Шаруашылық серіктестіктерінің, акционерлік қоғамның және мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық жағдайы


Slide 1

Тақырып: Шаруашылық серіктестіктерінің, акционерлік қоғамның және мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық жағдайы

Slide 2

Понятие хозяйственного товарищества.

Понятие акционерного общества

Управление акционерным обществом

Slide 3

Шаруашылық серіктестік - Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктесгігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.

Slide 4

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.

Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн.

Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.

Slide 5

Шаруашылық серiктестiктi басқару

1. Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады. 2. Шаруашылық серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп берiп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады) .

Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде:

1) басқарма (дирекция) ;

2) байқаушы кеңес;

3) заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкiн.

Slide 6

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқығы: 1) құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысу; 2) шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысу 3) таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы .

4) шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алу 2. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар міндетері: 1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтау; 2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыру; 3) шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеу

Slide 7

Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.

Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады.

Slide 8

Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.

Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.

Slide 9

Акционерлiк қоғам ұғымы

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады.

Акционерлiк қоғамның акционерлерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе.

Slide 10

Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.

Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Slide 11

Мемлекеттiк кәсiпорын


Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің ұйымды құқықтық формаларының қаржыны ұйымдастыруға әсері
Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысандары
Кәсіпорын түсінігі, мақсаты және міндеттер Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық, құқықтық формалары
Кәсіпкерлік мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Серіктестік
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
Өндірістік кооперативтер
Кәсіпорын туралы түсінік және түрлері
Төленбеген капитал шоты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz