Адам өміріндегі достықтың орны
Презентация қосу
Адам өміріндегі достықтың
орны.
Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы
қамал - адал достар
Аристотель
Дос дегеніміз- өмірдегі ең шыншыл, адал, қымбат
жан. «Жаман дос көлеңке дейді» дана халқымыз. Демек,
дос деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын,
сырыңды басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз.
Қазақта: «Дұшпан күлдіріп айтар, дос жылатып
айтар» деген мақал бар. Досыңның шындықты
айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігінді түзейсің.
Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте
маңызды және өзің де осындай жолдас бола білуің керек.
Жақсы дос – жан азығы. Достық - бұл адам өміріндегі ең
маңызды нәрселердің бірі. Достық деген сөзге нақты анықтама
беру қиын, тіпті анықтамасы жоқ деуге келеді. Себебі, әр
адамның көзқарасы мен түсінігі әртүрлі. Тек өмірлік көзқарасы
ортақ, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар ғана бір-бірімен дос
бола алады.Демек, достық - ол тек адамдардың арасында ғана
болады деген қатып қалған түсінік емес.
Коста-Рикалық Gilberto Shedden атты балықшы өлім ауызнда
жатқан қолтырауынның өмірін ажалдан сақтап
қалды. Нәтижесінде салмағы 450 келі, ұзындығы 5 метрге
жететін азулы жыртқыш құтқарушысымен достасып қана
қоймай, кейбір трюктарды орындауды да үйреніп алды. Айтар
болсақ, қолтырауын бір көзін жабуды, қол алысуды және арқаға
аунап түсуді біледі.
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ
А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың
афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық
адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-
қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың
қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз.
Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік
қасиеттерін жояды» депті.
Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік
жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді
талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді
қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес.
Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық
саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға
қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен
сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін
құрбан болуға да дайын болған.
Дұрыс дос таңдай білу жөнінде ислам
ғалымдары мынадай ақыл кеңес айтады:
1. Досың ақылды болсын.
2. Досың адал әрі аңғарымды болсын.
3. Досың көркем мінезді болсын.
4. Досың ақпейіл әрі насихат беруші болсын.
5. Досың сырыңды және кемшілігіңді
жасырушы болсын.
Досым саған сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен, - деп М.
Мақатаев ақын жырлағандай достық деген
адам өміріндегі қымбат сезімдердің бірі.
Ендеше әрқашан достықты бағалай білейік.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz