Ислам дінінің қалыптасуы


Slide 1

Ислам дінінің қалыптасуы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе:

Ислам діні туралы түсінік

Мұсылман елдері және демографиясы

Негізі бөлім:

Ислам Тарихы

Ислам күнтізбесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Ислам (араб. : إسلام‎) - әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтыңзаңдарына) [1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал «ислам» - толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб. : القرآن الكريم‎) - классикалық әдеби араб тілінде (араб. : الفصحى‎) Аллаһ тарапынан түсірілген.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т. б. бар. [2] . Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар - Аллаһтың елшісі Мұхаммед ﷺ

Slide 4

Қағба - Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд АрабиясыныңМекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналған мұсылмандар Аллаһқа бірігіпқұлшылық етуде

Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті

Slide 5

Ислам дінінің таралу картасы

Әлемде 1. 62 миллиард өздерін мұсылман санайтын адамдар бар. Олар әлем халқының 20% құрайды. Мұсылман елдері негізінен Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Оңтүстік-Шығыс Азия және Орта Азия Аумағында орналасқан. Сонымен қатар негізгі халқы мұсылман болмағанмен, халықтың біршама бөлігін мұсылмандар құрайтын Еуропа мен Азиядағы бірнеше мемлекет бар. Мысалға Қытайдағы мұсылмандардың саны Сирия мұсылмандарынан көп, ал Ұлыбританиядағы мұсылмандар саны Ливандағы мұсылмандардан көп. Осыны дәлелдейтін зерттеуді 2010-шы жылы Pew Research Center өткізіп, 2011ж. қаңтар айында жариялады

Slide 6

Исламның таралу бағыттарын көре аламыз.

Slide 7

Суреттен Исламның қазіргі кездегі таралуын көре аламыз. Бұл жерде Исламның Азия, Африка, Арабия елдерінде кең таралғанын байқаймыз, соңғы кездері дін Еуропа елдерінде де кең таралуда, оған себеп босқындардың көшуі.

Slide 8

Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың ﷺ көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба - Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» (араб. : خلفاء الراشدون‎) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» (араб. : العهد الأموي‎) аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың ﷺ көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі (араб. : العهد العبّاسي‎) сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылым мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т. б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы баталып, 194 жылға созылған крест жорықтарыбасталды.

Slide 9

Мұхаммед пайғамбар заманы (610-632)

Ислам дінінің негізін салушы Һашим әулетінен шыққан Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Абдуль-Мутталиб (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) . Һашим әулеті өз кезегінде арабтың Құрайштайпасының бір бөлігі. Ол Ислам уағыздауын бастамай тұрып та пұттарға табынбай, бірқұдайшылық жолын ұстанған. Ол Аллаһқа құлшылық қылып, дұға ету үшін Рамазан айында керек-жарақтарын алып Меккенің қасындағы Нұр тауындағы Хира үңгіріне баратын болған. Міне, бір күні Хира үңгірінде отырған сәтінде оған Аллаһ жіберген Жәбірейіл періште ең бірінші рет аян етеді. Бұл «Ғаләқ» сүресінің алғашқы аяттары болатын.

Қағбаның ішіндегі барлық пұттар сындырылып, көпқұдайшылық белгілірінен тазартылады.

Меккені алғаннан кейін Мұхаммед пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) екі жыл өмір сүріп, өмірінің соңғы жылы жүздеген мың мұсылманмен бірге қажылық жасайды. Арафаттаотырған кезінде оған Аллаһ тарапынан ең соңғы аят түседі:

Бүгін сендерге діндеріңды толық қылдым, нығметімді тәмамдап, сендерге дін ретінде Исламға разы болдым

-Мәида сүресі, 5-ші аят

Мұхаммед пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) 632-ші жылдың 8-ші маусым күні қайтыс болып, Медине қаласында өзінің сүйіктк жары Айшаның бөлмесінде көміледі

Slide 10

Әділетті халифалар заманы (632-661) а

Мұсылмандардың Шам өлкесіндегі ең алғашқы жаулап алған қалаларының бірі - Петра қаласы

Пайғамбардың өлімінен кейін мұсылмандардың халифасы болып оның ең жақын досы Әбу Бәкір болады. Әбу Бәкір билік құрған кезеңде бұған дейін мұсылмандықты қабылдаған кейбір тайпалар Исламнан бас тартады. Бұлар мен болған соғыстарды «Ридда (діннен қайту» соғыстары деп атайды. Сонымен қатар араб жазирасында өздерін пайғамбармын деген бірнеше адам пайда болып, бүлік жасай бастайды. Әбу Бәкір заманында мұсылмандар алғашқы рет арабия түбегінің сыртындағы аймақтарды жаулай бастайды. Халид ибн Уәлидбастаған мұсылман әскері Персия мен Византияға сәтті жорықтар жасайды.

Әбу Бәкір қайтыс болғаннан кейін оның өсиеті бойынша халифатты Омар ибн әл-Хаттаб басқаратын болды. Омар билік құрған кезде мұсылмандар Византияәскерлерін жеңіп, Шам өлкесін басып алады. Парсы еліне болған жорықта Басра, Куфа және т. б, қалалар қолға түседі. Мұсылман әскерлері Хорасанжерлеріне, Әзірбайжан мен Арменияғашейін жетеді. Амр ибн әл-Ас басқарған әскер Мысыр жерін толығымен жаулап алып, жергілікті копттарға амандықты уәде етеді. 644-ші жылдың 1-ші қарашасында Омарды намаз оқып тұрған сәтінде парсылық Әбу Лу-лу қатты жарақаттайды. Көп ұзамай Омар жан тапсырады. .

Османнан кейін Медине қаласындағы сахабалар халифа қылып Әли ибн Әбу Талибті таңдайды. Әли ибн Әбу Талибтің әскері бұл шешімге келіспеген Шам өлкесінің әмірі Мағауия ибн Әбу Суфйанмен «Сыффин шайқасы» аталып кеткен шайқаста шайқасады. Ал Айшамен болған шайқас «Түйелер шайқасы» аталып кетеді. Әли мен Мағауия келісімге келу үшін келіссөз жүргізуге Әлидің жағынан Әбу Мұса әл-Ашғари, Мағауия жағынан Амр ибн әл-Ас тағайындалады. Ұзақ келіссөзден кейін, олар Әли мен Мағауияның билікті тастап, халифаны қайта таңдауға келіседі.

661-ші жылдың 24-қаңтар күні Әли ибн Әбу Талибты Куфа қаласында таңғы намазға бара жатқан кезінде Әбдуррахман ибн Мульджим уланған қылышпен басына жарақат салады. Үш күннен кейін Әли қайтыс болады. Оның нақты қай жерде көмілгені белгісіз

Slide 11

Умәуилер заманы (661-750) Өңдеу

Толық мақаласы: Умәйя әулеті

Умәуи заманындағы алтын теңге

Умәйя әулеті - Араб халифатын билеген әулет (661-750) . Негізін Меккедегіқұрайыш тайпасының умәйя руынан шыққан Мұғауия I (т. ж. б. -680) қалаған. Умәйя әулетінен шыққан халифтар мемлекет құрамына Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігін, Орталық Азияны, Иран, Ауғанстан, Ирак, Кавказдыңбіраз жерлерін қосып алды. VIII-ші ғасырдың ортасына таман мемлекеттегі бірлік әлсірей бастады. Әбу Муслимбастаған шииттік қозғалыс (747-750) Умәйя әулетін тақтан тайдырған соң, билікке Аббас әулеті келді

Slide 12

Аббасилер заманы (750-1258) Өңдеу

Толық мақаласы: Аббас әулеті

Аббас әулеті - Араб халифатын билеген әулет (749-1258) . Мұхаммед Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) немере ағасы Аббас ибн Абдуль-Мутталиб ибн Һашимнен тараған. Мұхаммед ибн Әлидің ұлы Ибраһим жіберген өкіл Әбу Муслим бастаған шииттік қозғалыс Умәйя әулетін тақтай тайдырған соң, Аббас әулеті үкімет басына келген. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбу әл-Аббас әс-Саффах (750-754) болды. 762 жылы Аббас әулетінің астанасы Шамнан Бағдадқа ауыстырылды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде кейде «Бағдадия халифаты» деп те аталады. Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы, әдебиеті, философиясы, математикасы, географиясы, саудасы, т. б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Бұл халифат төңірегіндегі көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлестерін қосып отырды. Ежелгі Шығыс, Грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті Еуропа елдерінің дамуына көмектесті. Аббас әулеті арасынан Һарун әр-Рашид(786-809), Мамун (813-833), әл-Мутасим (833-842) қызметтері айрықша аталды. Кейін VIII ғасырдың ортасында мемлекет бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе жергілікті билеуші топтар билік жүргізе бастады. X ғасырда буидтер, одан селжұқтар Аббас әулетін ығыстырып шығарды да, олар тек діни тістерге ғана араласатын болды. 1258жылы Хұлағу хан бастаған моңғолдар Бағдадты басып алып, Аббас әулетін жойды. Тірі қалған әл-Мустансирге Мысыр сұлтаны Бейбарыс 1261 жылы әл-Қаһирада халифа атағын берген. 1517жылы түрік сұлтаны Селим I халифа әл-Мутәуәккилді Ыстамбұлға көшіріп, кейін халифа атағы түрік сұлтандарына өтті

Slide 13

Осман империясы заманы (1517-1923) Өңдеу

Толық мақаласы: Осман империясы

Мұхаммед II-ші Константинопольді жаулап алған сәті

Осман империясы - 1299-1922 жылдар арлығында өмір сүрген Осман сұлтандары басқарған көпұлтты мемлекет. 1517-ші жылдан бастап бұл мемлекеттің басшылары халифа аталады. Осман халифтері бұрын-соңды мұсылман иелігінде болып көрмеген көптеген елдерді басып алды. Оның ішінде Грекия, Албания, Болгария, Сербия, Македонияжерлері болды. Өзінің шарықтау шегінде Осман империясы Вена қаласынан Парсы шығанағына шейін, Қрымнан Мароккоғашейін созылып жатты. 1453-ші жылы жетінші Осман сұлтаны Мұхаммед II-ші Византия мемлектінің астанасы болған Константинополь қаласына басып кіреді. Бұл қала енді Ыстамбұл аталады.

Сүлеймен сұлтаннан кейін Осман империясы әлсіреп, тек Мұхаммед IV-шінің кезінде ғана жандана бастады. Одан кейін Осман сүлтандары біртіндеп бұрынғы ұлылығынан айырыла бастады. Арабия түбегінде Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаббастаған Исламды өткен ғасырлар бойы қосылған заттардан тазарту қозғалысы басталды. Осман сұлтандары бұндай қозғалыстарды жою үшін күрескенмен, толығымен өшіре алған жоқ. Оған қоса Балқан түбегінде ұлт-азаттық қозғалыс өрши түсті. Осман империясы Бірінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін Түркия Республикасының президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің шешімімен өмір сүруін тоқтатты

Slide 14

Осман империясынан кейін

Ислам Конференциясы Ұйымының туы


Ұқсас жұмыстар
Араб халифатының мемлекеті және құқығы
Берке хан Өзбек хан
Дін анықтамалары
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
ИСЛАМ ТҮСІНІГІ
Кеңестік кезендегі Қазақстан мәдениеті саласындғы жетістіктер мен қайшылықтар
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері
Христиан дінінің тармақтары
СЕНІМНІҢ ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТҮСІНДІРУ
Христиан дінінің негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz