Араб мұсылман философиясы
Презентация қосу
Әл-Кинди және
араб тілді
философиясы
Жоспары:
Кіріспе:
1.Араб мұсылман философиясы
Негізгі бөлім:
1.Шығыстың периппатеттизм өкілі
«Әл-Кинди»
2.Араб тілді философиясы
3.Араб мұсылман
философиясының ерекшеліктері
Қортынды:
Араб мұсылман философиясы
Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған
Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу
тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик.
дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса
бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде
мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға
арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді.
Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина -
оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып
айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа
сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай
бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4)
Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау
жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн
Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал
жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі
оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан
аса көрнекті өкілдері А. Йасауи, ибн Араби, т.б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі -
Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы
бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.
Араб тіліндегі философияны ғылымда фәлсафа деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс
перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден бастадың, ибн Рушдпен аяқталады.
Фәлсафаның философиядан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық
негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған.
Бұл - грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи
типі. Араб тіліндегі философиялық тарихи маңызы - Ф.Бэконнан (1561 - 1626) Спинозоға (1632 -
77) дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа заман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді
Шығыс перипатетиктері мен мұсылман дінтанушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған.
Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (схоластика) мен Сигер
Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. Араб философиясының тарихи
кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. IX - X ғ-да араб философиясы орталығы
Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X - XI ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан.
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ
Әбу Жүсіп әл-Кинди немесе Әбу-Юсуф Иакуб ибн
Исхақ әл-Кинди (800, Басра — 860/879) — араб
философиясының негізін салушы, араб философы,
астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың
философы» деген құрметті атаққа ие.
Өскен жері — Бағдат , Басрада білім алған.
Зерттеушілер оның 238 трактаты болғанын айтады.
Содан біздің заманға жеткені — 29. Екі бөлімнен
тұратын “философиялық трактаттары” Египетте М. А.
Әбу-Ридтың басшылығымен 1950, 1953 ж. жарық
көрді. Еуропада латын тіліне тәржімаланды. Әл-
Киндидің “Аристотель еңбектері және олардың
философияны меңгерудегі қажеттілігі”,
“Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен
жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және
“Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы”
трактаттары ерекше бағалы.
Әл-Киндидің еңбектері философияның дамуына
зор ықпал жасады. Италиян ғалымы Карден оны
әлемдегі үздік жиырма ойшылдың бірі деп атаған.
Ол Аристотель шығармаларын араб тіліне аударып,
түсініктеме жазды. Сол замандағы озық
дүниетанымдық ағым — мутазилиттер көзқарасына
сәйкес әлемнің пайда болуы, жаратылуы туралы құнды
пікірлер айтқан. Материя, форма,
қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты
ұғымдарға терең талдау жасаған. Философияның
мақсаты мен қызметі туралы нақты тұжырым жасап,
оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес
қосқан
Әл-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс
идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін
болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран
жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Аль-Киндидің көптеген
шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған. Араб тілді философиядағы
перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған. Әл – Кинди Птоломей,
Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін жақсы білген. Аристотель
шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне» түсініктеме жазған. Әл-Кинди
философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырған.
Философиямен терең айналысу үшін математиканы білу қажет дей отырып, әл – Кинди
ғылымдардың жүйесін жасаған. Бұл жүйеге «сан туралы ғылым» арифметика мен
гармония, алаңды өлшейтін ғылым – геометрия, жұлдыздар туралы ғылым – астрономия
кірген. Төртінші орында алдыңғы үш ғылымды біріктіретін гармония туралы ғылым
тұрған. Өйткені, гармония немесе үйлесімділік барлық жерде бар, яғни дыбыстарда,
әлемнің құрылымында, адамның жанында т.т. осы төрт ғылымның негізін сан туралы
ғылым қалайды, өйткені сан болмаса, ешнәрсе де болмас еді. Математиканың ерекше
проподевтикалық ролін көрсете отырып, әл – Кинди философияның рационалдық
табиғатына көңіл бөледі. Философия – барлық нәрсе туралы білім. Сонымен қатар, ол –
материя, форма, орын, қозғалыс және уақыт сияқты болмыстың жалпы анықтамалары
туралы ілім. Әл–Кинди идеяларын одан әрі дамытушы әл – Фараби. Оның даңқы әлемге
тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық,
орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен
әл – Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды
дамытты.
Батыс Еуропа елдерінде Alkindus атымен белгілі
Адамзат мәдениетінде тарихи тұрғыдан алып қарағанда ғылымды дамытуда орасан
зор қызмет етіп, орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және осы орта ғасырда пайда
болып, жаңа Фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, Фалсафаның
араб тілінде өрбуіне мәдени-тарихи, саяси-әлеуметтік алайда араб мәдениеті араб
халифаты сияқты.
Араб медицинасы:
ҚОРТЫНДЫ:
Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық
ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән
шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр
ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т.б.
ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді
мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті.
Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-
нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің
әрқайсысының өз тарихы бар. 20 ғасыр қарсаңында Ислам философиясы., әсіресе, Египет пен Сирияда,
еур. филос. ой мен мәдениетке қызығушылықтың оянуынан, Батысты мадақтаудан отаршылдыққа қарсы
күрес пен еур. өркениетті сынауға қарай ойысты. Әлеум.-саяси мәселелерді шешудегі ағартушылық
көзқарас жаңа заманғы Ислам философиясының айрықша белгісіне айналды. Басты назар қоғамға
пайдалы тұлға ретінде адам мәселесіне, адамгершілік мәселелеріне аударылды. Алайда, бұл Ислам
философиясы. дәстүрлі құндылықтарды мүлдем ұмытты деген сөз емес. Ол Батыстың филос. идеяларын
ислам өркениеті негіздері тұрғысынан, дәстүрлі ислам дүниетанымы тұрғысында қарастырды. Әлеум.-
саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруі барысында ынтымақтастық мәселесі жаңаша қарастырылды.
20 ғасырлардың 2-жартысы Ислам философиясының алдына мүлдем жаңа – демократия, филос.-
теологиялық және әлеум. ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту
мәселелерін қойды. Олар ең алдымен, әлеум.-саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше
“үшінші жолын” іздестірумен сипатталды. Соның негізінде “ислам мемлекеті”, “ислам экономикасы”
және т.б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен панарабшылдық түріндегі
ұлтшылдық әлеум.-филос. ойдың үстем формасына айналды. Батысқа қатысты екіжақты ұстаным
қалыптасты: прогрессивті даму мақсатында Батыстың оңды жетістіктерін пайдалануға ұмтылыс арта
отырып, сонымен бірге батыстық өмір салтына сенімсіздік көрсету, оны қабылдамау күшейе түсті. Саяси
және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос.-этик. тұрғыдан – рухани және адамгершілік
құндылықтардың символы болып қала берді. Батыстық рационализм мен прагматизмді сынай отырып,
Ислам философиясының өкілдері батыстың филос. ой-пікірлеріне де жол беріп, әдістерін қолданды. 20
ғасырлардағы Ислам философиясының дамуы ұлттық егемендікке жету, ислам әлемі елдерінің экон.
және саяси тәуелсіздігін нығайту үрдісін қалыптастырумен сипатталады. Бұл ислам өркениеті мен Ислам
философиясының қарқынды дамуын білдіреді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz