Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна): өмірбаяны, медицинаға қосқан үлесі және еңбектері


Slide 1

Ибн-Cинаның ойлары

Slide 2

Жоспар:

1. Өмірбаяны

2. Медицинаға қосқан үлесі

3. Танылуы

4. Еңбектері

5. Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина ((парсыша: ابو علی حسین بن عبدالله بن سینا‎), батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ге жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.

Slide 4

Өмірбаяны

Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара - жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді».

Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылманмектеп-мактабқа орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құрандыжатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геометрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын.

Slide 5

Медицинаға қосқан үлесі

Тәжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бүл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан.

Slide 6

Танылуы

Жас Ибн Сина сол кездегі атақты дәрігер Абу Сахлем Масихимен танысып, ғылыми хат жазысып тұрды, ортағасырлық Шығыстағы ғалым-энциклопедист Абу Райхан Бирунимен қақтығысып қалатын.

Он жеті жасқа қараған кезде, Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы әмір сарайына шақырылды. Нух ибн Мансур ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған ешнәрсемен көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарды, ол әмірдің жеке дәрігері болып сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхана еді. Мүмкін, дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін.

Slide 7

Ибн Синаның күміс кесеге салынған кескіні

Slide 8

Риториканы талап қылсаң, сұра менен - білгірінен, Көмейі болса уақыт оның, сөйлейтін тілімін мен. Өндіріп айтпас өзге ұстазың бұл ғылымнан ештеңе, Өзі ұстазы һәм білгірі табылмас мендей еш пенде. Көрінбестей көмескі еді ақиқаттың ақ байрағы, Мен келгеннен желбіреді, ғылым да гүл жайнады!

Білім үйренудің артықшылығы мен шарапаты туралы айтқан мынадай өлеңі де бар. Тәрбиеле рухыңды үйренумен ғылым-білімді, Наданменен бірге болып өткізбе босқа күніңді. Адам жаны шам болса егер, білім оның от-шырағы, Алланың шексіз хикметі білте майындай боп тұрады.

Slide 9

Сондай-ақ, әмірші Тәж әл-Мүлктің тапсырмасымен уәзірлік шенінен айрылып, төрт ай түрмеде тасталып, дертке ұшырағанда да былайша өлеңдеткен болатын.

Бір Аллаға шағынам тауқыметін тар заманның Бәле төніп әз басыма, түрмеге нақақ қамалдым. Қасірет-михнат тұс-тұстан ұрады кеп сойылдай, Бәле атаулы магниттей, өзім болдым шойындай!

Slide 10

Еңбектері

Ибн Синаның философия, логика, тіл-әдебиет, иләһиет, математика, жаратылыстану, анатомия, саз-әуен сияқты талай ғылымдардың салаларында жазып қалдырған жүзге тарта еңбектері бар. Оның ең соңғы еңбегі әл-Ишарат кітабы философия саласында жеткен ең биік мәртебесі болатын. Ал оның ең соңғы зерттеулерінің біір психология саласындағы Рисалат әл-Кәләм алә ән-Нәфс ән-Натиқа еңбегі еді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Ибн Сина (Авиценна): өмірбаяны және философиялық көзқарастары
Әбу Әли ибн Сина: өмірі мен ғылыми мұрасы
Фармация тарихы және терминологиясы: Әбу Әли ибн Синаның ықпалы
Ортағасырлық мұсылман фалсафасы: перипатетика және әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина және Ибн Рушдтің ілімдері
Әбу Насыр әл-Фараби: Екінші ұстаз, ғылымдардағы еңбектері мен философиялық-гуманистік көзқарасы
Ортағасырлық мұсылман философиясы: негізгі бағыттар және Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина
Сұлтанмахмұт Торайғыров: өмірбаяны, шығармашылығы және поэма жанрына қосқан үлесі
Леонардо да Винчи: өмірбаяны, шығармашылық хронологиясы және өнер мен ғылымға қосқан үлесі
Ғабдолла Қалиевтің өмірбаяны және қазақ диалектологиясы мен тіл біліміне қосқан үлесі
Генри Фордтың өмірбаяны және автокөлік өнеркәсібіне қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz