Араб елдерінің мәдениеті


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы

Орындаған: Мүбарак А. М

Тобы: ЛД-701

Тексерген: Абдикакимов М. Т

Семей-2019

СӨЖ

Тақырыбы: Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.

Slide 4

630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран (арабшадан аударғанда «оку» деген сөз) .

Slide 5

«Адамның ең басты көркі - білім» деді арабтар. халифатта математика, астрономия, география ғылымдары дамыды. Бағдат қаласында үлкен кітапхана жұмыс істеді.

Slide 6

Араб елдерінің мәдениеті

Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тілі болды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды.

Slide 7

Еуропалықтар халифат елдерінің мәдениетімен негізінен арабтар жаулап алған Испания арқылы танысты. Кордовадағы университетте араб ғалымдары ғылымның әр саласынан дәріс оқыды. Сол кездегі орасан үлкен кітапханалар осы кезге дейін сақталған. Ежелгі Грекия және Рим ғалымдары мен жазушыларының еңбектері де араб аудармалары арқылы белгілі болды.

Slide 8

Арабтар жер-жаһанды аралап, Қытай, Үндістан, Орта Азия және Қазақстан елдерінде болып, көптеген кітаптар жазып қалдырған. Батыс Еуропа елдерінде болғанда жүрген жерлерінің карталарын жасаған. Араб әдебиетінің ең үздік туындысы - бізге келіп жеткен «Мың бір түн» хикаяты. Араб поэзиясы, араб ақындарының өлеңдері күні бүгінге дейін дүние жүзі халықтарына әйгілі.

Slide 9

Ислам (араб. : إسلام‎) - әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына) [1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында«ислам» - толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб. : القرآن الكريم‎) - классикалық әдеби араб тілінде (араб. : الفصحى‎) Аллаһ тарапынан түсірілген.

Slide 10

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т. б. бар. [2] . Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар - Аллаһтың елшісі Мұхаммед

Slide 11 Slide 12

Ислам саны бойынша Христиан дінінен кейінгі дүниедегі екінші дін. 2010 жылғы зерттеу бойынша 1. 62 миллиард адам ислам дінін ұстанады, әлем жұртының 23% құрайды.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер

L. Gardet; J. Jomier. "Islam". Encyclopaedia of Islam Online.

↑ "Islam". Encyclopaedia Britannica Online.

↑ «Сахих Муслим», 1-ші хадис

↑ معنى الله في قاموس المعاني - AlMaany. com (ар. )

↑ «Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 6-шы бет. ISBN 5-94824-071-1

↑ Мынаған өту:a b c d «Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 20-шы бет. ISBN 5-94824-071-1 Дереккөз алу қатесі: Invalid tag; name "kuliev" defined multiple times with different content

↑ «Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 21-ші бет. ISBN 5-94824-071-1

Slide 14

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Ислам мәдениеті
АРАБ ОРНАМЕНТ ӨНЕРІ
САУД АРАБИЯ
Ислам дінінің қалыптасуы
Әлем халықтарының этнологиясы пәні
Қазақ философиясы туралы
Араб мұсылман философиясы
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңдері және даму тарихы
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Араб елдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz