Фарабидің шарттары


Slide 1

Әл-Фараби философиясы

Slide 2

Әл-Фараби философиясы

Slide 3

Жоспары:

1. Кіріспе

1. 1 Әбу Насыр әл-Фараби

2. Негізгі бөлім

2. 1 Әл-Фарабидің философиялық еңбектері

2. 2 Фарабидің шарттары

2. 3 Әл -Фарабидің интеллект жөніндегі ілімі

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 4

Әбу Насыр әл-Фараби

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі " екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.

Slide 5

Әл- фараби антикалық заманның алыптары- Платонның, Аристотельдің, Птолемейдің шығармашылықтарымен өте жақсы таныс ғұлама - энциклопедист ғана емес, сонымен бірге өздері ислам өркениеті жағдайында жоғары адамгершіліктік құндылықтарды насихаттаған рухани тұлғалар бола отырып, сол замандағы ғылым мен философия дамуының әлемдік биік деңгейіне қол жеткізді. Өзінің энциклопедиялық мұрасында Философиялық мәселелерді, шешілуіне үлес қосты.

Slide 6

Әл- Фарабидің философиялық еңбектері:

Ғылымдарды іріктеу жөнінде;

Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарастары жөнінде;

Азаматтық саясат;

Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері;

Бақытқа жету жөнінде;

Философияның дінге қатысы;

Категориялар;

Әріптер кітабы;

Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері;

Ғылымның логикалық негіздері

Slide 7

Фараби « Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны », « хайуан жаны », « адам жаны » деп жүйелейді

Фараби « Табиғат ғылымдарының негіздері » (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған.

« Философияның дінге қатынасы» еңбегінде мемлекетті басқарудағы философия мен діннің мәнін аша отырып, бұл мәселені мемлекеттің басқарушысы шешуі тиіс өзге де маңызды әлеуметтік- саяси және этникалық мәселелермен байланыстырады.

Slide 8

« Әріптер» кітабында әрбір халықта философиялық қарсыластары бар, қалам өнері философияға қарсы әрекет етеді. Философия дінге қай жерде қарсы әрекет етсе, дінде сол дәрежеде философияға қарсы әрекет етеді дейді.

Философия ақиқатқа жетуге ұмтылғандықтан, адамзаттың бақытқа жетуіне қызмет етеді деп, « Бақытқа жету» трактатын жазады.

Slide 9

Фараби ғылымнын философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шыкты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т. б, ғылымдар жайлы жазған енбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты.

Slide 10

Фараби өзінің " Философияны үйрену үшін қажетті шартар жайлы трактат" еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді :

Slide 11

Бірінші шарт

Бірінші шарт - философиялық ағымдарды тану ( аты-жөнін білу ) жеті нәрседен тұрады :

философиялық бағытқа ( ағымға ) бас болған ұстаздың аты-жөні ;

оның шыққан қаласы ;

философияға мекен (медресе) болған орынның аты ; философиялық ағымды тудырған басты себеп ;

философиялық талдауға түскен мәселелер ;

философияның алға қойған мақсаты туралы ;

философияның практикалық мәні, нәтижесі. Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы - грек философы Пифагор, яғни пифагористер мектебі.

Slide 12

Екінші шарт

Екінші шарт - өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден калған логикалык шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика) ; силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.

Slide 13

Үшінші шарт

Үшінші шарт - философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.

Slide 14

Төртінші шарт

Төртінші шарт - философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану.

Slide 15

Бесінші шарт

Бесінші шарт -философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.

Slide 16

Жетінші шарт

Жетінші шарт - Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу.

Slide 17

Алтыншы шарт

Алтыншы шарт - Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми

Slide 18

Сегізінші шарт

Сегізінші шарт - философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.

Slide 19

Тоғызыншы шарт

Тоғызыншы шарт - Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды.

Slide 20

Аристотельдің "Никомахтың этикасында " келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын "ең ерекше " игілік, ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса солай бет алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастағаны жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз кездеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.

Slide 21

Әл -Фарабидің интеллект ( ақыл- ой) жөніндегі ілімі

Потенциалды интеллект- ол жеке пенденің жан дүниесінің болмыстағы заттардың бітілімін тану- білу мүмкіншілігі

Актуальды интеллектіге келер болсақ. Әл- Фараби ойынша, болмыстағы заттардың табиғатында олардың бітімінің ақыл- ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр.


Ұқсас жұмыстар
Ғылымдар энциклопедиясында ойшыл ғалым
Ғылымдар тізбегі немесе Ғылымдар классификациясы, Алмагеске қосымша кітабы
Фарабидің толық аты - жөні
Сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай
Фарабидің энциклопедиясы
Ғылымдарды іріктеу жөнінде
Насыр Мұхаммад ибн
Әбу Насыр әл-Фараби жайлы
Ғалымның еңбектері
Екінші ұстаздың шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz