Шығармашылық туралы түсінік
Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы:
Гуманитарл
жүйесіндег ық ғылымд
і философи ар
яның орны.
Жоспар
1. Шығармашылық туралы түсінік;
2. Шығармашылық – адам
белсенділігінің жоғары формасы.;
3. Әлеуметтің шығармашылық
ерекшелігі.
Шығармашылық туралы түсінік
Шығармашылық мәселесі қазіргі қоғамдық дамудың өте өзекті
мәселелердің бірі. Шығармашылыққа онымен жұмыс істейтін
адамдарға кеңінен жол ашу бүгінгі таңдағы қоғамның міндеті десек
болады. Адамның күнделікті өмірдегі іс-әрекетінің барлық саласы
негізінен шығармашылықпен тығыз байланыста болады. Адам
қолымен жасалынған барлық қарапайым заттан бастап
материалдық және рухани игіліктер, бүкіл құндылықтар жүйесі,
жалпы алғанда, мәдениет те шығармашылықтың жемісі.
Философияда шығармашылық төңірегінде әртүрлі пікірлер,
көзқарастар бар. Мұның өзі бұл мәселенің аса күрделі, көп салалы
екенін білдіреді. Философтардан зерттеу объектілерін жан-
жақтылық тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Орыс философы
Н.А.Бердяев шығармашылықты «әрқашанда өсу, өмірде болмаған
жаңа нәрсенің пайда болуы «дей келіп, «ештеңе бір затқа айналады,
жоқтан болмыс пайда болады»
Ол сондай-ақ, шығармашылықтың үш
элементін айқындайды:
Еркіндік
Талант
Шығармашылық нәтижесінде пайда
болған жаңа зат
Адамды өзіндік дамуға бағыттау – шығармашылықтың
басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Бұл үрдіс жас
баланың тілі шығып, сыртқы ортаны тануға ұмтыла
бастаған шағынан, балабақшадағы, мектептегі кезеңдерде
кең етек жаюға тиіс. Жеткіншектің келешекте үлкен
шығармашылық тұлға болып қалыптасуының ең қажетті
негізі осы кезеңде жатыр. Сонымен, шығармашылыққа
қандай анықтама беруге болады. Әрине, кез келген
анықтама құбылысты толық, жан-жақты аша алмайды.
Шығармашылық адамның іс-әрекетінің жоғары түрі.
Шығармашылық – тек адамға ғана тән дамудың ең
жоғарғы, ерекше формасы. Ол адам болмысының тәсілі,
өзіндік іс-әрекеттің, өзіндік дамудың формасы деуге
болады. Адамның өзін-өзі танып білуі де, сыртқы ортаны
тану, өзгертуі де тек шығармашылық іс-әрекет арқылы
жүзеге асады.
Сондай-ақ, шығармашылықта міндетті түрде еңбек көрініс
беруге тиіс. Адам еңбексіз ешқандай жетістікке жету
мүмкін емес. Мысалы, пианист күйсандықта ойнап,
жаттығулар жасағанда, бұл – еңбек, бірақ шығармашылық
емес, дегенмен, бұл еңбекті шығармашылыққа қажетті
еңбек деуге болады. өйткені, еңбексіз шығармашылық
болмайды. Еңбек – адам дамуының, шығармашылықтың ең
маңызды факторы болып табылады. Алайда, ғұлама,
таланттар үшін бұл фактор қажетті, бірақ жеткіліксіз. Бұған
қоса оларға үйлесілген көптеген факторлар қажет. Олар:
ата-бабадан берілген қабілеттілік, сапалы білім, өнегелі
тәрбие. Сонымен қатар, таланттың дамуы, өркендеуі үшін
қажетті жағдай болуы шарт. Сол өмір сүрген қоғамы,
айналасындағы адамдар түсінуі, қолдауы керек. Сонда
талант иесі халықтың рухани сұранымының биігінен
кӛрінері сөзсіз.
Шығармашылық – көп
жақты, күрделі іс-әрекет
Шығармашылық құрамында оның мәні, заңдылықтары
көрінеді. Шығармашылықтың ең қарапайым құрылымы екі
кезеңнен тұрады. Біріншісі – мәселені қою, екіншісі – оны
шешу. Бірақ мұңда шығармашылықтың ең маңызды кезеңі
түсіп қалады. Шығармашылық толығымен алғанда құрылымы
жағынан 4 кезеңнен тұрады.
1 Мәселені ойлау, оны құрастыру.
2 Мәселені, тапсырманы шешу принципін табу.
3.Табылған принципті, методты толықтыру, дамыту.
4.Табылған жаңалықты практикаға ұсыну, к ӛркем туыңдыны
шығару. Бұл - мәселенің шешімінің соңғы кезеңі.
Халқымыздың мәдениетінің тарихына ой салсақ, елдің рухын кӛтерген
қаншама жоғары дәрежедегі шығармалар, өнер туындылары дүниеге
келген. Өнер адамдары, танымал тұлғалар өздерінің өміріне төнген
қауіпке, қойылған тосқауылға қарамастан өздерінің щығармашылық
туындыларын жарыққа шығарды. Ол үшін олар ешқандай ақы,
материалдық көтермелеуді қажет те етпеді. Оларды осындай ерлікке
итермелеген қандай күш? Біздің ойымызша, қандай жағдай болса да,
адамды үлкен шығармашылыққа тартатын қоғамға көңіл
толмаушылық, рухани жетіспеушілік. Өмір сүріп отырған
ортасындағы әділетсіздік, озбырлық тұлғалардың ашу-ызысан
туғызып, шығармашылық іс-әрекет жасауға итермелейді. Қаншама
ақын – жазушылар, күйшілер осындай моральдық, рухани
жетіспеушіліктерді ашық айтып, ұлы болып, есімдері мәңгіге қалды.
Қазақтың ұлы ақын, күйшілері Абай, Құрманғазы, Махамбетті т.б.
айтсақ та жеткілікті. Ғұлама адамдарды сол дәуірдегі саяси,
әлеуметтік жағдайлардың өзі қалыптастырып, сахнаға шығарды деп
айтуға әбден болады.
Әлеуметтік шығармашылықтың
ерекшелігі
Шығармашылық өзінің бағытталған объектісіне байланысты ғылыми
шығармашылық, көркем шығармашылық және техникалық
шығармашылық болып бөлінеді. Ал, әлеуметтік шығармашылыққа
келсек, оның қоғамдағы алатын орны мен шығармашылықтың басқа
түрлеріне қандай қатынасы бар деген мәселелерге тоқталуды қажет
етеді. Әрине, шығармашылықтың барлығы әлеуметті. Өйткені, ол тек
қоғамда болады, белгілі қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешеді.
Ал, әлеуметтік шығармашылық ол қоғамның өзін өзгерту, құру секілді
ісәрекеттерді қамтиды. Былайша айтқанда, жаңа әлеуметтік
мекемелер, қоғамдық қатынастар тудыратын іс-әрекеттердің жоғарғы
формасы деуге болады. Әлеуметтік шығармашылықты кең мағынада
және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада алғанда ол
шығармашылықтың барлық түрлерін және типтерін жинақтатып,
қорытындылайтын іс-әрекет десек, тар мағынада – өз объектісі –
қоғамдық қатынастар, бар іс-әрекеттің ерекше формасы.
Әлеуметтік шығармашылықтың кӛптеген сипаты бар. Оның объектісін,
субъектісін, мақсатын және нәтижесін қарастыру қажет. Шығармашылықтың
субъектісіне жеке адамды, тұтас ұжымды және халық бұқарасын жатқызуға
болады. Ал, оның объектісіне барлық қоғамдық катынастардың жиынтығын,
материалдық, рухани және әлеуметтік қатынастарды жатқызуға болады.
Әлеуметтік шығармашылықтың мақсаты – адамның жанжақты, еркін дамуына
жол ашатын жаңа қоғам құру, оны жаңарту болып табылады. Әлеуметтік
шығармашылықтың нәтижесін жаңадан пайда болған материалды және рухани
байлықтардан, өндіргіш күштерден, мәдениет жетістіктерінен кӛруге болады.
Әлеуметтік шығармашылықтың даму көзі мен механизміне тоқталайық.
Диалектика принципі бойынша кез келген дамудың көзі қарама-қайшылықтың
күресі болып табылады. Әлеуметтік шығармашылық үнемі даму үстінде тұратын
процесс. Оның дамуының негізінде қайшылықтар күресі жатыр. Мұнда жаңа мен
ескі арасындағы күрес болады. Бірақ, бұл жеткіліксіз, тым жалпылама. Әрине,
шығармашылық кең мағынада, әлеуметтік прогрестің негізгі қайшылығына
көрінеді. Бұл қайшылық шығармашылықтың әлеуметтік субъектісімен бүкіл
қоғамдық процестер арасындағы қайшылық. Адамның еңбек процесінде
қалыптасатыны белгілі. Ендеше шығармашылық қабілет те, дүниеге
шығармашылық қатынас та еңбектен туған.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ғабитов Т. Философия А., 20042.Әбжанов Т.И.,
Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы. А., 2009
3.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы.
А ., 2006
4.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002
5.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М.,
2002
6.Спиркин А.П. Философия М., 2002
7. Ғабитов Т. Философия А., 2004
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz