Даосизм философиясының мәні


Slide 1

Даосизм

Slide 2

2

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Даосизм

Даосизм философиясының мәні

Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы

Көне даосизмнің философия

Даолық дін көне анимистік нанымдарды

Қазіргі уақытта даосизм

ІІ. Қорытынды

Slide 3

3

Даосизм (қытайша «дао цзяо” - «жол ілімі”) б. з. б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын «Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б. з. б. ІV-ІІІ ғғ. ) «Чжуан-цзыда” баяндалады. .

Кіріспе

Slide 4

4

Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы” (б. з. б. ІV-ІІІ ғғ. ) және «Хуаинань-цзы” (б. з. б. ІІ ғ. ) еңбектерінде тұжырымдалған

Slide 5

5

Даосизм - адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) - ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. .

Slide 6

6

Дао - бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол - мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол - бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао - беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада.

Даоның нақты көрінісі тек «дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ - қоректендіруші. Тақуа мақсаты - даоны тану, ол оны «ғарыш үйлесімділігі” - адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.

Slide 7

7

Даосизм философиясының мәні - бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі «киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.

Slide 8

8

Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы «әрекеттенбеу” («у-вэй”) - табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.

Slide 9

9

Көне даосизмнің философиялық ұстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VІ ғ. ), Ван Сюаньлань (VІІ ғ. ), Ли Цюань (VІІІ ғ. ), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ. ), Чжуан Бодуань (XІ ғ. ) . Конфуцийшілдік білім алған интеллектуалды элита да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда творчестволық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас, әсіресе, Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі барысында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдерге аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.

Slide 10

10

Даолық дін көне анимистік нанымдарды, Көкке табынуды және әулие даналар культін өзіне қабылдады. Ортағасырлық даосизм қытайдың рухани мәдениетімен тығыз байланыста болды. Даошылар күнәһарлар жаны жазаланатын әзәзілдер патшалығы мен әділетті жандар үшін дайындалған құдайлар мекендейтін аспан бар деп сенді. Орта ғасырларда мәңгілік туралы ілім ұзақ өмір культіне, ал өмір бастауы ретіндегі дао доктринасы көп балалық культіне және т. б. айналды.

Slide 11

11

ІІ ғасырда «Аспан ұстаздарының жолы” деп аталатын Чжан Даомин (І-ІІ ғғ. ) . негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқын иеленеді. Оның «Көктен түскен ұстаз” титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІV ғасырда «Жоғары тазалық” және «Рухани асыл қазына” атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымдау тәсілдеріне көп көңіл бөлді.

ІV-VІ ғасырлардан бастап даолық ілімінің көптеген қағидалары қайта қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп кең ауқымды иерархиялық канон жасалды. VІІ-VІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, VІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі - «кемелденген ақиқат ілімі” осы күнге дейін жетті.

Slide 12

12


Ұқсас жұмыстар
Мектептің шығу тарихы
Ежелгі Қытай философиясы
Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері
Ежелгі шығыстың саяси ойлары
Сиань - өлместігі, ұзақ өмір сүруі
Дін - және мәдениет туралы ақпарат
ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ұлттық діндер
Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт
Индуизмнің қасиетті жазбалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz