ЛОГИСТИКАЛЫҚ ДЕЛДАЛДАР




Презентация қосу
Дайындаған: Жұбаназарова А.С.
Тексерген: Есенжігітова Р. Г.

ЛОГИСТИКАЛЫҚ
ДЕЛДАЛДАР
Тарату операцияларындағы делдалдар - түрлi маманданған тасымалдау,
жөнелту, тасымалдау-жөнелту (логистикалық) фирмалары, жеке тарату
компаниялары, жүк терминалдары және терминалды кешендер, жүк тарату
орталықтары, дайын өнiмдi сұрыптау, таралау және орау кәсiпорындары, жүк
өңдеушi және басқа да кәсiпорындар. Жеке таратуға жататын логистикалық
функцияларды сауда делдалдары да орындай алады .

Қолдаушы функцияларды орындайтын бөлудегi делдалдар арасында
қаржылық қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарын (банктер, қаржы
компаниялары, клиринг және есептеу орталықтары мен компаниялары және т.б.),
ақпараттық қызмет көрсету кәсiпорындарын (ақпаратты-диспетчерлiк
орталықтар, ұжымдық қолданудың есептеу орталықтары, байланыс және
телекоммуникация кәсiпорындары және т.б.), сақтандыру компанияларын,
стандарттау, лицензиялау және сертификаттау және т.б. кәсiпорындарды атап
көрсетуге болады.

Бөлудегi логистикалық делдалдар арасында орталық орынды алмастыру
функциясынан басқа да функцияларды орындайтын сауда делдалдары алады,
яғни олар қолдаушы функцияларды да орындайды (мысалы, тасымалдау,
жөнелту, сақтандыру, жүк өңдеу, қорларды басқару, несие-қаржылық қызмет
көрсету, сату алдындағы және одан кейiнгi қызмет және т.б.).
Логистикалық делдалдарды екі үлкен топқа біріктіруге
болады:
1) тауарды өзінің меншігіне алып, оның құнына әсер ете
алатындар(дистрибьютор, дилер)
2) өзгенің атынан және өзгенің қаражаты арқылы жұмыс
атқаратын, сонымен қоса құнына әсер етпейтіндер(агент,
брокер, маклер, комиссионер және т.б.).
Кей кезде бұл топтарды тәуелді немесе тәуелсіз делдалдар деп
атайды.
Операцияны өндіруші атынан өзінің ақшасымен жүзеге
асыратын дистрибьюторлар, арнайы шекарада және арнайы
уақытта ғана саудаға түсуге құқығы бар.
Операцияны өзінің атынан және өзінің ақшасына атқаратын
дилердар, содан кейін қатынас тоқтайтын, тауарды жеткізу
шарты бойынша алады.(экселюзивті дилерлер – ол арнайы
шекарада немесе өзіндік авторластырылған франшизасы бар
дилерлер. )
Осы арнаны таңдау тиімді болады, егер:
1) нарық бытыраңқы және әрбір географиялық
аймақтың өтім көлемі тікелей тарату каналымен
жүргізілу, шығынды ақтамайтын жағдайда;
2) көтерме саудагерлердің көп болуын қажет ететін,
шығарылым өндірістің әртүрлі салаларындада
таратылуы қажет етілген жағдайда;
3) тұтынушылар, қоймалық және транзиттік өңдеуге
ыңғайсыз болатын, тапсырыстарды аз мөлшерде
сатып алуды талап ететін жағдайда;
4) нарықтық құнмен тауардың өзіндік құнының
айырмашылығы, өзіндік өтім желісін ұстап тұруға
келмейтіндей, тым аз болған жағдайда.
Комиссиалық сыйға жұмыс істейтін тәуелді делдалдар өзі сататын тауарға
меншік құқығын елік етпейді.
Сауда агенттері (өкілдер, көмекшілер), таратушы және өндірістік болып
бөлінеді.
Өндірістік агенттер, қалыптасқан жағдай бойынша, өтім қызметін
атқарады, бірақ еңбек ақымен қоса комиссиалық сатылым көлемінен 3тен
10%-ға дейін жететін, сый ақысын алады. Осы топтағы басқа делдалдардан
өндірістік агенттердің ең үлкен ерекшелігі олар өндірушілердің нұсқаулары
бойынша жұмыс атқарады және оларға тәуелді болып келеді. Өндірістік
агенттер, негізінде тек бір шекарада жұмыс атқару құқығын алып, және тек
бір ғана өндірушіге қызен атқарады. Үлкен кәсіпорындар өндірушінің
маркетингтік бағдарламасына және бағаның деңгейіне әсер ете алатындай
етіп, агенттерді әрбір ассортиментті топтарға жібереді.
Таратушы агенттер кішігірім кәсіпорындарыменен қызмет атқарып,
өндірістің барлық маркетингіне жауап береді. Әдетте, олар өндірушінің
маркетингтік бөлімшесі атанып, толық мәнді таратудың құнын және
басқада жағдайларын қарастыруға толық құқығы бар. Таратушы
агенттердің кеңселері, тұтынушыға неғұрлым жақын орналасуы тиіс.
Брокерлер – сатушымен сатып алушыны келісім атқару үшін кезіктіретін
тұлға. Қандай жұмыспен айналысатынына, кімнің өкілі екеніне қарамастан,
брокер әрдайым тек заңға сай, нақты іс-қимыл жасайды. Брокердің
мақсаты — мол табыс табу болғанымен, ол өзінің делдалдық етуімен
қабылданған келісім бойынша нақты тапсырмалар ғана алады. Өзінің
қызметі үшін делдал келісімге сәйкес ақы (брокеридж) алады,оның
мөлшері тауар операциялары кезінде келісім-шартта көрсетілген соманың
0,25%-нан 2-3%-на дейін жетеді.
Көтерме саудагерлер – консигнанттар. Олар бакалейлік-гастрономдық
дүкендерді, бөлшектеп сатушыларды азық-түлік емес, кітап, журнал, кеңсе
тауарлары сиақты тауарлармен қамтамасыз етеді. Консигнантар негізінде
атақты фирмалардың тауарларымен айналысады, оларды өзінің жеке
меншігінде қалдыруға құқығы бар. Консигнанттер тауарды бөлшектік
сатушыларға консегнация шартымен өткізеді, олар тек нақты
сатылғантауар үшін ғана есеп айрысады. Бұл делдалдардың орындайтын
қызметтері: сауда орнында сөрелер орнату, тауарды жеткізу, оның қорын
толтыру, қаржыландыру. Мысалы, «Маккиссон» компаниясы кейде
консигнант ретінде дәріханаларда косметикалық тауарларды сатады,
өйткені провизорлардың білімі мен уақыты дұрыс тапсырыс беруге және
тауарды ашық жария етіп көрсетуге жетпейді.
Тарату логистикасының логистикалық делдалдарға
жүгінудің негізгі себептері, байланысты:
- тұтынушы сұраныс нарығының үздік мониторингімен;
- логистикалық ақауларды азайтумен;
- логистикалық ортаның өзгеру мүмкіндігіне байланысты
фирманың үздік икемлелуі және бейімделуі;
- шешімдердің жүйелік және интегралдау мүмкіндігіне;
- өндірістің әлемдік деңгейде және үздік технологияларға
қол жетімділігіне;
- логистикалық және операциялық кезеңдерінің жалғасуы
және тәуекелді азайтумен;
- ақпараттың қолжетімдігіне және сапасының арттыруына
алып келетін заманауи технологияларға жедел
қолжетімділіктің болуымен.
Көтерме делдалдар (әсіресе қиын ассортиментті тауарларды
тасымалдағанда қолданылады) келесідей қызметтерді көрсете алады:
- сатып алушылар үшін консалтингтік және ақпараттық қызмет
көрсетіп, топтау, қоймалау және кредиттеу қызметтері;
- сатып алушылар үшін маркетингтік қызмет, коммерциялық
әрекеттің ортақталуын, тауарайналым процесіне инвестиция тартып,
тауардың сақталуына кепіл береді.
Көтерме саудагерлерді мына жағдайларда таңдау тиімді болады:
• егер нарық шашыраңқы болса, әр бір географиялық аймақтағы
өткізу көлемі тікелей өткізудегі шығындарды өтеуге жеткіліксіз
болса;
• әдетте көтерме саудагерлердің (делдалдардың) саны, өндірушінің
аймақтық жиынтық қоймалары санынан көп болса;
• бұйым өнеркәсіптің көптеген салаларындағы тұтынушыларға
өткізілуі тиіс, олардың барлығын немесе көп бөлігін қамту тәуелсіз
көтерме делдалдарды пайдаланған кезде болады;
• тұтынушылар өнімді ұсақ партиялармен сатып алатын болса.
Тәуелсіз дистрибьютор – тауарларды өз иелігіне сатып алып кейін оларды
тұтынушыларға сатып, өткізетін жеке дара делдалдық ұйымдар. Өндіріс
құралдарын сатып өткізетін тәуелсіз көтерме делдалдарды көбінесе
дистрибьюторлар деп атаса, қызмет саласына байланысты, оларды көтерме
фирмалар немесе сауда үйлері деп те атайды.
Тәуелді – бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін
си ақы алатын делдалдар. Оларға-өткізу агенттері, брокерлер,
комиссионерлер сатып алатын кеңселер, тағы басқалары жатады. Қызмет
көрсетуді қамту деңгейіне байланысты тәуелді делдалдар былайша
ерекшеленеді:
• Тұтынушыға толық циклді қызмет көрсететін көтерме саудагерлер.Өз
серіктестеріне тауар қорларын сақтау, несиелеу, тауарды жеткізу, басқару
саласында жәрдемдесу сиақты қызметтерді көрсетеді. Олар тауарды өз
есебінен сатып алып, нарық конъюнктурасының өзгеруі, тауардың
бұзылуына, ескіруіне байланысты пайда болатын бүкіл тәуекелді өз мойнына
жүктейді.
• Тұтынушыларға шектеулі циклмен қызмет көрсететін көтерме
саудагерлер. Бірінші топқа қарағанда, өз тұтынушылары мен жеткізушілеріне
азырақ қызмет көрсетеді.
Делдалдарды таңдау барысында төмендегі сұрақтарға жауап беру
керек:
Делдалдың өнім өндірушіге ұсынатын қызыметінің көлемі;
Өнім өндірушінің тауар белгісіне делдалдың қатысы,
көзқарасы;
Делдал көмегімен сатылым көлемін жоғарлату мүмкіндігі;
Делдал көмегіне кететін шығындар;
Делдалдың клиентке қатысты тұрғылықты жері;
Делдалдың іс-әрекетінің өнім өндіруше талабына сәйкестігі;
Сатуды ынталандыру жөніндегі делдалдың қатысуы;
Делдалдың қаржылық жағдайы;
Делдалдық фирманың басқару формасы;
Жарнамалық қызметтің көлемі делдал арқылы жүзеге
асырылады және оны төлеу шарттары;
Делдалдың өз бәсекелестеріне көзқарасы;
Делдал арқыы төлеу шоттарының заңдылығы;
Делдал арқылы алынатын нарық туралы ақпараттың көлемі;
Соңғы пайдаланушы тарапынан делдалға түсетін шағымдар;
Делдал арқылы жүзеге асқан операциялардың тиімділігі.
Делдалдық ұйымдардың көрсететін қызмет
түрлері:
Информациялық – комерциялық қызмет;
Комиссилық қызметтер;
Ғылыми – консультациялар;
Инженерлік қызметтер;
Жалгерлік (лизинг)қызметтер;
Жарнамалық қызмет;

Келесі слайдта ұйымдық деңгейдегі
логистикалық делдалдарды таңдау барысындағы
ескерілетің критерийлер мен ерекшеліктер мысал
ретінде көрсетілген
Мысал ретінде алсақ «Жұлдыз» тәттілер
шығарушы фирма үшін Алматы қаласынан
Ақтөбе қаласына арнайы тапсырыс бойынша
тәттілер жіберуі керек болды делік. Оның
делдалды таңдау барысы төмендегідей
болады. Әуелі өздері қажет деп тапқан
критерийлерді пайыздық есепте көрсетеді де,
бірнеше делдалдар арасынан таңдау жасайды.

1-қадам
2-қадам. Есептелген нәтижелер арасынан ең жоғары баллдық
рейтингке ие болған логистикалық делдалды ең тиімді делдал
ретінде таңдалады. Біздің мысалда бұл «С» логистикалық делдалы
болып табылды.
Тауар ағындарының қозғалысын
қалыптастыратын, делдал қызметтерінің даму
перспективтерін болжамдау, ұсынылған қызмет
ассортименттерінің, бірінші кезекте
логистикалық қызметтердің кеңеюіне және
көлемінің арттыруына алып келеді.
Тарату каналы барлық жүйелер сияқты, тек
санменен сипатталмайды, онымен қоса оған
кіретін элементтермен олардың өзара байланыс
ерекшеліктерімен сипатталып, делдалдар
арнасында қызмет ету классификациясы
әртүрлілікпен ерекшеленеді.

Ұқсас жұмыстар
Логистикалық тізбек және маркетингтік каналдар
ҚОЙМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ БАСҚАРУ
Логистикалық жүйенің стратегиялық менеджменті
Қоймалық технологиялар
Логистикалық жүйе
Әлемдік нарықтағы логистика
Украинаның логистикалық жүйесі
Логистикадағы тәуекелдер
Логистикалық тәуекел
Қорлардың типтері
Пәндер