ГЕРАКЛИТ ДИАЛЕКТИКАСЫ ЭФЕСТІК ГЕРАКЛИТ




Презентация қосу
ГЕРАКЛИТ ДИАЛЕКТИКАСЫ
ЭФЕСТІК ГЕРАКЛИТ

• Эфестік Гераклит (Ἡράκλειτος, б.з.д.535 – c.
475ж.) антикалық филсофияның бірегей
өкілдерінің бірі, Эфес мектебінің ұстазы,
Сократқа дейінгі философияның
көшбасшыларының бірі. Ол диалектикалық
ойлау дәстүрінің негізін салған ойшыл.
Табиғат философиясы дәстүрін
жалғастырушы. "Логос", "От", "Ағын",
"Қайшылық" ұғымдары арқылы өзінің
онтологиялық философиясын
қалыптастырған. Оның мағынасы терең нақыл
сөздері бүгінге дейін айтылады. Ақсүйек
болса да, бірақ мінезі тұйық, мұңлы жүзді
болғандықтан, әсіресе жазған, айтқан сөздері
астарлы, күрделі, сырлы болып келетіндіктен
замандастары оны Тұңғиық әулие деп атаған
екен.
• Гераклит философиясы грек философиясының алғашқы
қалыптасу кезеңіне тұспа тұс келеді. Оның идеялары
кейінгі ғасырдағы көптеген ойшылдарға, философиялық
бағыттарға әсер етті. Гегель тапқырлаған "
диалектиканың үш заңы " Гераклиттен алған шабыттың
жемісі екені байқалып тұр және мұны Гегельдің өзі де
мойындайды. Ол қалыптастырған логоцентризм жосыны
постмодернизм бойынша еуропаның 2500 жыл бойғы
негіздік ойлау ерекшелігі болған делінді.
• Гераклитті гносеология мәселесін тұңғыш көтерген
ойшыл деуге де болады. Ол сезімдік танымға мән берді,
сезімдік танымның рас-өтірігін алғаш рет қарастырды,
адамзаттың ортақ парасатқа (логосқа) ие екенін
түсіндірді. Ол философияны адам танымы мен таным
субъектін тану ретінде қарастырған алғашқы ойшыл
деуге болады.
ӨМІРБАЯНЫ
• Гераклит Эфестегі (Қазіргі Түркия жерінде) ақсүйек отбасында өмірге келген. Ол тіпті
хандық таққа лайық болса да, орнын өз інісіне беріп, өзі Артемида ғибадатханасына
жасырынып, қарапайым ойшылдық өмір кешірген. Кезінде Парсы патшасы Дарий оған
хат жазып, ордада грек мәдениетінен сабақ беруге ұсыныс еткен кезде де ол
асқақтықпен бас тартыпты. Ол: «атақты болудан үрейленемін, сондықтан парсылар
арасына барғым келмейді. Мен үшін өзімнің осылай жай адам болғаным қымбат»
деген екен. Ол саясатты - ponêra деп атапты (ponêra сөзі екі мағына береді: мүлдем
қате және қиыншылық). Бір қызығы, қартайғанша балалармен бірге асық ойнауға
құмар болыпты. Жұрт оның балалармен бірге ойнап жүргеніне таңырқаса: «Сендер
масылдар, несіне сонша таңырқайсыңдар! Әлде бұл сендер шұғылданған саясаттан
жаман ба екен?» дейтін көрінеді. Әлдекім одан «неге сонша үнсіздік таныта бересіз?»
деп сұрағанда, ол былай жауап беріпті:"Не үшін дейсің бе? Сендердің
мыңқылдай берулерің үшін!" Бұл әңгімелер толық сенімді болмағанымен, бірақ бұл
Гераклиттің жұртан өзгеше, оңаша, оқшау адам болғанын, өзінің сол бір сырлы
нақылдары секілді өмірі де сырлы болғанын көрсетеді. Дегенмен, ол саясаттан тым
аулақ жүрмеген де секілді. Эфестіктер оның досын Эфестен қуған кезінде ол қатты
ашуланып былай деген екен: Эфестегі әрбір ересек адам асылып өліп, қаланы сәбидей
пәк жастарға қалтырса екен. Ол халықты заң үшін күресуге, зұлым патшаны қуып
шығуға жігерлендірген.
Гераклит «Тұңғиық» ( αἰνικτής
ainiktēs ) десе дегендей
жазғандары күрделі, сырлы,
астарлы мағынаға бай болып
келеді. Ол «Табиғат туралы» деген
үлкен кітап жазған екен. Кітап үш
бөлімнен тұрған көрінеді: «Әлем
туралы», «Саясаттуралы» және «
Рух туралы». Өкініштісі бұл кітап
толық сақталмаған. Бізге жеткені
Гераклиттің 130-дан артық нақыл
сөзі. Олар оның кітабының ішінен
үзіп алынған болуы да мүмкін,
немесе дербес жазылған нәрсе
болуы да мүмкін.
• Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың,
адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы
зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке
секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-
қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан
қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми
әдісі.[1]
• Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы -
диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардыңқақтығысы арқылы
ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы
Эфестеншыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы
ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі
қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама
"Логос" болды.
• Ежелгі ДИАЛЕКТИКА ежелгі Грецияның
философиясында, Эфес Гераклиттің
ой-пікірінде айқындалған. Гераклитке
сәйкес, барлық ағады және өзгереді,
барлығы бар және сол уақытта
жоқ,пайда болу мен жоғалудың
тұрақты процесінде. Гераклит
заттардың өз қарама-қайшылығына
айналуын түсіндіруге тырысты. Міне,
оның ой-пікірлерінің бір бөлігі: «бізде
бір нәрсе-тірі және өлі, сергіткіш және
ұйықтайтын, жас және ескі. Өйткені,
бұл өзгергенде, яғни, керісінше,
өзгергенде, бұл».
• Гераклиттің әйгілі бір сөзі қазіргі әлемде өте кең тараған:
• "Адам бір өзеннен екі рет өте алмайды."
• Бұл нақылдың мағынасы «өзен қашанда ағыс күйінде болған соң екінші рет келгенде алдыңғы түскен
өзенің ағып кеткен болып шығады» деген мағына береді. Әрине, сөздің артында сөз бар, яғни өмір
ағысына, ғаламның байыздамай жаңаланған мәңгілік үрдіске қаратылғаны, уақыттың кері
қайытпастығы меңзелгені байқалады. Бәрі де ағыс күйінде, бейне өзен секілді толассыз өзгеріс
күйінде деген пікір қозғалыс пен өзгеріс арқылы дүние-өмір шындығын тану жосынына негіз салды.
• Гераклиттің шәкірті Кратило (Κρατύλος) ұстазына тойтарыс беріп, өзгерісті тіпті де күрделі мағынада
игеру дәстүрін жасады. Оның әйгілі нақылы:
• "Бір өзеннен бір рет те өте алмайсың."
• Сен өзенге түскенде ағын қымғуыт, өзгерістер қаурыт, ештеңені шамалап, нақты солай деп айтып
үлгірмейсің, өмірді танып үлгірмейсің, өзенді жүзіп үлігрмейсің, өмірдің ақжал толқындары арасында
есің шығып, біліп-бімей қарсы жағаға жетіп барасың. Өмір өзеніне түсесің, бірақ оны түсіне алмай,
игере алмай есің шығып, түс секілді өте шыққанын байқайсың, артыңа қарасың бейне бұл өмірді
сүрмеген секілді мүлде жат, мүлде бейтаныс өмір-өзенін көресің дейді. Гераклиттің сөзі уақыттың кері
қайтпастығына қаратылса, ал шәкірті Кратилоның сөзі адамның өмірі түсіндіргісіз екенін, өмір сүре
тұрып өмірді толық сүріп үлгірмейтініңді, тіпті не істеп, не қойғаныңды да дұрыс шамалай
алмайтыныңды көрсетеді. Кейінгісі қазіргі заман батыс философиясында экзистенциализм бағытына
әсер еткені белгілі. Абайдың «Өткен өмір бейне түс, Мәңгілік болар барма дос» деген сөзі де, қазақтың
"дүние – жалған" деген пессимизм идеясы да осы пікірмен астасып жатыр.
• Гераклит "бәрі өмір сүреді, әрі өмір сүрмейді, зат әрі бар, әрі жоқ" дегендей біртүрлі сөздерді де
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!

Ұқсас жұмыстар
ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ
АНТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ
Ежелгі Қытай философиясы. Гносеология және эпистемология
1.Дуниеге қөзқарас және оның типтері. 2.Ежелгі Қытай философиясы. 3.Философиядағы адам мәселесі. 4. Гносеология және эпистемология. 5. Диалектика және оның әдістері
Салыстырмалы ақиқат
Антикалық психология
ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ТАРИХЫ
Антика философиясын дағы рух пен парасаттың космологизмі
АНТИКА
Ежелгі батыс елдері
Пәндер