Махабхарата эпикалық поэмасының мазмұны
Презентация қосу
СӨЖ
«Махабхарата» эпикалық
поэмасының негізгі мазмұны
Жоспар:
Кіріспе
«Махабхарата» эпикалық
поэмасының мазмұны
«Рамаяна».
Қолданылған әдебиеттер
“Махабхарата” (санскритше “ұлы Бхарата туралы
аңыз”) — үнді халқының эпосы.Үндістанның солт.
және солт.-батыс тайпаларына ауызша
тараған аңыздар мен жырлардың негізінде құралған.
Оның шығу тарихы б.з.б. 2 ғ-дың 2-
жартысынан басталады. Қазіргі нұсқасы б.з. 1 ғ-
ында қалыптасқан. “Махабхаратаның” бастапқы
мәтіні (25 мың жолға жуық) бірнеше рет
толықтырылып, өңделген. Эпос алғаш пракрит,
кейінірек санскрит тілінде жырланған. Жырға
Хастинапураны (қазіргі Дели қ.) билеу үшін таласқан
екі тайпа мен олардың одақтастары арасындағы
қырғын соғыс арқау болған. “Махабхарата” 18
кітаптан және көлемі үлкен бірнеше кіріспе
жырлардан, негізгі сюжетпен тығыз
байланысты фольклорлық сипаттағы “Чакунтале
туралы хикая”, “Рама туралы жыр”, “Матсья туралы
хикая”, “Шиви патша туралы хикая”, “Нала туралы
жыр”, “Савитри туралы хикая” атты аңыздардан,
кітапқа кейінірек енген “Бхагавадгита” дастанынан
құралған.
Эпос авторы Вьяса тарапынан баяндалады да, бірте-бірте тікелей
қатынасушы кейіпкерлер тарапынан баяндауға
көшеді. Үндістан, Индонезия, Бирма, Камбоджа, Тайланд, Шри-
Ланка халықтары әдебиетіндегі образдар мен сюжеттердің көпшілігі
“Махабхарата” жырынан бастау алған. Еуропада “Махабхарата”
эпосы 18 ғ-дың аяғында “Бхагавадгита”
жырының ағылшын, неміс және орыс тілдеріндегі аудармасы жарық
көруіне байланысты белгілі бола бастады. 19 ғ-дың басында “Нала
.
туралы жыр”, “Савитри туралы хикая”, т.б. тараулары
аударылды. “Махабхарата” дүниежүзінде маңызы бар ескерткіш деп
танылып (19 ғ.), ғалымдардың назарын аударды. “Махабхарата”
эпосының толық нұсқасы 1948 ж. ағылшын тіліне аударылды. 1950 — 67
ж. аралығында орыс тіліне тәржімаланды. “Махабхаратаны” зерттеуде
үнді ғалымдарымен бірге Еуропаның Ф.Бопп, Л.Шредер, С.Соренсен,
Г.Бюллер. т.б. ғалымдары көп еңбек сіңірді
Ежелгі дүниедегі ән мен жырға өте бай
елдердің бірі — Үндістан. Бізге өте
ерте кездердегі үнділіктердің өмірі мен
түрмыс-салтынан хабар беретін
бірнеше жыр-дастан келіп жеттіі
Солардың ішінде көлемдісі және ең
ертеректегісі екеуі .Ол
— «Махабхарата» және «Рамаяна» деп
аталатын жырлар. Ауыздан-ауызға
таралып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп
сақталған бүл екі жыр әлемдік
әдебиеттегі ең үздік шығармалар
қатарынан орын алады. Оларда
жақсылық пен жамандық арасындағы
күрес негізгі мәселе ретінде көтеріледі.
Соның барысында, ақыр соңында
әділеттілік жеңіп отырады.
«Махабхарата» дастанында он тайпа билік үшін күреседі. Олардан кейінірек
екі тайпа қалыптасты, Біреуі кауравтар, ал екіншісі пандавтар деп аталды.
Екеуінің арасында билік үшін күрес басталды. Кауравтарды Ганг өзенінің
солтүстік жағындағы, ал пандавтарды Ганг әзенінің оңтүстік жағындағы тай-
палар қолдады. Екі жақтың арасындағы соғыс он сегіз күнге созылды. Бірде-бір
жақ, келесіде екінші жақ жеңіске жетіп жатты. Тіпті қүдайлар да соғыс-қа
араласты. Олардың өзі кай жаққа жеңісті берерін білмеді. Біресе бір жаққа,
біресе екінші жаққа кемектесті. Ақыры пандавтар жеңіске жетті. Олар-дың
патшалары таққа отырып, үзақ жылдар бейбіт билік етті.
Он сегіз кітаптан түратын «Махабхарата» дастаны осылайша аяқталады. Онда
Үндістанның Ганг өзені бойындағы алғашқы мемлекеттердің қүрылу кезіндегі оқиғалар
шындығы да көрініс тапқан. “Махабхарата” санскрит бойынша “ұлы Бхарата туралы
аңыз” дегенді білдіреді.
«Рамаяна». Елдің оңтүстік бәлігіндегі кейбір
жағдайлар «Рамаяна» дастанына арқау болса керек. Үнділіктердің
Айодхий атты жерінде Дашарата есімді патша өмір сүріпті. Ол
үнділіктердің арғы ата-сы Манудың үрпағы екен. Дашаратаның үш
әйелінен үш үлы болыпты. Үлкен үлы Рама өзінің ерлігімен де,
қайырым-дылығымен де, намысшылдығымен де ерекшеленді. Озінің
сенімді жары Ситаны ертіп Рама шет елге аттанады. «Олар
осылайша көп күн жүрді, көп өзен-дерден өтті, көптеген жат
ауылдарды көрді, орман-нан көптеген аңдар атты» делінеді
жырда. Рама оңтүстіктегі өр түрлі қүбыжықтар мен дәу-лерге қарсы
күрес жүргізеді. Уақыт оте береді. Ол Ракша деп аталған зүлым
қүбыжықтар еліне тап бо-лады. Қасиетті Индира қүдайдың
семсерімен мың-даған ракшалықтарды өлтіреді. Оған Ланка (казіргі
Цейлон) аралындағы он басы, жиырма қолы бар Ракша патшасы
Равана қатты ыза болады. Равана қулықпен Раманың әйелі Ситаны
үрлап алып, қараңғы үйге қамап тастайды.
Рама болса Ситаны іздеп, қүбыжықтармен шайқасып, орман кезіп үзақ жүреді. Қанша
жүргенімен Ситаны таба алмайды. Тіпті оның қайда кеткенін де біле алмайды. Сөйте
жүріп, ормандағы маймылдар арасынан озіне сенімді комекшілер мен достар табады.
Олар-ға өзінің әйелі Ситаны таба алмай, сергелдеңге түс-кенін айтады. Маймылдардың
ішінде Хануман атты маймыл ете ақылды, әрі білгір еді. Ол Ситаның Лан-ка аралында,
Равананың қамауында екенін біліп береді. Рама мен Хануман маймылдарға келіп, теңіз
үстінен кепір салдырады. Маймылдардан үлкен әскер жасақтап, көпір арқылы Ланка
аралына өтеді. Оларға қос дөңгелекті арбамен қүйындата шапқан Равана от жаудыра
карсы шығады. Шайқас жеті күнге созылады. Ақыры Равана өліп, Сита құтқа-рылады.
Рама өзінің еліне келіп, ұзақ уақыт дана әрі әділ патша болады. Міне, ежелден келе
жатқан ұлы дастандардың бірі «Рамаянаның» кысқаша мазмұны осындай. Бір қызығы,
Раманың құбыжықтардың патшасы Рава-наны жеңген күні бүгінгі таңға дейін тойланып
келе жатқан тамаша мереке болып саналады. Бұл күні үнділіктер бамбуктен, сабаннан,
түрлі түсті қағаз-дардан басы мен қолдары көп Равананың үлкен тұлыбын жасайды.
Содан соң оны өртей отырып, асыр салып билейді. Біраз адам маймыл кейпінде киініп,
Раманы кұдай көріп мақтап, мадақтайды. Ал Ситаны құтқарып, аралға өтіп,
кұбыжықтар патша-лығын талқандауға көмектескен Хануманды да ма-дақтап ән
айтады. Көрген адамға бұл мереке ерекше әсер етеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ильвин Г., Старинное индийское
сказание о героях древности
“Махабхарата”, М., 1958г.
2. Д.К.ішібеков, Ұ.Сыдықов
“Философия”, Алматы, 2008 ж.
3. Ғаламтор желісіндегі суреттер
Назарларыңызға рахмет !
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz