Номинализм және реализм, концептуализм


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Номинализм және реализм, концептуализм

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

Универсалия

Номинализм және реализм

Реалистер

Концептуализм

Қорытынды бөлім:

Пайдаланылған әдебиеттер:

Slide 3

Философия тарихында жалпы ұғымның жалқы заттарға қатынасын ашып көрсетуге бағытталған пікірталас "универсалиялар" (жалпы ұғымдар) туралы ілім ретінде белгілі болды. Бұл мәселені шешу жолында схоластар көптеген шешімдер ұсынады. Олардың ішіндегі негізгілері бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарастар - номинализм және реализм еді. Реализм жалпы ұғымдар адамдардың ақыл-ойы санасынан тыс жөне тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді. Ал номинализм, керісінше, жалпы ұғымдар ("универсалиялар") адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Мысалы "жалпы адам" өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам. "Адам" деген әрбір ет пен сүйектен жаралған жалқы адамның жалқы аты. Демек, жалқысыз жалпы ұғым өз алдына дербес, санадан тәуелсіз өмір сүре алмайды.

Кіріспе

Slide 4

Универсалия

Схоластиканың пайда болуынан бастап, бүкіл орта ғасырлар бойы оның өкілдерінің арасында « универсалиялар » туралы деп аталатын дау пайда болды. Латынша “универсалис” дегеніміз - “жалпы”, “бәріне ортақ” деген мағына береді. Дау “универсалия қалай өмір сүреді?” деген сұрақ төңірегінде болды. Бірден екі қарама-қарсы жауап бөлініп шықты.

Біріншілері “универсалия шын мәнінде өмір сүреді” деп санады, сондықтан олар “реалистер” деп аталды. Екіншілері “объективті шындықта “жалпылық” жоқ, онда тек жеке құбылыстар ғана өмір сүреді” деген қорытынды жасады.

“Универсалияның орны - тіл, жалпылық тек тілде ғана бар, сөз арқылы ғана болады. Универсалия ол - зат емес, ол - атау”. Бұл топ “номиналистер” деп аталды.

Slide 5

Реализм - Ортағасырлық схоластикада орын алған философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері - Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.

Номинализм (лат. nomen - есім, атау) - ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін Ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.

Slide 6

НОМИНАЛИЗМ - ( лат. nomen- есім немесе атау ) универсализмді немесе жалпы түсінікті жоққа шығарушы, сондай-ақ, жалпы ұғымдар шын мәнінде өмірде емес, тек пайымдауларда ғана кездеседі деп көрсететін философиялық ілім. Орта ғасырларда номинализм универсалиялар тұрғысынан алғанда реализмге қарама-қайшы бағыттардың бірі болды. Бірақ та, номинализмнің негізгі тезисін Платон идеялары мен теорияларына сын айтқан ежелгі грек философы, клиник - Антисфен құрады. Табиғаттың жалпы түсініктері жайлы мәселелерге Аристотельдің берген анықтамаларын одан әрі сараптап, дамытып, нақтылы түсініктер берген - Порфирий. Осы түсініктерді латын тіліне аудармалаған Виктори мен Боэцидің арқасында, бұл мәселелер ортағасырлық ойшылдардың да назарын өзіне аударды. Марциан Капелла мен Беренгар Турский номиналистік көзқарастардың дамуына өз үлесін қосты. Өз ойын дәлелдеуге тырысқандардың бірі - Росцелин болды, оның ойынша, мәңгілік өмір сүретін және мәнділікке ие тек қана жекелеген заттар ғана, ал жалпы ұғымдар болса, ол - тек дыбыс тербелістерінде ( flatus vocis ) ғана кездесетін заттардың атауы ғана.

Slide 7

Иоанн Росцелин

Марциан Капелла

Беренгер Турский

Slide 8

Ерте орта ғасырларда номинализм Платон теориясына қарсы шығушылар реакциясы есебінде өз алдына бөлініп шықты, дәл осы кезеңде « номинализм », « номиналистер » терминдері де пайда болды.

Бірнеше теологиялық көзқарастардың номиналистік қарсылықтары шіркеу тарапынан қарсылықтар туғызып, 1092 жылы Суассон соборында номинализмді жақтаушылар жазаланды. Бірақ бұл кейінгі орта ғасырлардағы философиялық антропологияның (Генрих Гентский), психологияның (А де Серешаль), логиканың (Петр Испанский, Уильям Оккам, Жан Буридан) шеңберінде көрініс берген номиналистік идеяларды жақтаушылардың қарсылық әрекеттеріне тосқауыл бола алмады. Осы кезеңдерде номинализм философия тәрізді өз алдына жеке ғылым ретінде бөліне бастады.

Slide 9

Реалистер

Ансельм Кентерберийски - еңбегі « Неге жаратушы - адам? ». Италияда 1033-1109 жылдар аралығында өмір сүрген реализмнің көрнекті өкілдерінің бірі Ансельм Кентерберрийский өмірінің соңғы 16 жылында архиепископ болған. Ол шіркеу үстемдігі үшін саяси билікке қарсы күрескен адам. Өзінің осы мақсатты күресін саяси салада ғана емес, сонымен қатар философияда да негіздеуге тырысады. Ансельм үшін жақсылық, әдептілік, ақиқат ұғымдары адамдардың іс-әрекеттерінен тыс шынайы өмір сүреді. Демек ол реалистік бағыттың ең табанды жақтаушыларының бірі болған деген соз. Ансельм бұдан басқа, құдайдың бар екендігін дәлелдеуге тырысты. Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым пайда болмас еді. Ал құдай туралы ұғымның бар екені рас болса, демек құдайдың да бар болғаны, - дейді Ансельм. Бұның атын "құдай болмысын онтологиялық, жолмен дәлелдеу" деп атады. Ансельм өмір бойы дінбасылардың мақсат-мүдделерін қорғағаны үшін өлгеннен соң әулиелер санатына енгізілген.

Slide 10

Ансельм Кентербрийский

Slide 11

1079-1142 жылдары өмір сүрген атақты схоласт "универсалия" туралы пікірталаста сыңаржақты реализмге де, сыңаржақты номинализмге де бірдей қарсы шыққан Пъер Абеляр салиқалы реализмді уағыздады. Оның ойынша шынайы өмір сүретіндер тек жалқылықтардың өзара ортақ қасиеттері болуы мүмкін. Осы ортақ қасиеттердің негізінен "универсалиялар", жалпы ұғымдар қалыптасады. Біз көп жалқылар туралы айтатын болсақ, біздің пікіріміз, олардың атаулары - сөзге бағытталмақ. Міне, номинализмнің түпкі мәні осында. Сонымен қатар жалпы ұғымдардың да шынайылығын, ақиқаттылығын мойындау керек, себебі олар құдайдың ақыл-ойында есепте түр, әрі құдай жарататын заттардың көзқарақты үлгілері болып табылады, - дейді Абеляр.

Slide 12

Реалистер мен номиналистердің аралығында да бірнеше бағыттар болды. Солардың бірі - концептуализм. Концептуализмнің өкілдері “универсалия” өздігінен өмір сүрмейді, сонымен қатар ол тек атау ғана емес, жеке құбылыстар да жалпыға тән нәрсе, ол ұғым арқылы беріледі, (латынша “ұғым” - “концептус”), ал ұғым сөз, атау арқылы беріледі деп білді. Концептуализмнің негізгі өкілдерінің бірі - П. Абеляр. Схоластиканың айрықша танымал өкілі - Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар - томистердің (латынша Фома - Thomas) ілімінің негізі - сенім мен білімнің бірлігі. Олар “діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, дұрыс пайдаланған кезде бірін-бірі толықтырады, олар бір негізден пайда болған, бір мақсатқа апаратын екі жол” деп есептеді.

Slide 13

Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 ж. ж. ) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық - монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Париж және Кельн университеттерінде білім алады. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі - "Теология суммасы” (жиынтығы) Ф. Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф. Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф. Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:

Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті)

Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық)

Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын)

Фома Аквинский

Slide 14

Тома Аквинат - сенім мен ақылдың теориясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдамалары:

1) Сенім мен ақылдың көмегімен жүзеге асатын көптеген әдіс-тәсілдердің ортақ жақтары өте көп. Сенім де, ақыл да Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі.

2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, сенім ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі - осы тұжырымда.

3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей, бірақ, екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:

Сенім - Құдай ( Жаратушы ) туралы ілімді сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.

Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай болмысы туралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Реализмді жақтаушылар
Ортағасырлық номинализм және реализ
Араб философиясының кезеңдері
Ортағасырлық философияның схоластика кезеңі
Схоластика кезеңдері
Ортағасырлық Батыс философиясы
Диалектика немесе даму философиясы
Орта ғасырдағы мәдениет
Қазақ тілі және әдебиеті факультеті
Орта ғасыр батыс философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz