Буылтық құрттар типі нареиданың ішкі құрылысы
Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Буылтық құрттар типі нареиданың ішкі құрылысы
Буылтық құрттар
• Едәуір күрделі құрылысты
• Денесі екі жақты симметриялы,ұзын. Денесінде екінші
қуыс - целом қуысы болады. Ол әр буылтықта ішкі перделер
арқылы бөлініп отырады.
• Буылтықтанған,бөлшектенген гомономды сегменттерден
тұрады
• Теңізде, тұщы суда және топырақта тіршілік етеді
• Бірнеше милиметрден 3 метрге дейін
болады
• 9000ға жуық түрі бар(көпқылтандылар 5300)
• 2 тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер
• Белдеусіздердің 1 класы – көпқылтанды құрттар, ал белдеулілердің 2 класы –
азқылтанды құрттар және сүліктер бар.
• Тіршілігі: Олар Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Паразиттік тіршілік
ететіндері де бар. Көптеген түрлерімен балықтар қоректенеді. Буылтық құрттарға
жататын Жауын құрты топырақты құнарландырады, ал сүлік медицинада қолданылады.
• Қозғалуы: Эпителий қабатының астында сақина тәрізді қиғаш бұлшық еттері
орналасқан, солардың жиырылуы нәтижесінде құрттар қозғалады. Басым көпшілігі
белсенді жүзіп, ал кейбіреулері су түбіне бекініп, немесе топырақты қазып тіршілік
етеді, “үйшік” немесе түтікшелер жасайды. Денесі бас, тұлға және аналь (пигидия)
бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімі екі пигменттен тұрады: ауыз алды немесе бас
қалқаншасы – простомиум және ауыз сегменті – перистомиум.
• ішкі сұйыққа толы өзіндік қабатының болуымен ерекшеленетін целом қуысы болады.
• Жүйке жүйесі жақсы дамыған, ол жұтқыншақ үсті ганглиядан және ұзынынан
орналасқан құрсақ жүйке талшықтары тізбегінен тұрады.
• Қан айналу жүйесі көпшілігінде тұйық біткен, ол арқа қан тамырынан (қан арттан алға
қарай ағады) және құрсақ қан тамырынан (қан алдан артқа қарай ағады) құралады.
Терісімен, ал кейбір түрлері желбезек арқылы тыныс алады.
• Ас қорыту жүйесі алдыңғы ішек бөлімінен (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш) және ұзын
ортаңғы, аналь саңылауымен аяқталатын қысқа артқы ішектен құралады.
• Зәр шығару жүйесі – метанефридиялы (әрбір сегментінде орналасқан қос түтікшелер
арқылы зәр шығару), кейбір түрлерінде протонефридиялы (қарапайым немесе
тармақталған каналдар арқылы зәр шығару). Буылтық құрттардың көпшілігі –
гермафродитті, ішінде дара жыныстылары да бар. Олардың дернәсілін – трохофера деп
атайды.
Көпқылтанды құрттар , полихеттер
(Polychaeta)
• Тұлғасы біркелкі бөлшектелген гомономды сегменттерден (5 – 800) тұрады
• Денесі бір қабатты эпителиймен қапталған.
• Целом қуысының негізгі қызметі – тірек, зәр шығару, тасымалдаушы, әрі онда ұрық
клеткалар дамып жетіледі.
• Қан айналу жүйесі – тұйық, яғни қан басты тамырлардан майда тамырларға және
капиллярларға өтіп, олардан қайтып басты тамырларға оралып келеді.
• Сезім мүшелері - 2 немесе 4 көздері көз ұяшығында орналасқан, оны жан-жағынан
эпителий қабаты жапқан. Эпителий тор қабықтың қызметін атқарады. Кейбір түрлерінде
көздері күрделіленіп, терісінен бөлектеніп, көз көпіршігіне айналған. Оның мөлдір және
тор қабығы, шыны тәрізді денесі және көз жанары болады.
• Даражыныстылар. Жыныс диформизмі байқалмайды. Жұмыртқалар сырттай
ұрықтанады. Араларында жыныссыз көбейетіндері (мыс., Nereіdae, Eunіcіdae) де
бар.Дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Дамуындағы басты ерекшеліктері: зиготаның
спиральді бөлінуі, трохофора дернәсілінің пайда болуы.
Нереида (Nereididae)
• Тынысалу мүшесі-желбезек. Терісі де тыныс алуға қатысады.
• 1939 жылдан бастап Каспий теңізіне бекірелілердің қоректік қорын молайту
үшін жерсіндірілді, оны бекіре балығы қорек етеді.
• Дене ұзындығы 90 см дейін 35 туысының 450 түрі белгі . ТМД-да 30-дай түрі
таралған
• Қанының түсі – қызыл.
• Сезім мүшелері: Антенналары және пальпалары 1 жұп
• Әр сегментте параподий аяқ қызметін атқарады: негізгі бөлім,арқа және
құрсақ тармақтарынан тұрады.Әр тармағында бір-бірден мұртшалары және
шоқ (қылтандары болады ішінде тірек қылтандары болады).
• Дене қуысы тері-бұлшықет қапшығының астында сұйықтыққа толы болады.
Сол сұйықтықта құрттың ішкі мүшелері орналасады. Дене қуысы жұмыр
құрттардағыдай бүкіл денеге созылмай, буылтық сайын перделермен бөлінеді.
НЕРЕИДА
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz