Шағын кәсіпкерлік


Slide 1

ҚР-дағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, мемлекеттік қолдаудың бағыттары

Slide 2

Орындағандар:

Нұрұлы Елдар

Қалмаханбет Нұршат

Сәрсенов Айбек

Отарова Азиза

Туризм, 2 курс. ІІ семинарлық, 215-216 топ

Slide 3

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері

2. 2. Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары

2. 3. Шағын және орта кәсіпкерліктің кемшіліктері

2. 4. Респуб­ликадағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруда қабылданған заңдар

2. 5. ҚР кәсіпкерлікті дамыту мақсатында құрылған қорлар мен қоғамдық ұйымдар

2. 6. Қазақстандағы кәсіпкерлік динамикасы

2. 7. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры

2. 8. Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 4

Кіріспе

Кез келген ел үшін шағын, орта және ірі бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді.

Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен бірге шағын және орта қала­лардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.

Мемлекеттің шағын және орта биз­несті дамытуды ынталандыруға ден қоюы ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпін береді. Ірі өндірістерге қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін де айту керек.

Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі шағын кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.

Slide 5

Негізгі бөлім

Slide 6

Кәсіпкерліктің негізгі түрлері

Slide 7

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.

Slide 8

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары

-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы; -ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады; -тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы; -экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді; -өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады; -қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы; -адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

Slide 9

-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту; -меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы; -ғылыми-техникалық дамуды жандандыру; -жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру; - ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету; - арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату; осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады.

Slide 10

Шағын және орта кәсіпкерліктің кемшіліктері

Slide 11

“Қазақстан-2030” стратегиясының логикалық жалғасы іспетті “Индус­триялық даму” басымдығын әйгілеген “2003-2015 жылдарға арналған индус­триялық-инновациялық даму Страте­гиясы” өмірге келді. Осы құжатта мемлекет қызметінің осы сала бойынша негізгі және концептуалдық бағыттары кеңінен қарастырылған. Дәл уақытты белгілей отырып, мемлекеттің ресурста­рын нақты іске шоғырландыруға мүм­кіндік беріп отырған Стратегия Қазақ­станның дамуына жаңа серпіліс әкелді.

Slide 12

Респуб­ликадағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруда қабылданған заңдар

Slide 13

Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Slide 14

ҚР кәсіпкерлікті дамыту мақсатында құрылған қорлар мен қоғамдық ұйымдар

Slide 15

Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі шағын кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ішкі нарықты энергия тасығыш және басқа да өктем әлемдік коңюнктурадан тыс дамытуға мүмкіндік болады. Бюджетке шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту арқылы әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамта­масыз етуге болады.

Slide 16

ҚР Президен­тінің 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақ­станның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” деп аталатын Жолдауында мынандай негізгі бағыттар айқындалды:

Slide 17 Slide 18

2012 ж. 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстандағы кәсіпкерлік динамикасы

Slide 19 Slide 20 Slide 21

Тұтас алғанда, Қазақстан Республика­сының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау төңірегіндегі заңнамалық құжат­тары еліміздегі кәсіпкерлік қызмет аясын кеңейтуге барынша қолайлы жағдай жасап отыр. Біздегі бірқатар заңдар мен Жарлықтардың күштілігі мен тиімділігі мықты нарық экономикасын құруға серпін бергендігі дау тудырмайды. Еліміздің белсенді экономикалық саясаты аз уақыт ішінде нарықтың бүкіл талаптарына жауап беретін жүйелі құрылымдарды құруға негіз қалады.

Slide 22

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры - бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры - бейкоммерциялық қаржы ұйымы
Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
Қазақстан Республикасы кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау. Кәсіпкерлікті қолдаудың нормативті- құқықтық базалары
РЕСПУБЛИКАСЫ НДА ШАҒЫН
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау
Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын және орта бизнесті несиелеу ерекшіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz