Қытай эстетикасы мәселелері
Презентация қосу
■ Тақырыбы: Қытай
эстетикасы
мәселелері.
Жоспары
■ Кіріспе.
■ Негізгі бөлім.
■ 1 Қытай философиясы жайлы қысқаша
мағлұмат.
■ 2
1 Қытай халқының эстетикасына шолу.
■ 3
1 Эстетика және қытай өнері.
■ Қорытынды.
■ Пайдаланылған әдебиет.
■ Қытай
философиясы. Біздің
жыл санауымыздан
бұрын VIII—VI
ғасырлар аралығында
қазіргі Қытай мемлеке
тінің жерінде құлдық
қоғам толық
қалыптасқан-ды.
Мифологиялық
дүниетанымның орнын
философиялық ілімдер
ала бастайды.
Олардың барынша
гүлдену кезеңі Хань
династиясына сәйкес
келеді (б.ж.с.д. 207ж.-
б.д.220 ж.).
Зерттеушілер бұл
кезенді «гүлденген
жүз философиялық
мектептің өзара
■ Қытайдағы түрлі мәдени дәстүрлер тоғысында конфуцийлік ағым
даосизм мен буддизмнен де басым болып, өзінің өміршеңдігін танытты.
Бірақ, Конфуций ілімі оларды мүлде ығыстырған екен деген ұғым туып
қалмауы керек. Қалай болғанда да, император У-дидің билігі кезінде
Конфуций ілімі жұлдызы жанып үш діннен (сянь цзяо) де мерейі үстем
болып, қытай қоғамында ерекше орынға ие болды. Конфуций ілімінің
үстемдігін кездейсоқ жағдай деп қарастыруға мүлде болмайды, олай
болатын себебі бүл жүйе осы бір ұлан-байтақ империяны басқаруға өте
қолайлы болса, екінші жағынан, қарапайым халықты бағыныштылықта
ұстаудың басты кепілі болды.
■ Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең
философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар
ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты
қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан.
Адамзат баласы мен табиғаттың біртұтастығы, олардың өзара үйлесімділік
жағдайында болуы — қытай өнерінің негізгі арнасы болды. Басқаны былай
қойғанда, қытайлықтардың жазу өнерінің өзі де өте әдемі болып келеді
және бұл өнерді игеру басқа мөдениет өкілдерінің қолынан келе бермейді.
■ Адамды қоршаған дүниенің сан қырлы құпиялары, табиғаттың әсем көріністері
пейзаждық кескіндемеде де жан-жақты бейнеленеді. Пейзажист-суретшілер
табиғат сұлулығын көрсетуде әсем көріністерді адам бейнелерімен толықтырып
отырған. Мұндай суреттерден күннің батуын, таң шапағын және тағы да басқа
табиғаттың таңғажайып көріністерін тамашалап тұрған адамдарды көреміз.
Мұндағы мақсат — адамды табиғатқа етене жақындастыру, оның жан дүниесін
табиғат құбылыстарымен үндестіру. Бүл игі мақсатқа өздерінің қомақты
үлестерін қосқан қытайлық және жапондық суретші-пейзажистер — пейзаждық
стильдің өрісінің кеңеюіне, оның дамуына даңғыл жол ашып берді.
Қытай эстетикасы– б. з. д. 7 ғ-дан басталады. Басты ұғымдары - У син - 5 эле-
мент, 5 үн - пентатоника, 5 негізгі түс (ақ, қара, қызыл, көк, жасыл), кеңістіктегі 5
негізгі нүкте (жарық дүниенің ортасы мен 4 жағы - шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік).
Қытай эстетиктері көркем шығармаларды 4 деңгейге бөлді: 1-деңгей – табиғаттың
өзі сияқты шынайы кемеңгерлік шығармалар (ең жоғары); 2-деңгей – ұлы дарындар
шығармалары, 3-деңгей – нағыз шеберлер шығармалары, 4-деңгей - қолөнершілер
шығармалары.
Қытай суретшісі Се хе көркемсуреттің «алты заңын» жасады: 1 заң (циюнь
шэндун) – көркемсурет жанды рухтандыруы қажет; 2 заң – көркемдеп жазудың
маңыздылығы (каллиграфия өнері); 3, 4, 5 заңдар – көркем бейненің мазмұнымен
сәйкес болуы; 6 заң – шебердің жеке стилінің болуы.
■ Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені
эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік
заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы
ғылым.
Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен айқындалады.
Адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз
байланысты үш нәрседен тұрады:
1.Объективті шындықтағы эстет. Ұғым субъективті эстет. үғым (эстет. сана)
2.өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде).
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін
адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған
жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі
көрінісі ретінде анықтайды.
Қорытын
■ ды.
Эстетика — философиялық ғылым.
Ендеше, ол да этика сияқты нақты
ғылымдар өлшеміне сай келмейді.
«Эстетика» ұғымын ғылыми қолданысқа
XVIII ғасырдың орта шенінде неміс
философы Александр Баумгартен енгізді.
Ол эстетиканы грек тіліндегі
«айстетикос» сөзінен құрас- тырып
шықты. Этимологиялық тұрғыдан
алғанда «айстетикос» — сезім, сезіммен
қабылданатын деген мағынаға ие.
Этимологиялық түбір өлі күнге дейін
«анестезия» сезінде кездеседі.
■ А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға
мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген,
әсемдіктің бірден-бір керініс табатын
саласы өнер деп қарастырған.
Пайдаланылған әдебиеттер.
■ 1. Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия
/ Бас редактор Ә. Нысанбаев –
Алматы «Қазақ энциклопедиясы»
Бас редакциясы
■ 2. Мәдениеттану: жоғарғы оқу
орнындары мен колледж
студенттеріне арнлған оқулық.
Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
■ 3. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. –
Алматы: Дәнекер, 2000.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz