж басқарған мәмлүк әскерін жеңіп Дамаск қаласына шегіндіреді.
Сұлтан қаланы тастап Дамаск қаласын Темір қаланы қоршайды.


Дамаск қаласынан Темір Грузияға өтіп сосын соғысты Батыс Грузияда жүргізді.
700елді мекен 10бекініс қамал, шіркеулер жер бетінен жойылды.
Осы жерден Бағдатқа бет алып қарсы шыққан әмірлерді шығынға ұшыратады.
Темір Бағдатта жүргенде Баязид; Бағдадтың сұлтаны Ахметпен Мекке керуендерін тонап жүрген Қара Мұхаммедтің баласы Қара Юсуфты беруді талап етеді. Бірақ бұл өтініш орындалмай соғыстың басталуына себеп болады.
Темір Бағдаттан Әзірбайжанға келіп жорыққа дайындала бастайды.


1402жылы Баязидтпен шайқасы-тарихтағы ұлы оқиғалардың бірі болды. Екі жақтанда 200мың әскер қатысты.
Ұрыс таңертең Темір әскерінің оң қанаттан алдыңғы шебі Осман әскерінің сол қанатына шабуыл жасаумен басталды.
Бұл шабуыл Темір әскеріне тойтарыс берген соң ол күшті екі еселеді. Осман әскерінің екі қанаты да шегіне бастады.
Баязид сұлтан қашпақшы болғанымен Шағатай ұлысының хан титулын алып жүрген Махмұд тұтқынға түсіреді.
Баязид тұтқынға түскеніне, жеңілгеніне қайғырып құсадан қайтыс болады.


1402жылңы Анкарадағы жеңіс және Баязидтің өлімі 50 жылға дейін Константинопольді Осман түріктерінен сақтап қалды. Ал батыс елдері Темірді құтқарушы ретінде көрді.
Ал Баязидтің балаларына қарызын өтеу мақсатында Анадолыны қайтарып берді.
Темір Анадолыны тастап, Әзірбайжанға қыстау үшін келеді.
Кейін 7жыл болмаған туған қаласы Самарқан қаласына қайта оралады.


Қытайға жорық
1404жылы Құрылтай шақырып Қытайдағы пұтқа табынушыларға қарсы жорыққа шығу мәселесін қояды да барлық әмірлер қолдайды.
1404жылдың желтоқсан айында Барлық ұлыстарға әскер дайындау туралы бұйрық шығарады да Орталығы Ташкент қаласы болып бекітеді.
1405 жылы 8 қаңтарда 200мың әскерімен ол соңғы рет Самарқаннан шығып Отырар қаласында 27ақпанда Қытайға жорыққа шығуға бұйрық береді.


Қайтыс болуы
Бұл соңғы жорығы екенін сезгендей орнына ханзадалардың бірі Пір-Мұхаммед Жаһангерді тағайындап, оған діни және мемлекеттік басқаруды тапсырады.
1405жылы 1сәуірде 69жасында Отырар қаласында қайтыс болып оның мүрдесі ағаштан жасалынған табытқа салып Самарқан қаласында жерленді.
Ал табытын 1941жылы Герасимовтың экспедициясы ашты.


Империяның ыдырауы
1405 жылы Темір өлген соң оның таққа отырған Пір-Мұхаммедті әміршілер мойындай қоймады.
Бұл уақытта Ахмед ханзада бастаған оң қанаттың басшылары 1384жылы туылған Мираншахтың баласы Халил сұлтанды отырғызады.
Халил сұлтанның таққа отыруы әскер бөліктерінің бір-бірімен соғысуына алып келді. Самарқандта Халил билесе, Бұхарада Темірдің немересі Ұлықбек биледі.

Зардаптары
Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан аумағына жорықтары жергілікті халыққа қисапсыз қасірет әкелді. Жалпы алғанда Темірдің іс-әрекеті Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының тарихында жайсыз роль атқарды. Тонаушылық жорықтар Шығыс Дешті Қыпшақтың, әсіресе Оңтүстік Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайына теріс әсер етті: Халықтың бір бөлігі тұтқынға алынып, айдап әкетілді, бір бөлігі қаза тауып, халық саны едәуір азайып кетті; бұған дейін де моңғолдар үстемдігінің орнауының нәтижесінде зардап шеккен Жетісудың отырықшы егіншілік мәдениетінің қалдықтары құлдырап кетті; мал шаруашылығы аса ауыр шығынға ұшырады

Темір өз заманының аса зұлым жаулаушысы, елдер мен қалаларды қиратушы әлемге қорқыныш ұялататын қолбасшы ретінде танылса, бір қырынан ол аса талғампаз сәулетші де болды. Осы кезеңде Әмір Темірдің басшылығымен зәулім бақты сарайлар мен қалалар, елді мекендер, көпірлер тұрғызылған. Ол жердің бос жатуына жол бермеген. Темірдің жасампаздық өнерінің туындылары қалалар, медреселер, мешіттерге тіпті сол кезеңде еропалықтардың өзі таңдана қараған (Клавихо) . Ол өзіне дейінгі басшылар секілді парсы немесе араб құрылыстарын кайталамай, өзіндік ерекше мұсылман сәулет өнері тарихында бұрын жасалмаған дүниелерді тұрғызған.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz