Философия - барлық нәрсе туралы білім


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы университет

Аграрлық факультеті

Тақырыбы: Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы

Slide 2

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Әл- Кинди және араб тілді философияның бастауы

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Әбу Жүсіп әл-Кинди немесе Әбу-Юсуф Иакуб ибн Исхақ әл-Кинди - араб философиясының негізін салушы, араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие.

Slide 4

Өскен жері - Бағдат, Басрада білім алған. Зерттеушілер оның 238 трактаты болғанын айтады. Содан біздің заманға жеткені - 29. Екі бөлімнен тұратын “философиялық трактаттары” Египетте М. А. Әбу-Ридтың басшылығымен 1950, 1953 ж. жарық көрді. Еуропада латын тіліне тәржімаланды. Әл-Киндидің “Аристотель еңбектері және олардың философияны меңгерудегі қажеттілігі”, “Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және “Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы” трактаттары ерекше бағалы. Әл-Киндидің еңбектері философияның дамуына зор ықпал жасады. Италиян ғалымы Карден оны әлемдегі үздік жиырма ойшылдың бірі деп атаған. Ол Аристотель шығармаларын араб тіліне аударып, түсініктеме жазды. Сол замандағы озық дүниетанымдық ағым - мутазилиттер көзқарасына сәйкес әлемнің пайда болуы, жаратылуы туралы құнды пікірлер айтқан. Материя, форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға терең талдау жасаған. Философияның мақсаты мен қызметі туралы нақты тұжырым жасап, оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес қосқан.

Slide 5

Әл-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған. Араб тілді философиядағы перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған. Әл - Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін жақсы білген. Аристотель шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне» түсініктеме жазған.

Slide 6

Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырған. Философиямен терең айналысу үшін математиканы білу қажет дей отырып, әл - Кинди ғылымдардың жүйесін жасаған. Бұл жүйеге «сан туралы ғылым» арифметика мен гармония, алаңды өлшейтін ғылым - геометрия, жұлдыздар туралы ғылым - астрономия кірген. Төртінші орында алдыңғы үш ғылымды біріктіретін гармония туралы ғылым тұрған. Өйткені, гармония немесе үйлесімділік барлық жерде бар, яғни дыбыстарда, әлемнің құрылымында, адамның жанында т. т. осы төрт ғылымның негізін сан туралы ғылым қалайды, өйткені сан болмаса, ешнәрсе де болмас еді. Математиканың ерекше проподевтикалық ролін көрсете отырып, әл - Кинди философияның рационалдық табиғатына көңіл бөледі.

Slide 7

Философия - барлық нәрсе туралы білім. Сонымен қатар, ол - материя, форма, орын, қозғалыс және уақыт сияқты болмыстың жалпы анықтамалары туралы ілім. Әл-Кинди идеяларын одан әрі дамытушы әл - Фараби. Оның даңқы әлемге тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл - Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты.

Slide 8

Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі.

Араб тілді философияның бастауы

Slide 9

Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т. б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сыйымды.

Slide 10

X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ. ), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Иммануил Кант философиясы
Антика философиясын дағы рух пен парасаттың космологизмі
Грек философиясының ерекшелігі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модерациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Ғылым философиясының негізгі мәселел
Орта ғасырдағы дін өкілдері
Томас Мор идея лары
Философиядағы таным мәселесі
Философияның негізгі сауалдарын зерделеу
Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркация мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz