Классикалық философия - антика философиясының екінші кезеңі
Презентация қосу
Тақырыбы :Антикалық философия
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму
тарихында үш кезеңнен өтті:
1.Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д.
7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым
болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер
мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың
негізі қаланады.
2.Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен
Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
3.Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ.
басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік
мектептер басымдылық танытқан кезең.
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет
қаласынан шыққан грек философы
және саяси қайраткері. Аңыз
бойынша ерте грек жеріндегі жеті
данышпанның бірі. Мысыр және
Вавилонда математика және
астрономия ғылымдарымен
танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж.
күннің тұтылуын алдын - ала дәл
болжаған деген мәлімет бар.
Сондай-ақ пирамиданың
көлеңкесінің ұзындығы бойынша
пирамиданың биіктігін анықтайды.
Элей Мектебі – б.з.б. 6–5 ғ-ларда Ежелгі Грекияда
болған философиялық мектеп. Оңт. Италиядағы грек
колониясы – Элей қ-ның атымен аталған. Өйткені
мұнда Э. м-нің ірі өкілдері тұрды. Ілім негізін
қалаған Колофондық Ксенофан, ал басты өкілдері
элейлік Парменид пен Зенон және Мелисс Самосский
болды. Э. м. тұңғыш рет ойлауды (санадағы
болмысты) сезімдік қабылдауға (сезімдік қабылдау
болмысына) қарсы қойды. Ол адам түйсігінің және
сезімдік болмысының тұрақсыз, аумалы-төкпелілігін
ескере отырып, танымдағы басты рөлді ойлау
процесіне береді. Э. м. философия тарихында
тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды
ұсынып, оны филос. ойдың негізіне айналдырды. Э.
м. біртұтас болмысты шындықтың әрбір ұсақ
элементінде болатын үздіксіздікті өзгермейтін,
бөлінбейтін нәрсе деп түсінді. Кейіннен бір тұтас
өзгермейтін болмыс ұғымы Платон мен
неоплатонизм философиясының қайнар көзіне
айналды.
Софистер мектебі антика философиясының антропологиялық
бағытын көрсетеді. Софисттерден бастап, адам зерттейтін
мәселеге айналады. Аталған мектептің негізін қалаушы Протагор
«Адам барлық нәрселердің өлшемі» дейді. Софистер танымның
релятивистік теориясыныңнегізін салды.
Классикалық философия – антика философиясының екінші кезеңі. Ол Сократтың есімімен (б.д.д. 469-
399 жж.) тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп
аталады. Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон,
Аристотельдің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің
қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Оның
қағидалары: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» және «Өзіңді өзің танып-біл». Киниктер
философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы – «көреген
ит») негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368 жж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар
ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Антисфен өзінің ұстазы
Сократтың рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын
құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық – ең құнды
және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық
арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол
– тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан
әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз данышпандық, рақымшылық, бақытты іздеген
Антисфеннің ізбасары Диоген Синопский (б.д.д. 412-323 жж.) киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің
негізгі қағидасы етіп қабылдаған, осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас
әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді. Бірде, базар алаңында,
бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін деп
сұрағанда, ол – күнді қалқаламаңыз деп жауап беріпті. Ол өте кедей тұрғанына қарамастан,
киниктердің түсінігінше рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың
кемшіліктерін сынап, ляззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі – ляззат деп уағыздаған. Тал түсте
фонарь ұстап базар алаңында «халық-көп, адам аз екен» деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты.
Эпикуршылдар мектебі
Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті
эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен
байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген.
«Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар
ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған.
Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.
«Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты
– жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы
түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер.
Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен
ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың
ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас
қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі.
Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-
әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем,
адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние –
атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады.
Эллинизм
Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм
(гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің
мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция.
Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик
Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық
скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді
болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді.
Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз
заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай
да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай
қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай
скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп
айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы
шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат,
шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст
Эмпирик.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz