Милет мектебі




Презентация қосу
Милет,Элей,Эмпедокл атомшылдар
скептицизм, софистер мектептері
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Милет мектебі
Элей мектебі
Эмпедокл мектебі
Софистер мектебі
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер
Милет мектебі
Милет мектебі – ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп
(б.з.б. 6 ғасыр). Негізгі өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр.
Ионий аймағындағы (Кіші Азияның батыс жағалауы) Милет
қаласының атымен аталған. Милет мектебі ежелгі грек
философиясының негізін қалады. Милет философтары құбылыстың
мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар біртұтас алғашқы
негізден пайда болған, әр алуан құбылыстардың ар жағында онан
өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді.
Эмпедокл ((Агригенттен Сицилия ар.) б. з. б. 490-30 ж.
ш.) - ежелгі гр. материалист-философы, құл
иеленушілік демократияның идеологы. Өзінің "Табиғат
туралы" филос. поэмасында алуан түрлі заттарды төрт
"түп тамырға" әкеліп тірейді, олар : жер, су, ауажәне от
. Табиғаттың төрт элементі (немесе құбылысы) туралы
ілім ретінде көп ғасырлар бойы ертедегі және орта
ғасырлардағы философияда сақталды. Элементтердің
қосылуын және ыдырауын эмпедокл бір-біріне қарама-
қарсы екі күштің: тартылысжәне серпіліс күштерінің ("
достық" пен "өшпенділік") әсерімен түсіндірді. Мәлім бір
күштің басым түсуі ғарыштың дамуында белгілі бір
циклмен болып жататын өзгерістердің әртүрлі
кезеңдерін белгілеп береді. Неғұрлым өміршең,
үйлесімді түзілістердің табиғи сұрыпталуы нәтижесінде
тірі мақұлықтардың заңды эволюциясы туралы
эмпедокл айтқан болжамдардың тарихи маңызы зор.
Софистер
Софистер - "даналықтың", "шешендіктің" кәсіби үстаздары ретінде
көрінген ежелгі грек философтарын осылай атаған (б.з.б. V г.).
Софистердің бірегей мектебі болған жоқ. Діннен бас тарту, табиғат
кұбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік
релятивизм — олардың ортақ көзқарасы болып табылады.
Софистердің негізгі тобы ("аға" Софистер) құл иеленушілік
демократияны жақтады. Оларға ортақ касиет — табиғатты жалпы
материалистік тұрғыдан түсіндіру.
Софистер мектебі антика философиясының антропологиялық
бағытын көрсетеді. Софисттерден бастап, адам зерттейтін мәселеге
айналады. Аталған мектептің негізін қалаушы Протагор «Адам
барлық нәрселердің өлшемі»дейді. Софистер
танымның релятивистік теориясыныңнегізін салды.
Софистердің шәкірті – Сократ – философиялық антропологияның
негізін салды. Сократтың әдісі – «майевтика»деп аталады, бұл грек
тілінен аударғанда «тудыру өнері» деп аталады. Осы әдістің
көмегімен, Сократ ақиқаттың тууына көмектеседі. Сократтың «Өз
өзіңді таны», «Менің білетінім ештеңе білмейтінім»деген
белгілі сөздері бар. Сократтың қарастырғаны - этикалық мәселе.
Қайырымдылық пен адамгершіліктің мәнін тану Сократ үшін
қайырымдылыққа қол жеткізудің және өнегелі өмірдің алғышарты
болып табылады. Ол ерлікті, әділеттілікті қайырымдылықтың негізі
деп санайды. Сократ классикалық кезеңдегі үш ұлы философтардың
бірі.
Қорытыңды:

Адам – бүкіл заттың өлшемі

~Протагор
Пайдаланылған әдебиеттер:

Философия: Ж.Мейір,Б.Оразалиев.- Астана: Фолиант,2014.-280 бет
Ғаламтор желісі
Kk.wikipedia.org
Stud.kz

Ұқсас жұмыстар
Антикалық философия
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Ежелгі грек мектептері
ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ
Даосизмнің негізін қалаушы
Элей мектебі
Милет мектебінің өкілдері
АНТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ
Фалестің таңғалдырар ашулары
Греция философиясы
Пәндер