Ерлі - зайыптылардың құқықтық қатынастары


Slide 1

Курстық жұмыс “Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары”

Тұрлыбекова Айнұр 32Қ

Slide 2

Ерлі - зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАЖ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі - зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 - ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.

Ерлі - зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына негізделеді.

Slide 3

Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету - заң бойынша немесе неке шарты бойынша реттеледі. Егер меншікке құқық заңмен реттелсе, онда заңды режим қолданылады. Егер меншікке құқық шартпен реттелсе, онда шарттық режим қолданылады. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады.

Slide 4

Ерлі - зайыптылардың жәке және мүліктік құқықтық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді.

Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі - зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

ерінің қайтыс болуы;

соттың ерлі - зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

некенің бұзылуы (ажырасу) .

Неке және отбасы туралы Заңның 4-тарауы некенi тоқтату мәселелеріне арналған.

Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі.

Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді.

Slide 5

Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАЖ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАЖ органдарында ерлі - зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда - жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі - зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай - ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

АХАЖ органдарында ерлі - зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;

кәмелетке толмаған балаларының болмауы;

бір - біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

Slide 6

Некені бұзу АХАЖ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады.

Бір ай мерзім ерлі - зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып - тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.

Ерлі - зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАЖ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.

АХАЖ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі - зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

Slide 7

Некені сот тәртібімен бұзу мынадай жағдайларда іске асырылады:

ерлі - зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;

ерлі - зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;

егер ерлі - зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т. б. ;

ерлі - зайыптылардың бір - біріне мүіктік талаптарының болуы.

Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі - зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.

Slide 8

Егер айырылысатын ерлі - зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата - анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата - анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай - ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15 - бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».

Slide 9

Сот тәртібімен некені бұзу ерлі - зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады. Некені тоқтатудың құқықтық салдары. Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі - зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Ортақ меншік
Отбасы және неке
АХАТ органдарында некені бұзу
Неке шарты
Меншік құқығының ұғымы және түрлері
Ортақ меншік туралы
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада
Қазақстан Республикасының отбасы және неке құқығы негіздері
Некеге тұру тәртібі
Неке - отбасын құрудың негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz