Насыр Мұхаммад ибн




Презентация қосу
Әл-Фараби
философиясы
Жоспар:

I Кіріспе
Әл-Фараби кім?
II Негізгі бөлім
Әл-Фараби философиясы
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбу Насыр Әл-Фараби

Әбу Насыр Әл-Фараби (
араб.:‫ ) أبو نااصر م حمد ااالفارابي‬Әбу
Насыр Мұхаммад ибн
Мұхаммад Тархан ибн Узлағ
әл-Фараби ат-Турки (870-
950ж.ш.) – әлемге әйгілі
ойшыл, философ, социолог,
математик, физик, астроном,
ботаник, лингвист, логика,
музыка зерттеушісі.
Кіріспе
Әл-Фараби- 130 трактаттың авторы. Оның
көптеген трактаттары өкінішке орай,
жоғалған. Зияткер. Жоғары мәдениеттің
адамы, 70 тіл білген (де Буурға сілтеме).
Бағдадта, Дамаскіде, Халебте түрды.
Дамаскіде қайтыс болған. Оның философиясы
ортағасырлық мүсылмандық философияның
шыңы болып есептеледі. Аристотельден
кейінгі «Екінші ¥стаз» деп аталған. «Екінші
ілім» шығармасының авторы (жоғалған). Әл-
Фараби ұзақ өмір сүрді. Нағыз философ
болды, философиялық өмір салтын үстанды.
Замандастарының пікірінше, бірқалыпты
мінезі болған, төзімді адам ретінде танылған
жэне бүкіл өз өмірін «ғылымдардың үздігі»
-философияға арнаған. Байлық жинаған жоқ,
сән-салтанатты іздемеді, өз заманының ең
әйгілі адамы болды. Бүгінгі күні Әбу Насыр әл-
Фарабидің есімі — бұл Қазақстан мәдениеті
Әл-Фараби философиясы

Әл-Фараби философияны баяндаудың өз нұсқасын ұсынады. Әл-Киндиден
айырмашылығы ол философияны — барлық білімдердің ішіндегі ең ұлысы деп
есептеді. Философия — бұл адамның зерделік қызметінің жоғары көрінісі. Әл-
Фараби ғылымдарды жіктеді, эмбебап философия жасады. Оның
метафизикасы, логикасы, ғылым философиясы, этикасы, эстетикасы,
әлеуметтік-саяси ілімі, музыка философиясы қабілеттіліктерінің эмбебаптығына
дэлел болып табылады. Оның бүкіл ілімі пайдакүнемдік маңыздан асып түсетін
метафизикалық мағынаға толыққан. Негізгі шығармалары: «Философияны
үйренудің алдында не болуы тиіс екендігі туралы», «Екінші Ұстаз әл-Фарабидің
зият мәні туралы пайымдауы», «Қос философ қасиетті Платон мен Аристотель
көзқарастарындагы ортақтық туралы трактат», «Ғылымдарды жіктеу туралы
сөз», «Ізгілікті қала түрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа
барар жолды көрсету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл
сөздері»,» Логика бойынша кіріспе тараулар», «Птолемейдің «Әлмагесіне»
түсініктемелер», «Музыка туралы үлкен кітап», «Әріптер кітабы» және
басқалар. Әл-Фараби метафизикасы онтология проблемаларын, таным
доктринасын, Қүдай болмысы мен діни онтологиядағы оның орны мәселесін
көтереді.
Әбу Насыр философияның дінге қатынасы туралы мэселені қарастыруды өзінің
философиялық дэстүрін үс-тана отырып, бастама проблемасынан, философия
мен дін пәніне, олардың шығуына анықтамалар беруден бастайды. Әбу Насыр
өзінің «Философияның дінге қатынасы» шығармасын «Қайырымды, рақымшыл
Алланың атынан …» сөздерімен бастауы кездейсоқтық емес. Оның Құран
мэтіндеріне назар аударуы, бүл үзінділерді түсіндіруі көбінесе өзінің жеке
түлғалық позициясынан, өзінің түсінуі мен онымен бір мезгілде Құран сөздерін
логикалық ой елегінен өткізу позициясынан жүзеге асырылады. Мұнымен
философ дүниедегінің бәрі түсіндірілуі тиіс, дүниедегінің бэрін түсіндіру мүмкін
екендігін көрсетеді. Құран мәтінін оқуға, түсінуге және түсіндіруге дұрыс қарау
керек. Әл-Фарабидегі құран мэтіндерін осыншалық еркін түсіндіруді не тағы да
әл-Фарабидің арабтанған түркі болғандығымен, сондай-ақ Құранның исламға
дейінгі арабтардың дүниеге көзқарасының, мэдениетінің көрінісі болып
табылатындығының күмәнсіз екендігімен, сондықтан оның Күранға деген
қасиетті көзқараспен неғүрлым аз шырмалғанымен, не бүны оның ақиқатты
іздестірумен байланысты жеке философиялық позициясымен түсіидіру мүмкін
болады.
Әл-Фараби философияның дінге қатынасы туралы мэселені талқылау кезінде
қоғамның элеуметтік-экономикалық қүрылысының шынайы жағдаятын негізге
алған. Дін қоғам өмірінде мэнді рөл атқарды, халық дінді қошеметтеді,
шариғат заңдарын құрметтеді. Ислам сол кездегі қоғамның өзіндегі мэдени-
идеологиялық ахуалды құрады. Философияның дінге қатынасы проблемасы
Әбу Насыр өмір сүрген жылдарда ғана күрделі болған жоқ, осы күнге дейін
оның егжей-тегжейін талқылау өте күрделі болып табылады. Бүл бэрінен бұрын
философия да, дін де адам, қоғам, табиғат, таным сияқты түсініктермен
байланысты, бұған қоса дін мен философия осы түсініктердің өздеріндегі мэн
больга табылады.
Әл-Фарабидің философиялық мүрасы бүгінгі күні
әртүрлі түсіндіріледі. Батыс еуропалық немесе
мұсылмандық ХІХ-ХХ ғасырлардың дереккөздерін
негізге ала отырып оның философиясына деген
жалпы бірыңғай көзқарас туралы әрқашанда айта
алмайсың. Біздің отандық фарабитануда да қазіргі
уақытта оның мұрасын эртүрлі ағымдардың
негізінде қайта құрылымдау әрекеті орын алып
отыр. Мысалы, одан нышандық жаңа
платоншылдықтың, сопылықтың және т.б. окілін
көреді. Бірақ та оның іліміндегі сопылық
элементтерді неміс, сондай-ақ, француз
шығыстанушылары да атап керсеткенін еске алу
қажет. Көбінде бұған оның жүмысындағы кейбір
ережелер, сондай-ақ философ ұстанған өмір
салтыда негіз болды. Атап айтқанда де Буур: «ол
биліктеи аулақ жүретін тыныш адам болды,
соңында сопы сияқты киініп, өзін философиялық-
аңғарымпаздық емірге арнады» деп жазды. X
ғасырда Бағдадтағы философиялық жағдаят
ғалымдар өздерін толықтай Платон мен
Аристотельді зерттеуге арнағандығымен
ерекшеленді. «Олар ерікті жаңа платонатылдық
формадағы Аристотель іліміне сену үшін
Пифагордан бас тартты, философтарды дін
проблемасы тіпті грек жэне ислам білімін
синтездеу эрекетінде де қызықтырды.
Әл-Фараби бұл мэселеде нышандық танымға үлкен рол берді.
Алайда философтың бұл проблеманы таңдаулы, халықтық жэне
нышандық білімге қатысты қоюындағы айырмашылықты атап ету
қажет. Таңдаулы білім ретінде ол философияға тэн: «қатаң
логикалық дэлелдеу» тэсілімен жүзеге асырылатын
философиялық білімді түсінді, ал нышандардың көмегі арқылы
алынған білім тым абстрактілі. Философия эмбебап білім, оны
меңгерген кезде адамдар арасындағы түсінбестік шекаралары
жоғалады, философия бірлік мәртебесін иемденеді. Нышандық
білім болса, эртүрлі халықтар мен уақыттар үшін ортақ болатын
бірыңғай эмбебап нышандарды жасап шығара алмайды. Әл-
Фарабидің нышандық мэні айқын көрінген діннің маңыздылығын
да осы мағынада анықтағаны табиғи нәрсе. Ол комегімен бүкіл
дүниені біріктіруге болатын бірыңғай діннің болуы мүмкін емес деп
ұйғарды, ал философияға осындай рөл берді.
Платонның «Мемлекет» жэне «Заңдар» мәтіндеріне
Түсініктемелерінде эл-Фараби пайғамбар мен пайғамбарлық
тақырыбын жалғастырады. Әл-Фараби философ пен пайғамбар
ізгілік қоғамын бірігіп басқарулары тиіс деп есептеді. Әбу Насыр
реалистік бағыттағы адам бола отырып, жай ғана қоғамдағы
материалдық жэне рухани қайта құрудың бірлігін аңсады, бірақ та
озінің реалистік позициясына байланысты бұл бірлікке қол
жеткізудің іс жүзінде мүмкін еместігін түсінді, сондықтан да ол бұл
Әл-Фарабидің
«Кitab ihsa'
al-'ulum» (Қазақша:
«Ғылымдар
энциклопедиясы»,
ағылшынша: «An
Encyclopedia of the
Sciences»)
Қорытынды:

Әл-Фараби қойған философия мен діннің
қатынасы проблемасы Мұсылмандық
Ортағасырдың философиялық орталарында
орасан резонансқа ие болды. Әбу Насыр зл-
Фараби философиясын зерттеушілердің
копшілігі оның ақиқаттарды, олардың ішінде
ашылу ақиқаттарын зерделі, ұтымды тануды
жоғары қоюға үмтылуын атап көрсетеді. Әл-
Фараби Жер мен Аспандағы мэндінің барлығын
дұрыс түсіну ретінде логика мен ғылым
заңдарына негізделген философияны ұсынады.
Алайда бұдан философияның тек дін заңдарын
Пайдаланылған әдебиеттер:

А.Кобжов. Әл-Фараби, Алматы, 1971.
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1973.
Әл-Фара6и. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975.
Әл-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии.
Аль-Фараби. Математические трактаты, А-Ата, 1972.
Aль-Фараби. Комментарии к "Алмагесту'" Птолемей. А-Ата,
Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата, 1975.
Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ежелгі Мұсылман философиясы
Шығармашылық жолы
Ғалымның еңбектері
Фарабидің энциклопедиясы
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ
Пәлсапаның атасы
«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтықмұсылмандық философия»
Шоқан мен Ыбырайдың орны
Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия
Пәндер