Коррекциялық бағдарламаның түрлері




Презентация қосу
Кәсіби таңдау мен кәсіби
бағытталудағы психологиялық-
педагогикалық коррекция.
1. Психологиялық-педагогикалық
коррекция – педагог-психологтың
іс-әрекет сферасы.
2. Психокоррекциялық-
дамытушылық бағдарламаларды
құру ерекшеліктері.
3. Психокоррекциялық
жұмыстарды жүзеге асыратын
психологқа қойылатын талаптар.
Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері:.
1. Диагностика мен коррекцияның бірлік принципі – психологтың
практикалық іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде, психологиялық көмек
көрсету процесінің тұтастығын сипаттайды.
2. Дамудың нормативті принципі - онтогеникалық дамудың жас аралық
сатысы ретінде, бір-бірін ауыстырып отыратын жүйелілік.
3. Коррекция принципі «жоғарыдан төмен» (Л.С.Выготский). Коррекция
озып өту сипатында және психологиялық құрылымның уақытында
қалыптасуға көзделген психологиялық іс-әрекет ретінде құрылады.
4. Коррекция принципі «төменен жоғары». Психологиялық
қабілеттіліктерін жаттықтыру.
5. Психологиялық іс-әрекеттің даму жүйесі принципі. Коррекциялық
жұмыста профилактикалық және дамытушылық міндеттердің есепке
алу қажеттілігі.
6. Коррекцияның іс-әрекет принципі. Мақсатқа жету тәсілдері мен
құралдарын таңдау, коррекциялық жұмыстың жүргізілу тактикасын
және қойылған мақсаттың жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды.
Психокоррекциялық іс-шараны
ұйымдастырудағы психологқа
қойылдатын талаптар
1) Коррекциялық жұмыстың теориялық негізін білу,
онтогонездегі психологиялық дамудың заңдылықтарын және
даму мен оқытудың сәйкестілігін және коррекция тәсілдері – ол
теориялық компонент.
2) Коррекцияның әдістері мен әдістемелерін меңгеруі – ол
практикалық компонент.
3) Клиенттің мәселелерін шешпей тұрып, өз мәселелерімен
жұмыс істеп алу керек – ол тұлғалық даярлық .
* басқа адамдарды тану
* өзініњ тәртібін, эмоциясын қарым-қатынасын басқару
іскерлігі.
* коррекциялық жұмыстың нәтижелілігі ұзақ уақыт
аралығында көрінеді. Коррекциялық жұмыстың барысында,
оның анықталу кезеңіне қарай және сонымен жобамен жарты
жылдан кейін ақырғы бектілуі жайлы немесе клиенттің
коррекциялық жұмысының оңтайлы әсерін жоғарлатады.
Психокоррекциялық-дамытушылық бағдарламаларды құру ерекшеліктері.
Психокоррекциялық бағдарламалардың негізгі түрлері мен құру принциптері.
Психокоррекциялық бағдарламаларды құру барысында төмендегі принциптерге сүйену
керек:
1) Коррекциялық, дамытушылық және профилактикалық міндеттердің жүйелілік принципі.
Коррекциялық дамытушылық бағдарламалардың мақсаты мен міндеттері үш деңгейде
құрылады: коррекциялық–дамудың бұзылуын және ауытқылушылығын шешу,
профилактикалық – дамуында ауытқушылығы мен қиындықтарын алдын алу; дамытушылық
– оңтайландыру, ынталандыру, даму мазмұнын арттыру;
2) Коррекция мен диагностиканы біріктіру принципі. Практик психологтың ерекше іс-әрекеті
ретінде клиенттің дамуына психологиялық көмек көрсету үрдісінің тұтастығының сипаты.
3) Каузальды типті коррекцияның басым сипаттағы принципі. Бұл принцип коррекциялық іс-
шараның басым сипаттағы мақсатта клиенттің дамуындағы ауытқушылықтар мен
қиындықтарын жою дегенді білдіреді.
4) Коррекцияның іс-әрекет принципі Бұл принциптің теориялық негізі А.Н.Леонтьев,
Д.Б.Элькониннің тұжырымдамаларындағы баланың даму теориясы болып табылады. Бұл
принцип коррекциялық коррекциялық жұмыстың жүргізілу тактикасын және қойылған
мақсаттың жүзеге асырылу жолдары мен тәсілдерін анықтайды.
5) Клиенттің дербес ерекшеліктері мен жас ерекшелік психологиясын есепке алу принципі.
Бұл принцип клиенттің тұлғалық және психикалық даму жолдарының сәйкестілігін және
тұлғаның нақты даму жолдарының қайталанбауын талап етеді.
6) Психологиялық әсер ету әдістерінің жинақтылық принципі. Практик психологтың
көптеген әдіс-тәсілдерінің пайдалану қажеттіліктері.
7) Коррекциялық бағдарламада таяу әлеуметтік ортасын
белсенді түрде назарын аудару принципі. Дамудың
объектісі ол тұлғаны жекешелендіру емес, өзі субъектісі
болатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінің тұтастығы
болып табылады.
8) Психикалық процестердің әр деңгейде ұйымдастыру
тірегі принципі. Коррекциялық бағдарламаларды құрастыру
барысында барынша дамыған психикалық процестерге
сүйену қажет және белсендіретін әдістерді пайдалану
керек.
9) Бағдарламалық оқыту принципі. Алдымен психологпен
орындалған, одан кейін өз бетінше дағды икемділіктердің
қалыптасу операцияларының жүйелік қатары.
10) Күрделену принципі. Минималдыдан қарапайымға,
максималды күрделіге.
11) Материалдың әр түрлілік деңгейі мен көлемінің өсу
принципі. Материалдың көлемін, әртүрлілігін өсіру.
12) Материалдың эмоцианалдық күрделілігін есепке алу
принципі. Коррекциялық сабақ эмоцианалды жағымды рең
тудырып, жағымды эмоция туғызу керек.
Коррекциялық бағдарламаның түрлері:
Коррекция әсерінің жүзеге асырылуы үшін коррекцияның белгілі
бір нақты моделі болу керек:
Коррекцияның жалпы моделі – жалпы тұлғаның жас ерекшелік
оптимальды даму жүйесі.
Коррекцияның типтік моделі – практикалық іс-әрекеттің
ұйымдастырылуы әр түрлі негізде негізделген: әрекеттің әр түрлі
комоненттерін меңгеруге және әр түрлі әрекеттің кезең бойынша
қалыптасуына бағытталған.
Коррекцияның дербес моделі – клиенттің психикалық дамуына
дербес анықтама сипатын, жетекші әрекет түрлерінің шығарылуы,
дербес даму бағдарламасының құрылуы.
Сонымен қатар, еркін және стандартталған коррекциялық
бағдарламалар бар.
Стандартталған бағдарламада - бағдарлама қатысушыларына
коррекция кезеңдері, керекті материалдар, талаптар, нақты
жазылған.
Еркін бағдарламада –коррекцияның мақсатын, міндеттерін, коррекция
кезеңдерін, психолог өз бетімен құрады. Өзі кездесу ұйымдастырады.
Клиентке мақсатты түрде әсер ету үшін, психокоррекциялық комплекс
арқылы жүзеге асырылады: ол өзара байланысты блоктардан тұрады. Әр
блок әр түрлі міндеттерді шешуге бағытталған әдіс-тәсілдерден тұрады:
Диагностикалық блок. Мақсаты: тұлғаның даму ерекшеліктерін
диагностикалау, психологиялық коррекцияның жалпы бағдарламасының
қалыптасуы.
Нұсқаушы блок. Мақсаты: өзараәрекеттесуге тілктерінің оянуы,
мазасыздықтың бәсеңденуі, клиенттің өз өзіне сенімділігі, өз өмірінде
бірдеңені өзгерту, психологпен ынтымақтасуы.
Коррекциялық блогы. Мақсаты: клиенттің даму гармониясы және
оптимистілігі, жағымсыздан жағымдыға көшуі, әлеммен және өзімен
өзара әрекеттесу тәсілдерін меңгеру.
Коррекциялық әсердің тиімділік бағасы блогы. Мақсаты: реакцияның
психологиялық динамикасы мен мазмұнын өлшеу, позитивті реакцияның
пайда болуына мүмкіндік туғызу, өзіне-өзі сенімділіктің тұрақталуы.
Клиент үшін бағдарламада қатысу барысында табыстылықтың негізгі
критерийлері сабақтан алған эмоциялық қанағаттанарлық, жағымды сезімдер.
Психолог үшін, коррекциялық бағдарламаны жүзеге асыру және
ұйымдастыруға жауапты психологқа бағалау критерийі, ол алға қойған
мақсатқа жету.
Клиенттің айналасындағы тұлғалар үшін бағдарлама тиімділігі мүдделерінің
қанағаттануымен анықталады.
Жоспарланған жетістікке жету үшін қарқынды коррекциялық іс-шара мазмұнды
мағына береді. Коррекциялық сабақтар аптасына кеміне 1 реттен, 1- 1,5
сағаттан жүргізіліп отыру керек. Сонымен қатар қарқынды коррекциялық
бағдарлама әдіс-тәсілдердің, жаттығулардың, ойындардың әр-түрлілігімен
анықталады. Коррекциялық жұмыстың табыстылығы коррекциялық әсерді
болжай білуде. Тіпті коррекциялық жұмыс аяқталған соң 1-2 ай аралығында
бақылау жүргізу керек. Клиентпен қарым-қатынаста болу керек, ол жаңа
проблемалардың тумауына себеп болады. Коррекциялық бағдарламаның
тиімділігі оның жүзеге асу уақыты елеулі әсер етеді. Дамуындағы
ауытқушылықты дер кезінде байқалып, жұмыс ертерек жүргізілсе бұл
мәселелерді шешу оңайға соғады, яғни бағдарламаның тиімділігі артады.
Психокоррекция тиімділігін анықтайтын
факторлар:
Клиентті күту.
Клиент үшін маңызды ол туған мәселелерден
құтылу.
Клиент мәселесінің сипаты.
Клиенттің ынтымақтастыққа даярлығы.
Жүзеге асырылып жатқан коррекциялық іс-
шарадан психологтың үміті.
Психологтың кәсібіи және тұлғалық тәжірбиесі.
Психокоррекциялық нақты әдістің спецификалық
әсері.
Психокоррекциялық әсер төмендегідей
сипатталады:
Клиенттің субъективті ішкі жан дүниесінің өзгеруі;
Адам әлемінің әр модальдығында өзгеру сипаты.
Адам өмірінің өзгеруінің тұрақталуы. (әсерден
кейін)
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Психо - педагогикалық коррекцияның негізгі бағытттары
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
ДЕФЕКТОЛОГИЯ
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық коррекциялық қолдау
Ойын терапия: негізгі түсініктері, мақсаттары, процедуралары
Ата - аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру
Психологиялық-педагогикалық коррекция пәніне кіріспе
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
Пәндер