Мифология және философия
Презентация қосу
Тақырыбы: Мифология және философия
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Дүниетаным және оның түрлері-мифологиялық
діни,және философиялық.
2.Мифология түсінігі
3.Философия пәні
4.Философиялық білімнің құрылымы
5.Философияның негізгі сұрағы
6. Философияның бағыттары-материализм және идеализм
7.Философияның міндеттері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Дүниетаным және оның түрлері-мифологиялық діни,және
философиялық
Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастар
жиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.
Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.
Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф (грекше
mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы хикаялар. Әйгілі
мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайлары Гераклдың 12 жорығы,
Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас
ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне батырлармен байланыстыра суреттеуден
байқалады және бақытты өмірге, аурудан, жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген
мақсаттармен тығыз байланысы.
Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан тыс
күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3 әлемдік
түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Діни сенімнің
түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың
шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп
сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).
Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп,
табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпы заңдарын
зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарас ретінде пайда
болады.
Дүниетаным және оның
түрлері
ДҮНИЕТАНЫМ
ТҮРЛЕРІ
Мифология түсінігі
Ауызша халық мәдени ескерткіштерін зерттеу халқымыздың танымдық,
әлеуметтік саяси, адамгершілік тәрбие және дүниегекөзқарас ерекшеліктерін
білуге көмектеседі. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды,
заттар құбылыстар жайында білімдер жинақтайды. Өсе келе ол өзіне “дүние
неге бұлай”, “адамның өсуі мен өлімі” жайында сұрақтар қояды. Міне, осы
сияқты сұрақтарды білуі үшін оның дүниеге деген кең көлемдегі көзқарасы
пайда болады. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің
жиынтығы дүниегекөзқарас деп аталады. Дүниегекөзқарас адам өмірінің
практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
Дүниегекөзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бір бөлігі.
Дүниегекөзқарастың өзегі – білім. Білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен
тереңдігіне, дәлелдігіне, жүйелілігіне қарай ол практикалық және теориялық
болып бөлінеді. Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі арнайы сынақтан
өткен ғылыми негізде дәлелденген. Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі.
Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік тарихи типтеріне
Мифология және дін жатады. Бүкіл адамзат бір кездері философияға
мифологиядан дінге өту жолы арқылы келген.
Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф
(аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне
формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім,
білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында
қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды.
Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея,
объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара
болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың
барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып
табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол
дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік
бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің
өзіне тән ерекшелігі. Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы
мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне,
әдебиетіне, сурет-мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде,
эпостық жырларында бар. Қоғамдық өмірдің алғашқы қауымдық
формасының жойылуына байланысты қоғамдық сананың алғашқы түрі
ретінде Мифология да тарих сахнасынан кетті. Бірақ мифологиялық
санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның пайда болуы, әлеуметтік
өмірдің себебі, адамның тууы мен өлімі т.б. жайындағы сұрақтар
дүниегекөзқарастың түбірлі сұрақтары ретінде қалып қойды.
Философия
ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo –
сүйіспеншілік, sоріа – данышпандық деген сөздер)
данышпандыққа құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі
грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде
философия термині кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке,
ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен
байланысты.
Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде
ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда
(б.з.д. VIII-VI ғғ.) бір уақытта пайда болды (Ясперс К. «Смысл и
назначение истории». Бұл кее зңді Карл Ясперс «тарихтың осьтік
уақыты» деп атады. Яғни К.Ясперстің сөзімен айтсақ,
философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу. Платон
Философия пәні. Адам мен ғаламның арақатынасы–адамның 427-347 б.з.д.
ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап
мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде,
адам мен қоғам мәселелерін зерттейтін ғылым.
Философиялық негізгі категориялар (ұғымдар): материя
(бізді қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар
мен объектілер), сана, болмыс.
Философиялық білімнің құрылымы
Философиялық білімнің құрылымы – 1) онтология, 2) гносеология,
3) логика, 4) методология, 5) этика,6) эстетика,7) психология, 8) әлеуметтану,
9) философия тарихы.
1) Онтология (грекше ontos – болмыс) – жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт,
сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім.
Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.
2) Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде
танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай сияқты мәселелреді зертейді.
Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик –
И.Кант.
3) Логика (Қисын) – (грекше – logic – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау
заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар –
диалектикалық, математикалық, формальді.
4) Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың
табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе
адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.
Философиялық білімнің құрылымы
5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адамгершілік
жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.
6) Эстетика (грекше aisthetikos – сезіну) – адамның дүниені эстетикалық
немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары -
әсемдік пен ұсқынсыздық.
7) Психология (грекше psyhо – жан) – адам жаны мен психикасы туралы
ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-
әрекет, энергопотенциал т.б.
8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам
мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.
9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс
философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста
аяқталады».
Философияның негізгі сұрағы
Философияның қарастыратын әмбебап мәселесінен – адам мен
ғаламның арақатынасынан «философияның негізгі сұрағы»
туындады. Маркстік әдебиеттерде философияның негізгі сұрағының
екі жағы бар деп қарастырылады:
а) не бірінші – рух па, табиғат па?; б) әлемді танып-білуге бола ма?
Бұл мәселе Ф.Энгельстің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық
философиясының соңы» деген еңбегінде бірінші рет қойылған.
Руханилық пен материалдық қатынасын шешуде (филос. сұрақтың 1-жағы)
философтар екі түрлі бағытқа бөлінеді: 1) материалистер бірінші деп
материалдықты (қоршаған ортаның бөлігі – су, ағаш, металл, жер, т.б.)
есептесе; 2) идеалистер үшін, керісінше, материалдық – руханилықтың
туындысы (идея, сана, ерік, абсолюттік рух, т.б.). Материализм мен
идеализмнің бірнеше тарихи түрлері бар.
Философиялық сұрақтың 2-жағы әлемнің танымдық мәселелерімен
(гносеология) байланысты: әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану
мүмкіндігі шексіз бе, әлде оның шегі бар ма; ғалам туралы білім қалай
алынады, алынған нәтиженің ақиқаттығына немесе қателігіне қалай көз
жеткізуге болады?
5. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ
2. функционалдық
1. генетикалық аспект – аспект –
не бірінші – рух па, әлемді танып-білуге
табиғат па? бола ма?
Философияның негізгі бағыттары-материализм мен
идеализм
Философияның басты екі бағыты бар: идеализм мен материализм.
Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны
мойындады. Идеализмнің объективтік (рухтың адамның санасы мен
табиғаттан тыс, тәуелсіз өмір сүретінін мойындау) және субъективтік
(заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері
бар.
Материализм (лат. materialis - заттық) – идеализмге қарама-қарсы
ғылыми-философиялық бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды
санадан жоғары қойды, матрияны мойындады. Ол дүниенің мәңгілігін,
оның ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін
көрсетеді. Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.
Философия тарихында материалистерді 3 түрге бөледі: 1)
стихиялық, 2) метафизикалық, 3) диалектикалық.
Стихиялық материализм – Ежелгі Үнді, Қытай, Греция
материалистері. Дүниенің бастамасын табиғаттың 4 (5) cтихиясынан
іздеді – судан, оттан, жерден, ауадан (металдан).
Философияның негізгі бағыттары-материализм мен
идеализм
Стихиялық материализмнің түрлері: натурфилософия – табиғат
философиясы ұғымын білдіреді (Ежелгі Греция мен Қытай философиясы),
гилозоизм – материяның (зат және өмір) жанды тіршілігі туралы
философиялық ілім, анимизм - жан, рух дүниесіне табыну, сену (Ежелгі
Үнді философиясы).
Механикалық, метафизикалық материализм – Европадағы Жаңа
заманда (17 ғ.) табиғатты философияның обьектісі ретінде санап, оны
механика мен математика заңдарына бағындырды. Әйгілі өкілі – Ф.Бэкон.
Диалектикалық материализм – Маркс пен Энгельстің (19 ғ. орт.)
материализмнің ең жоғарғы түрі. Оған сәйкес дүниедегі барлық нәрселер
құбылмалы, кез келген заттар қарама-қарсы қасиетке ие болуы мүмкін.
Материализмнің басқа түрлері – антропологиялық (Л.Фейербах) –
дүниенің бастамасы адам деп санады, француз материализмі
(П.Гассенди) – дінге қарсы бағытталды, антиклерикалдық (латынша
клерикалис – діни) сипатта дамыды.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
МАТЕРИАЛИЗМ ИДЕАЛИЗМ
Философияның міндеттері
Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік,
болжамдық, методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық,
әлеуметтік.
1. Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген
көзқарасын қалыптастырады.
2. Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін
келтіреді.. Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту.
3. Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның
санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.
4. Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі
мен санасының дамуын болжайды.
5. Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін
қалыптастырады.
6. Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды
теориялық жүйеге келтіреді.
7. Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары
(моральдік, эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.
8. Әлеуметтік қызмет – қоғамды зерттейді
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. -
Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы:
Қазақ университеті, 2012.-224 б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо,
2011.-284 б.
4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192
б.
5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен
баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы.
Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде
пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-
238 б.
8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы:
Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
9.Акбаева Л.Н. Социология: Учебное пособие.- Алматы: КазГАСА,
2015.-242 с.
10. Габдуллина К.Г. и другие. Социология. Учебник для студентов
высших технических учебных заведений. – Алматы: Санат, 2007.
11. Әлеуметтану. 2-кітап/ Жалпы ред. М.М.Тажин.-Алматы, 2005.-
268 б.
12. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы:
Экономика, 2004.-640 б.
13. Дакенов Н. Абсаттаров Р.Б. Социология. – Алматы: Гылым,
2004.
Электрондық басылымдар:
1. Ақбаева Л.Н. Әлеуметтану: Электрондық оқулық. – Алматы:
ҚазБСҚА, 2012-144 б.
2. Акбаева Л.Н. Социология: Электронный учебник, Алматы:
КазГАСА, 2010.-161 с.
3. Интернет ресурстары: www.sociology.ru
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
КӨП РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz