Мұнай өнеркәсібі


Slide 1

Жергілікті отын түрлерінің жылдық өндіру көлемі

Орындаған: Мәделі Ж. Ы.

Тобы: ПСМ-41

Қабылдаған: Туманова А. А.

Slide 2

Қазақстандағы кен орындары

Қазақстан жерінде көмірдің мол кендері орналасқан. Қазірдің өзінде 400 астам кен орындары ашылып, олардың есептелген көмір қоры 162 млрд. т-дан асып отыр. Кеңес дәуірі тұсында Қазақстанда 100-деген көмір кендері ашылды, олардың көпшілігі Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Семей және Шығыс Қазақстан сияқты ауыр өнеркәсібі дамыған облыстардың жерлерінде орналасқан. Республикамыздың негізгі көмір орталығы - Қарағанды. Кен орындарының басты ерекшелігі - онда металлургия, химия өндірісіне қажетті кокс көмірінің едәуір қоры бар.

Slide 3

Қарағанды және Екібастұз көмір бассейні

Қарағанды бассейнінің алып жатқан аумағы 3000 шаршы км, ал оның көмір қоры 52 млрд. т-дан асады. Кен орнында 40-тан астам бүгінгі күннің техникасымен жабдықталған шахталар жұмыс жасайды. Олар тәулігіне мыңдаған тонна кокс және энергетикалық көмір түрлерін өндіреді.

Екібастұз көмір бассейнінің жалпы көмір қоры 10 млрд. т шамасында. Екісбастұз бен Майкүбі кен орындары толық қуатымен жұмыс жасаған уақытта жылына 170 млрд. т көмір өндіреді.

Slide 4

Қарағанды көмір алабы

Slide 5

Жанатын тақтатас

Құрамында 50% асатын әр түрлі минералды қосылыстар кездесетін, жылулық қасиеті қоңыр көмірден әлдеқайда төмен жанатын тақтатас та отын қорларының қатарына жатады. Ол жер қойнауында мол тараған және дүние жүзінің көптеген аймақтарында жергілікті отын ретінде қолданылады. Тақтатас Қазақстанда да отын ретінде пацдаланылады. Мысалы, Орал өңіріндегі Чернозатон, Тоқсай және Новосеменовка кендерінен алынатын тақтатас көп жылдардан бері пайдаланылуда.

Slide 6

Ағаш отын

Ағаш отынның құрамында 50% көміртек, 6% сутек және 44 % оттек бар, ал оның әбден кепкен бір килограмы жанғанда бөлінетін жылу мөлшері 4500 ккал-ға дейін жетеді. Тәуелсіз Мемлекеттерде аса мол, шамамен 700 млн. гектардан артық орман қоры энергетикалық отын үшін өте аз пайдаланылады. Қазақстанда орман алқабының көлемі 22 млн. гектарға жуық. Орман алқабын энергетикалық отын ретінде пайдалану табиғи ортаға үлкен зиянды әсер етеді.

Slide 7

Мұнай

Мұнай - өте күрделі қоспа, негізгі құрам бөлігі әр түрлі көмірсутектер (90%-ке жуығы) . Мұнай жанғанда сапалы көмір жанған кезде бөлінетін жылудан бір жарым есе көп жылу бөлінеді. Оның құрамында су және минералды қосылыстар мүлде кездеспейді десе де болады, ал олардың кездесуі қандай заттың болса да жылулық қасиетін төмендетеді.

Slide 8

Қазақстандағы минералдық отын қоры

Минералдық отын

Қоры

Әлемдегі орны

Әлемдік қордағы үлес %

Көмір, млрд т

34²

9

3, 5

Мұнай, млрд т

12

2, 3

Slide 9

Мұнай өнеркәсібі

Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептеледі. Мұнайдан 300 түрлі өнімнің түрін алады. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі 19 ғасырдың аяғынан бастап қолға алынды. 1911 жылы Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кешенінен игеріле бастады. Оның жеңіл, майлы мұнайы көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш майлар ретінде пайдаланылады.

Slide 10

“Қазақстан Каспийшельф”

Қазақстан Каспийшельф компаниясы Каспий теңізінің Солтүстігіндегі қайраңынан ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты. Мұнай қоры жағынан ( 4, 8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде үшінші орында. Мұнайының құрамы Теңіз кен орнының мұнайына ұқсас. Мемлекетімізде 3 ірі мұнай өңдеу зауыты және Қарашығанақ кен орнында жақында салынған отын өндіруші зауыт бар.

Slide 11

Мұнай өндіруші ірі компаниялар

Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: “Шеврон Тексако” КПО консортциумы (Қарашығанақ) , Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол), Канаданың “Петро-Қазақстан” компаниясы Құмкөл мұнайын игеруде. Қазақстанның ең ірі ұлттық мұнай компаниясы “Қазмұнайгаз”.

Slide 12

Қарашығанақ

Slide 13

Газ өнеркәсібі

Газ өнеркәсібі мұнай өнеркәсібіне қарағанда жас салалардың бірі. Оның жан-жақты игерілуі 1960 жылдарда Маңғыстау мұнай-газ алабына басталады. Соған дейін тек қана мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды игерумен шектеліп келді. Газ өндіру көлемі көп жылдар бойы баяу жылжыды. Оның серпіліп кең көлемде өндірілуі КПО консорциумының Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.

Slide 14

Рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Отын-энергетика кешені. Отын өнеркәсібі. Электр энергетикасы
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӨНЕРКӘСІП МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІ
Химия өнеркәсібі
Электр қуаты
Қарағанды көмір бассейні жалпы қоры
Мұнай және газ өнеркәсібі
Мұнай ЖЭС құбырлары және газ құбырлары
Зырян қорғасын комбинаты
МҰНАЙДЫ ӨҢДЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz