Ғылымдарды іріктеу жөнінде



Әл-Фараби философиясы

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.

Әл- фараби антикалық заманның алыптары- Платонның, Аристотельдің, Птолемейдің шығармашылықтарымен өте жақсы таныс ғұлама - энциклопедист ғана емес, сонымен бірге өздері ислам өркениеті жағдайында жоғары адамгершіліктік құндылықтарды насихаттаған рухани тұлғалар бола отырып, сол замандағы ғылым мен философия дамуының әлемдік биік деңгейіне қол жеткізді. Өзінің энциклопедиялық мұрасында Философиялық мәселелерді, шешілуіне үлес қосты.

Әл- Фарабидің философиялық еңбектері:
Ғылымдарды іріктеу жөнінде;
Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарастары жөнінде;
Азаматтық саясат;
Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері;
Бақытқа жету жөнінде;
Философияның дінге қатысы;
Категориялар;
Әріптер кітабы;
Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері;
Ғылымның логикалық негіздері

Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді.
Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған.
« Философияның дінге қатынасы» еңбегінде мемлекетті басқарудағы философия мен діннің мәнін аша отырып, бұл мәселені мемлекеттің басқарушысы шешуі тиіс өзге де маңызды әлеуметтік- саяси және этникалық мәселелермен байланыстырады.
« Әріптер» кітабында әрбір халықта философиялық қарсыластары бар, қалам өнері философияға қарсы әрекет етеді. Философия дінге қай жерде қарсы әрекет етсе, дінде сол дәрежеде философияға қарсы әрекет етеді дейді.
Философия ақиқатқа жетуге ұмтылғандықтан, адамзаттың бақытқа жетуіне қызмет етеді деп, « Бақытқа жету» трактатын жазады.

Фараби ғылымнын философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шыкты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т. б, ғылымдар жайлы жазған енбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты.

Фараби өзінің "Философияны үйрену үшін қажетті шартар жайлы трактат" еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт - философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады: 1 - философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; 2 - оның шыққан қаласы; 3 - философияға мекен (медресе) болған орынның аты; 4 - философиялық ағымды тудырған басты себеп; 5 - философиялық талдауға түскен мәселелер; 6 - философияның алға қойған мақсаты туралы; 7 - философияның практикалық мәні, нәтижесі. Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы - грек философы Пифагор, яғни пифагористер мектебі.

Екінші шарт - өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден калған логикалык шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика) ; силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт - философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт - философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану.

Бесінші шарт-философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады. Алтыншы шарт - Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу. Жетінші шарт - Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу.

Сегізінші шарт - философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну. Тоғызыншы шарт - Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz