Моизм мектебі



ОСӨЖ Тақырыбы: “Мо-Дидің философиялық көзқарастары. ”

Жоспар:
Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім:
1. Мо-Ди туралы жалпымағлұматтар.
2. Мо-Дидің филасофиялық көзқарастары.
3. Мо-цзыдың философиялық афоризмдері.
Қорытынды бөлім:

Мо-цзы (Мо-ди)
МО-ЦЗЫ (МО ДИ) (б. д. д. 470 - 391ж. ж. ) - ежелгі ұлы қытай ойшылы.
Мо-цзы Конфуций дүниеден өткеннен кейін тура
екі жылдан соң дүниеге келді.
Чжаньго әулеті билік еткен тұста өмір кешкен ол
елдегі ғасырларбойы қалыптасқан дәстүрлі
әлеуметтік тәртіптің ыдырай бастағанын көріп,
Мо-цзы өзара түсінік пен махаббат идеяларынан бастау алатын жаңа
қоғамдық-саяси тәртіп орнату керегін түсінеді.

Моизм мектебі:
Моизм мектебі б. д. д. IV-IIIғ. ғ.
аралығында дүниеге келді және оның гүлдену кезеңі б. д. д. IV - ғасырға келеді. Мектептің ең танымал өкілдері Цинь Хуали, Мэн Шэн,
Сюй Фань және Тянь Цзи. Мошылдар қатаң бағыныштылық тәртіпті
сақтайтын ұйым құрған, оның мақсаты Моцзы идеяларының
тазалығын сақтап, Аспан асты елінде тарату болған. Бұл мақсатқа
жетудің ең басты құралы ретінде олар жеке үлгі көрсетуді және
билеушілерді үгіттеуді таңдаған.

Шығармалары:
Моизмнің негізгі шығармасы - «Мо-цзы» трактаты.
Моизм ежелгі қытай философиясында конфуцийшілдікке алғашқы
теориялық жауап ретінде белгілі. Хуайнань-цзының айтуынша, алғашқы
кезде Мо-цзы конфуцийшілдікті жақтаған, бірақ кейін оны қатты сынға
алған. Ежелгі Қытайдың басқа философиялық ағымдарымен салыстырғанда
моизмнің екі ерекшелігі бар: теологияға жақындығы мен ұйымдастырушылық рәсімделуі, бұлар логикалық әдіснамалық тақырыпқа деген қызығушылықпен қосылғанда оны схоластикалық реңкке бояйтын.
Мо-цзы мен оның ізбасарлары сол кезеңді Алтын ғасыр деп білген. Мо-цзы
аталған патшалар мемлекеттік билік пен қоғамдық әділеттіліктің тізгінін
бірдей ұстаған деп есептеген.

Философиялық көзқарастары:
Мо-цзы мемлекеттік билікті қалыптастырудың патриархтық жүйесімен
келіспейді, онда мемлекеттік лауазымдар билеуші әулетке жақындарға,
туыстарға үлестірілетін. Мо-цзы «дарынды құрметтеу» тезисін ұсынған, онда
адамдар мемлекеттік қызметке әлеуметтік жағдайына емес, қабілеттеріне
қарай алынатын. Сонда ғана әділеттік қағидасы салтанат құрады. Мо-цзының айтуынша, шенеуніктердің текті болуы міндет емес, ал қарапайым
адамдардың міндетті түрде тексіз болуы шарт емес.

Философиялық көзқарастары:
«Аспан» категориясы конфуцийшілдіктегі сияқты моизмде де құдыретті саналады және оған антропоморфты қасиеттер телінеді.
Ол, Моцзының пікірінше, бәрін көріп, бәрін естиді, оның сезімдері
мен қалаулары болады, ол ізгілік пен әділдіктің ең жоғарғы үлгісі болады, ал «Аспанның бұйрығы» жақсылық пен жамандықты айырудың өлшемі болады. Аспан мен адамдардың арасын жалғаушы нәрсе «рухты көру» болады.

Философиялық көзқарастар:
Мо-цзы ілімі Конфуцийдің ілімі сияқты, әлеуметтік философиядан гөрі
этикаға жақын еді және оның негізгі қағидасы - «жалпыға бірдей махаббат
пен өзара тиімділік» қағидасы болатын. Бұл қағида бойынша, әрбір адам іс-
әрекеттерін «Аспан асты елінің пайдасымен» сәйкестендіріп, халықтың әл-
ауқатына зиян келтіретін нәрселерден бас тартуы тиіс.
Мо-цзы идеяларының ішіндегі махаббат идеясы ерекше танымал, ежелгі
заманнан бергі бүгінге шейін, Мо-цзының есімі аталса, дәл осы идея еске
оралады. «Мо-цзы жалпыға бірдей махаббатты дәріптегенде, отбасынан бас
тартады» деген пікірді айтқан екен Мэн-цзы.
Біздің барлық біліміміз екі нәрседен: сезімнен (у-лу) және ойлаудан
(син) туындайды дейді. Танымда көп жағдай ат қоюға байланысты екенін
айтады. Мәселен, жалпы, рулық атау, жеке атау бар - дейді олар. Жеке
атаунақты затты басқалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Мо-Цзылықтар
янь (пікір айту) категориясын, былайша айтқанда, логикалық әдісті қолдады.

Философиялық афоризмдері:
«Ертеде адамдар пайда болғанда басқару мен жазалау
болмаған-ды . . . ,
содан Аспан астындағы тәртіпсіздік жануарлар арасындағы ығы жығыдай еді. Адамдар былықтың себебі билікті басқарушының
жоқтығынан екенін түсінді. Содан Аспан астындағы дана мен
лайықтыны таңдады, сөйтіп оны Аспан астындағы іс-әрекеттерді
басқаратын және тұтас бірдей әділеттілік орнататын көк
аспанның ұлы етті . . . ».

Философиялық афоризмдері:
«Елдегі тәртіпті реттеу үшін жөнсіздіктің себебін білу керек. Егер тәртіпсіздіктің
себебін біліп, оны болдырмай қойсаң, онда ел
гүлденеді және тыныштыққа бөленеді; егер жөнсіздіктің түбірін таппасаң, онда елге
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz