Ортодоксалды мектептері


Slide 1

Тақырыбы: Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортадоксалды емес мектеріне мінездеме .

Семей 2019 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Ортодоксалды мектептері

Ортодоксалды емес мектептері

Қорытынды

Пайдалнылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Үнді пәлсапасы б. з. д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болад

Варналар - топтар Варналардың өкілдері

Брахмандар Абыздық варна

Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары

Вайшьялар Егінші-варналар

Шудралар Төменгі варна

Кіріспе

Slide 4

Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б. з. д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:

Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б. з. д. 1, 5 мың жыл шамасында) . Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.

Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.

Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.

Упанишадтар өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім».

Веда

Slide 5

Веда

Астика ортодоксалды

(Веданы мойындайтындар)

Настика ортодоксалды емес

(Веданы мойындамайтындар)

Slide 6

Ерте Үнді философиясындағы бағыттар. Ортодоксальды философиялық мектептер:

йога,

ньяя,

веданта,

вайшешика

Slide 7

Веданта(шамамен б. з. д. VI ғ. п. б. ) . Негізін қалаған: Бадараян. Негізгі еңбегі: «Веданта-сутра».

«Веданта» «ведалардың аяқталуы» деген мағынаны білдіреді. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі - Абсолютті шындық, Брахман. Ол - бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түпнегізбен бара-бар.

Веданта- философиясы Упанишадтан тамырланды да ондағы барлық ой-пікірдің жиынтығы іспеттес. Ведантаның Үндістандағы өмір салтына тигізген әсері зор, әлі күнге дейін Үндістанның түкпір-түкпірінде ұстанушылар бар. Бұл ілімде ғалам бірден-бір шындық өмір ретінде қарастырылады. Ол шындықты, Құдай біздің қиялымызға орасан күш майя - иллюзия арқылы береді. Мысалы, ала жіп біздің көзімізге жылан сияқты көрінеді. Ғаламдық нысандарды біздің қабылдауымыз да осылайша түсіндіріледі.

Біртұтас брахмандағы көптеген нысандарды өзіміздің білместігіміздің нәтижесінде қабылдаймыз, ол шындық Брахманды жасырып, басқаша көріну мүмкін. Осы өмірді тани білгендерге ғана Құдайдан өзге ақиқаттың жоқтығы аян. Ғарыш - иллюзия. Бұл ілімді анық көрсетілген монизм деп айта алмаймыз. Алайда, бұл дегеніміз монизмнің көптеген бөліктерінің бірін ғана бөліп көрсетеді. Құдай - жанның танымы мен біздің миымызда бар танымның, әлем құрылысы мен ол жайлы танымның иесі екені - бір ғана шындық болып табылады.

Slide 8

Миманса (б. з. д. VI ғ. ) Негізін қалаған: Джаймини. Негізгі еңбегі:«Миманса-сутра». «Миманса» - термині «ойлану», «зерттеу», яғни кейбір мәселелерді ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.

Миманса Ведаларды мәңгілік және дербес деп қарастырады. Олардың таным теориясы барлық танымның растығын дәлелдейді. Веданы оқығанда олардың іліміне сенім ұялайды. Миманса мектебі дене мен жан әлемін мойындайды. Карманы ғаламды басқаратын моральдық заң ретінде түсіндіреді.

Миманса

Slide 9

Ньяя

Ньяя (б. з. д. IIғ . ) Негізін қалаған:Готама. Негізгі еңбегі:«Ньяя-сутра». «Ньяя» термині «ереже», «саралау», «аналиткалық зерттеу», «логика» деген мағыналарды білдіреді. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының - дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол. Ньяя логика заңдарына негізделген философия еді. Ақиқат танымның дербес төрт көзін мойындайды: қабылдау, қорытынды немесе тұжырым, салыстыру немесе куәлендіру, дәлелдеу. Ньяяның тұжырымы бойынша, адам күйзелістен, азаптан бүтіндей құтылғанда ғана өзін-өзі және әлемді ақиқат деп тани алады.

Slide 10

Вайшешика

Вайшешика (б. з. д. IVғ. ) . Негізін қалаған:Канада. Негізгі еңбегі:«Вайшешика-сутра». Вайшешика- атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з. д. VI-Vғ. ғ. п. б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері - жердің, ауаның, оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние - физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты. Ньяяға ұқсас, оның да түпкі мақсаты жеке "Меннің" бостандығы. Танымның 7 түрлі нысандарын белгілейді: субстанция, сапа, әрекет, жалпылық, ерекшелік, бар болуы және болмыс емес. Субстанция сапа мен әрекетінің субстраты. Субстанцияның 7 түрі бар деп көрсетеді: жер, су, от, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, зерде.

Slide 11

Санкхья

Санкхья(VII в. до н. э. ) Негізін қалаған:Капила. Негізгі еңбегі: «Санкхья-сутра». Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

Бұл жүйе бір-бірінен тәуелсіз пуруша (зерде, мен) және пракрити (алғашқы материя) бар деп мойындайды. Әлемнің эволюциясы пуруша мен пракритидің қосуылуынан басталады, "Менді тану, немесе "Мен" және "Мен еместің" ара жігін ажыратуға мүмкіндік береді, "Мен" және "Мен емес" тану адамды қайғырудан құтқарады.

Slide 12

Йога (б. з. д. II ғ. ) . Негізін қалаған: Патанджали. Негізгі еңбегі: «Йога-сутра». Йога -адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б. з. д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.

Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.

Йоганың мақсаты - тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.

Йога санкхьяның таным теориясын және метафизикасын және Құдайдың бар екенін мойындайды. Бұл жүйе таным теориясына баса назар аударады, оның мәні - арылу, азат болу.

Йога философиясы Құдайды ойлаудың жинақтау мен өзін-өзі тануға бағытталған жоғары нысаны деп есептейді. Құдай - мінсіз, кәміл, мәңгілік, бәрін сезіп білуші, ешбір кемшіліксіз жоғарыдан басқарушы, реттеуші, жекелеген адамдардың парасат қасиеттеріне сай пуруша мен пракрити қатынастарын реттейді.

Йога

Slide 13

ортодоксальды емес мектептері(Настика) -

веда беделін мойындамай, қабылдамаған

Жайнизм,

Буддизм,

чарвака- лакаята ілімдері

Slide 14

Буддизм

Буддизм - талап-тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік рахат») жетуді көздейтін іни ілім әрі философия. Үндістанда б. д. д. 6-5 ғ. ғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Негізін салушы «Будда» («нұрланған») деп аталған Сидхарта Гаутама. Ол қайғы-қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. өмірден баз кешіп, түлі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла алмайды. Сансара - өмірге қайта келу, қайта туу айналымы.

Slide 15

Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.

1. Азаптану.

2. Азаптанудың себебі.

3. Азаптанудан босану.

4. Азаптанудан босануға апаратын жол. Азаптан құтқаратын бірден-бір жол - "игілікті орташа сегіз жол" болып табылады.

Slide 16

Буддалық азаптан құтылудың сегіз жолы

1. Дұрыс көріпкелдік

2. Дұрыс ойлау

3. Дұрыс сөйлеу

4. Дұрыс іс-қимыл

5. Дұрыс өмір сүру салты

6. Дұрыс икемділік

7. Дұрыс ықылас

8. Ойын дұрыстап бір жерге шоғарландыру

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Азаптанудан босану
Үнді философиясы
Ежелгі үнді философиясы
Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі философия феномені
Орыс философиясындағы батысшылдар, славянофилдер мен ортодоксалды монархия бағыттары
Несториандық христиан діні
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Ньяя - гносеологиялық мектеп
Ғылыми менеджмент мектептері
Неоклассикалық синтез
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz