Еңбекті нормалау


Slide 1

Еңбекті нормалау

Дайындаған:

Тексерген:

Slide 2

Еңбекті нормалау - белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орныныңэкономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.

Ұйымдарда еңбекті нормалаудың мақсаты ғылыми жетістіктер мен үздік тәжірибені енгізу, олардың нормалардан уақтылы көрініс табуы нәтижесінде еңбек шығындарын азайту бойынша мақсаткерлік жұмыстарды жүргізудің негізінде оның өндірістік және еңбек әлеуетін тиімді пайдалануды, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Slide 3 Slide 4

Өзінің экономикалық мәні тұрғысынан еңбек шарасы болып табылатын еңбек нормалары:

-еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыру;

-ағымдағы және перспективалық жоспарлау;

-еңбек тиімділігін бағалау және еңбектің жоғары өнімділігін ынталандырудың негізі болу;

-еңбектің қалыпты қарқындылығы мен ауырлығын қамтамасыз етуге негіз болу;

-қызметкердің мүдделерін оған еңбек нормаларына сәйкес тапсырылатын жұмыстардың мазмұндылығы бөлігінде сақтау, оның кәсіптік-біліктілік жағынан өсу перспективаларының (еңбек карьерасы) кепілдігі қызметтерін атқарады.

Slide 5

Еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру бойынша жұмыстарды нарық жағдайында жұмыс беруші жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын (тарифін) азайтуда еңбек нормалары рөлінің күшеюімен олардың қызметкердің мүмкіндігі мен қажеттілігіне бағытталуы тиістілігіне байланысты еңбекті нормалау мынадай қағидаттарға құрылуы керек.

Slide 6

Еңбекті нормалау қағидаттары

- әрбір қызметкердің еңбек үлесін өлшеу және бағалауды қамтамасыз ететін еңбекті нормалау саласын барынша кеңейту (еңбекті нормалаудың жалпылығы) ;

- нормалар еңбектің қажетті шығындарын бейнелеуі керек және ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай болуы керек;

- еңбек нормаларының ұйымдық-техникалық факторлармен қатар, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторларды да ескеріп негізделуі;

- ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін ескеру;

- өнімге көп еңбек жұмсауды азайта отырып, «зерттеу - өндіріс - пайдалану» циклінің барлық стадияларында еңбек шығындарын үнемдеуге мақсатты түрде ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқару жүйесін қалыптастыру.

Slide 7

Еңбек нормаларының түрлері

Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт, өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ нормаланған тапсырмалар.

Уақыт нормасы - бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығындарының көлемі.

Slide 8

Өндіру нормасы - бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінде орындауға (жасауға, тасымалдауға және т. б. ) міндетті белгіленген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны) .

Қызметкерлер санының нормасы - белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлерінің белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін немесе жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің белгіленген саны.

Қызмет көрсету нормасы - бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінің ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілер (жабдықтардың, жұмыс орындарының және т. б. бірліктері) саны.

Нормаланған тапсырма - бір қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе жұмыс уақытының өзге бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.

Басқарушылық нормасы - бұл белгілі бір ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда бір қызметкер басқаруға тиіс қызметкерлердің регламенттелген саны (бөлімшелер саны) .

Slide 9

Еңбек нормасы

Ірілендірілген-кешенді норма

Уақытша норма

Біржолғы норма

Slide 10

Ірілендірілген және кешенді нормалар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) жоспарлы-есептік (есептік) бірлігіне, дайын бұйымға, буынға, бригадалық жиынтыққа, технологиялық оқшауланған операцияға, құрылыс кезеңі немесе объектісіне қарай белгіленеді.

Жұмыстарға белгіленген, ұйымдық-техникалық жағдайлары жағынан тұрақты еңбек нормаларымен қатар, уақытша және біржолғы нормалар қолданылады.

Еңбектің уақытша нормалары жаңа өнімді, техниканы, технологияны игеру, нормалар мен нормативтік материалдар болмаған кезде өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру кезеңіне еңбекті нормалау үшін белгіленеді.

Еңбектің біржолғы нормалары біржолғы сипаттағы (жоспардан тыс, авариялық) жекелеген жұмыстарға белгіленеді.

Slide 11

Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар

Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар (бұдан әрі - нормативтік материалдар) - жұмыстардың элементтерін немесе кешенін орындауға, жабдықтың, жұмыс орнының, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т. б. бірлігіне қызмет көрсетуге, сондай-ақ өндірістің нақты ұйымдық-техникалық жағдайы мен факторына байланысты өлшем бірлігі ретінде қабылданған өндірістік функцияларды немесе жұмыс көлемін орындау үшін қажетті қызметкерлердің санына жұмсалған еңбектің (уақыттың) регламенттелген мәні.

Slide 12

Нормативтік материалдарға мыналар кіреді:

жабдық жұмысы режимінің нормативтері;

уақыт нормативтері;

регламенттелген үзілістердің нормативтері;

қызметкерлердің саны нормативтері;

қызмет көрсету уақытының нормативтері;

еңбек процессінің элементтері бойынша сараланған және ірілену дәрежесі белгіленетін еңбек нормаларынан төмен уақыт, өндіру және қызмет көрсету нормалары.

Slide 13

Жабдық жұмысы режимінің нормативтері - жабдықтың жұмыс параметрлерін едәуір оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін регламенттелген өлшемдері. Олар зертханаларда да, сол сияқты өндірістік жағдайларда да әзірленеді, әзірлеу барысында жабдықтың кинематикалық және динамикалық мүмкіндігі ескеріледі.

Уақыт нормативтері - еңбек процессінің жекелеген элементтеріне жұмсалатын регламенттелген уақыт көлемі, олар нақты еңбек нормаларын, нормаланған тапсырмаларды есептеуге, ірілену дәрежесі едәуір жоғары уақыт нормативтерін әзірлеуге арналған.

Уақыт нормативтері еңбек процессінің мынадай элементтеріне әзірленеді: еңбек қимылы, еңбек әрекеті, еңбек тәсілі, тәсілдер кешені, еңбек операциясы, сондай-ақ еңбек уақытын жұмсау түрлері: негізгі, қосымша жедел уақыт, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, дайындау-қорытынды уақыты, толық емес жеке уақыт.

Қызмет көрсету уақытының нормативтері - жабдық бірлігіне, жұмыс орнына және басқа да өндірістік бірліктерге қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыттың регламенттелген көлемі.

Қызметкерлердің саны нормативтері - жұмыс көлемі бірлігін немесе оның жекелеген функцияларын орындау үшін қажетті жұмысшылардың регламенттелген саны.

Slide 14

Еңбек төлемі қандай жағдайда беріледі?

Жұмыс беруші жұмысшы еңбегіне заңнамаға, жеке еңбек келісім -шартына, ұжымдық келісім -шартқа сәйкес төлеуі тиіс .

Жұмысшы еңбекті уақтылы, келісімді немесе еңбек төлемінің басқа да жүйелерімен төленеді . Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек ету көрсеткішіне байланысты төленеді.

Жұмысшы жалақысы оның жасаған жұмысының ауырлығына, саны мен сапасына байланысты анықталады.

Slide 15

Жұмысшының материалдық қызығушылығын арттыру үшін өндіріс тиімділігі мен сапасына қарай жыл соңында мадақтау немесе басқа да материалдық қолдау түріндегі қолдаулар көрсетіледі.

Ұйымдардағы еңбек төлемінің жүйесі ұжымдық келісім-шартпен немесе жұмыс беруші актілерімен анықталады.

Жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыс қиындығы түрлерін анықтау жұмыс анықтамалығының бірегей тарифті -біліктілік пен жұмысшылар мамандығы негізінде бекітіледі . Көрсетілген анықтамалықты жасау мен тәртібін анықтау еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның құзырында. Жұмысшылардың біліктілік разряды мен күрделілігін анықтау жұмыс анықтамалығының бірегей тарифті-біліктілік пен жұмысшылар мамандығы негізінде бекітіледі

Slide 16

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

9-тарау. ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ

115-бап. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:

o еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін;

o мемлекеттік органдардың еңбектің техникалық негізделген үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеуді қамтамасыз етуін;

o жұмыс берушілердің еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді және қайта қарауды қамтамасыз етуін бақылауды қамтиды.

116-бап. Еңбек нормалары

1. Еңбек (өндірім, уақыт, қызмет ету) нормалары еңбек шығындарының өлшемі болып табылады және тиісті біліктілігі бар қызметкері үшін техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес белгіленеді.

2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін өндірім нормалары осы Кодекстің 182-бабына сәйкес белгіленеді.

3. 3. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегіне уақыт бойынша ақы төлеу кезінде нормаланған тапсырмалар белгіленеді. Жұмыс беруші жекелеген функциялар мен жұмыс көлемдерінің орындалуы үшін қызмет ету нормаларын немесе қызметкерлер санының нормаларын (нормативтерін) белгілеуі мүмкін.

Slide 17

117-бап. Жаңа еңбек нормаларын әзірлеу, енгізу, қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру және қайта қарау


Ұқсас жұмыстар
Еңбекті ұйымдастыру
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУДЫҢ РОЛІ, МӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Еңбек өнімділігі және Еңбекті нормалау
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу.Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру
Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер
Өндірістің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
Еңбек және оның экономикалық мәні
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу
Кәсіпкерлік қызметтегі кадрлармен қамтамасыз ету
Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz