Индуизм философиясы: пайда болуы, тарихи дамуы және негізгі тұжырымдар


Slide 1

Индуизм философиясы

Slide 2

Жоспар:

І. Негізгі бөлім

Философия туралы түсінік

Индуизм дегеніміз. .

Индуизмнің тұңғыш қауымы

Индуизмнің пайда болуы, даму тарихы

ІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

2

Slide 3

3

Философия туралы түсінік

Пәлсапа немесе философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады.

Slide 4

4

Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б. з. д. 7-6 ғ. ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор. Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

Slide 5

5

Slide 6

6

Индуизм б. д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:

қасиеттері істер жолы;

таным жолы;

адалдық жолы.

Индуизм - әлемдегі ірі діндердің бірі.

Slide 7

7

Индуизмнің тұңғыш қауымы - «адживака»тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті . Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті . Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай - Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды . Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті . Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті . Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.

Slide 8

8

Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух - пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді.

Slide 9

9

Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұста¬ну-шылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлерінде де аздап таралған. ХХ ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшылықтың бірден назарын аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған 18 томдық "Индуизм” атты энциклопедияның дайындалып жатқандығы дәлел десе де болады. Бұл энциклопедияға көптеген елдерден 1250 ғалымның 1-нан астам ғылыми мақалаларын енгізу көзделіп отыр. Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы "Хинду” деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен оның жағасындағы Үнді елін ға¬на білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған. Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар.

Slide 10

10


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың пайда болуы мен тарихи дамуы
Топырақ биологиясы ілімінің пайда болуы және тарихи дамуы
Қазақстанда ақшаның пайда болуы мен тарихи дамуы
Индуизм философиясы мен ілімдерінің негіздері
Ғылымның пайда болуы және тарихи эволюциясының негізгі кезеңдері
Геометрияның пайда болуы мен дамуы және негізгі ұғымдары
Дін философиясы: пәндік шекаралар, діннің пайда болу теориялары және философиялық тұжырымдар
Қытай философиясы: тарихы, негізгі мектептері және конфуцийлік-саяси тұжырымдар
Менеджмент ұғымының пайда болуы, қызметтері және Қазақстандағы басқару ғылымының тарихи дамуы
Қазақстан теңгесінің пайда болуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz