Мифологияның ерекшеліктері




Презентация қосу
Тақырыбы: Мифологияның ерекшеліктері
Жоспар:
I. Кіріспе.
1.Мифология дегеніміз
2.Мифология ерекшеліктері
II. Негізгі бөлім.
1.Миф
2.Миф диалектикасы
3.Месопотомия,Көне Египеттегі діни жүйелер
4.Көне Грекия және Көне Римдағы діни жүйелер
III. Қорытынды.
Мифология
Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне
формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық
жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің
mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген
сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы
сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық
халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам,
ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік
дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар
кейіннен пайда болды.
Мифология ерекшелгі:
Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты.
Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып
табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан
оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге
ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік
бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке
сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі.
Миф
Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы
мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани
мәдениетіне, әдебиетіне, сурет-мүсін өнеріне енді. Олар
қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында бар.
Қоғамдық өмірдің алғашқы қауымдық формасының
жойылуына байланысты қоғамдық сананың алғашқы түрі
ретінде Мифология да тарих сахнасынан кетті. Бірақ
мифологиялық санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның
пайда болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен
өлімі т.б. жайындағы сұрақтар дүниегекөзқарастың түбірлі
сұрақтары ретінде қалып қойды.
Миф диалектикасы:
Абсолюттік мифология бар да, салыстырмалы мифология
бар. Лосев бұл туралы «Миф диалектикасында» айтады.
Ол бойынша абсолюттік мифология дегеніміз өзінен өзі
шығып, дамып отыратын мифология. Демек, еш нәрсеге
тәуелді емес. Лосев бойынша абсолюттік мифологияға
идея мен материяның, сенім мен білімнің жоғары синтезді
тепе-теңдігі тән. Абсолюттік мифология субъект пен
объектіні, мәңгілікті, шексіздікті, хабардарлықты,
абсолюттікті жинақтайтын жаңа категорияның қажеттігін
танытады. Басқаша айтқанда, Лосев диалектикалық тәсілді
қолдану арқылы тұлғалық Құдай туралы, өзінің абсолюттік
тіршілігінде толыққанды көрсетілген магиялық атау
туралы ілім, яғни персонализм мифологиясын жасап
шықты.
Қорытынды:
Мифтің өз тарихы, классикаға дейінгі немесе архаикалық,
классикалық немесе қаһармандық деп аталатын кезеңі,
тіпті постклассикасы бар. Архаикалық дәуір алғашқы мың
жылдықта басталып, Христос туғанға дейінгі екінші мың
жылдықта аяқталады. Көне миф туысқандық, рулық, соның
ішінде отбасылық қарым-қатынастарға құралған. Бұл -
адамды қоршаған әлем шын мәнінде бір отбасы көлеміне
сыйып кететін уақыт болатын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Х.А.Тұрғынбаев «Философия» Алматы «Білім» баспасы
2. С.Қондыбаев «Қазақ мифологиясына кіріспе» Алматы
баспасы
3. Қазақ энциклопедиясы
4. Интернет желісі
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грек философиясының мектептері
Фразеологиялық бірлік - номинативті тілдік бірлік
Антика философиясын дағы рух пен парасаттың космологизмі
Дін тәрбие бастауы туралы ақпарат
Ойлау мәдениеті
Мифологияның түрлері
Медицина ғылымдарының докторы
Оңтүстік шығыс диалектісі
Терісін бағалау
Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы - даму қарқынына басым көңіл бөлінуі
Пәндер