Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері



Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қытай философиясының бағыттары
Мектептері
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қытай философиясы. Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII-VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б. ж. с. д. 207ж. -б. д. 220 ж. ) . Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б. ж. с. д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

Көне Қытай философиясының негізгі мектептері:Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа - мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.

Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б. ж. с. д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.
Инь және Ян белгісі және Ба гуа Нанниң қаласы сыртында салынған сурет, Қытай.
Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б. ж. с. д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар - тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған.

Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б. ж. с. д. 479-391 ж. ) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.

Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған - автор) .

Заңгерлер мектебі.
Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті. Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй) . Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған. Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген. . . Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда, осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz